179-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының аумағында – тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жүргізеді.
2. Ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі тиісті ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдауды және осы Кодексте көзделген мерзімдерде оларды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың тиісті тіркеуші органына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, қажет болған кезде анықтамалар беруді және табыс етуді жүргізеді.
3. Тіркеуші органның жұмыскері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері өздеріне, өздерінің жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізуге құқылы емес.
Тіркеуші органның жұмыскеріне, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкеріне, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туысына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органның басқа жұмыскері, Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің басқа қызметкері жүзеге асырады немесе басқа тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шет елдегі басқа мекемесінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы