40-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы
1. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекет білім беру ұйымдарында оқу мақсатына арналған дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары кешенін, жабдықтардың үлгілік жиынтығын, дене шынықтыру мен спорт саласындағы түрлі бейіндегі мамандарды даярлауға арналған мамандандырылған спорт ғимараттарын және мүкәммалын қамтитын материалдық-техникалық базаны нығайтуға жәрдемдеседі.
3. Спорт бойынша мамандандырылған оқу орындарында және дене тәрбиесі факультеттерінде адамдарды оқыту бюджет қаражаты, ұйымдардың қаражаты, ерікті жарналар, қайырымдылық қорлары және жекелеген адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтырушылық, жаттықтырушы-оқытушылық қызметке техникалық және кәсіптік дене шынықтыру немесе жоғары дене шынықтыру білімі бар адамдар жіберіледі.
"Қазақстан Республикасының спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" не "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атақтары, техникалық және кәсіптік немесе жоғары білімі бар, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жанындағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарынан өткен адамдар да дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтырушылық, жаттықтырушы-оқытушылық қызметке жіберіледі.
5. Спорттық жарыстар мен спорттық-бұқаралық іс-шараларға төрешілік етуге дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спорт төрешілері ретінде аттестатталған адамдар жіберіледі.
6. Спорттық медицина және бейімдік дене шынықтыру мен спорт мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.05.2020 № 395-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы