144-бап. Ата-аналардың балаларды күтіп-бағуға арналған қосымша шығыстарға қатысуы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде және ерекше жағдайлар (кәмелетке толмаған балалардың немесе көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) болған кезде сот осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға ата-аналардың әрқайсысын тартуы мүмкін.
2. Егер ата-аналардың қосымша шығыстарды көтеруге қатыстырылу тәртібі және осы шығыстардың мөлшері екіжақты келісім бойынша айқындалмаса, онда сот ата-аналардың, басқа да балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, ай сайын төленуге тиісті алиментті төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді.
3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығыстарды өтеуге де, балаларды күтіп-бағуға болашақта жасалуға тиіс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуын міндеттеуге құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы