Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 58-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауға  қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

58-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауға  қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

58-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауға  қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Сертификаттау орталығы: 

      1) мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу арқылы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттауға байланысты нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмысқа қатысуға; 

      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға; 

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

      2. Сертификаттау орталығы: 

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттаудан өткізуге; 

      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) тізіліміне деректерді енгізе отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификатын беруге; 

      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) қызметін ішкі бақылау (мониторингтеу) тәртібін әзірлеуге және бекітуге; 

      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) үшін біліктілікті арттыру графигін бекітуге; 

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) анықталған бұзушылықтары туралы мәліметтерді бұзушылықтар анықталған кезден бастап сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) тізіліміне енгізуге және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге; 

      6) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын жол берілген бұзушылықтар үшін сертификатталған маманға (сарапшыға) шаралар қолдануға, оның ішінде сертификаттың қолданысын тоқтатуға; 

      7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) қызметін мониторингтеуді жүзеге асыруға; 

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 

      3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы): 

      1) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сертификаттау орталығына жүгінуге; 

      2) сертификаттау және мониторингтеу нәтижелеріне шағым жасауға; 

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы. 

      4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы): 

      1) біліктілікті арттырудан өтуге; 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы