Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 79-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау Азаматтық қорғау туралы Заңы

79-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау Азаматтық қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

79-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау Азаматтық қорғау туралы Заңы 

     1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің мамандарын, жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз ету қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшыларына жүктеледі.

      Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарға тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз ету осы ұйымдардың басшыларына жүктеледі.

      Даярлау, қайта даярлау оқытуды жүргізу және білімін кейіннен тексеру (емтихандар) арқылы жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерiн оқыту және білімін тексеру (емтихандар) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында жүргізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына аттестатталған ұйымдар оқытуды жүргізу үшін оқу жоспарын және жұмыскерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына оқыту бағдарламасын әзірлейді, бұларды өздерінің басшысы бекітеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4-тармақтың бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа кіретін, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер:

      1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер – ұзақтығы кемінде он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) техникалық басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер – ұзақтығы кемінде қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған адамдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарлама бойынша оқытуды дербес жүзеге асыра алады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5-тармақтың бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытылып, мынадай жағдайларда:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілері қолданысқа енгізілген кезде немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) егер жаңа міндеттер басшыдан немесе маманнан қауіпсіздік бойынша қосымша білімді талап ететін болса, лауазымға тағайындалған кезде немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде;

      4) жаңа жабдықты пайдалануға берген немесе жаңа технологиялық процестерді енгізген кезде;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жеткілікті түрде білмейтінін анықтаған кезде олардың талабы бойынша қайта даярлануға жатады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарының, жұмыскерлерiнің білімін тексеруді (емтихандарды) ұйымдастыруды және өткізуді өздерінің басшылары бекітілген графиктерге сәйкес қамтамасыз етеді. Білімі тексерілуге жататын адамдар графикпен танысуға тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      7-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйымдардың, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарының, жұмыскерлерінің білімін тексеруді жүргізу үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым немесе оқу ұйымы басшысының бұйрығымен (өкімімен) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады, оларды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның оқу орталығының немесе оқу ұйымының басшысы немесе басшының орынбасары басқарады.

      8. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырады.

      8-1. Өзге заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының басшылары мен мүшелері оқу ұйымының немесе қауіпті өндірістік объектінің оқу орталығының комиссиясына оқу курсы аяқталғаннан кейін тәуелсіздік қағидатын сақтай отырып, үш жылда бір рет емтихан тапсырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      9-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9. Құрамы үш адамнан кем емтихан комиссиясының білімді тексеруіне жол берілмейді.

      10. Емтихан билеттерін және (немесе) тестілеудің электрондық бағдарламаларын оқу ұйымдары әзірлейді және оны өздерінің басшылары бекітеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      11-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11. Бiлiмдi тексеру нәтижелерi хаттамалармен ресiмделедi. Бiлiмдi тексеру хаттамалары білімді кезекті тексергенге дейін сақталады.

      12. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қолын қойған, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлiк беріледi.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшыларына, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясының мүшелеріне сертификаттар беріледі.

      13. Куәлiк (сертификат) онда көрсетiлген мерзiмдер кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.

      14. Емтихан тапсырмаған адамдар бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде білімін қайта тексеруден өтеді.

      15. Емтиханды тапсырмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.

      16. Мерзiмi өткен куәліктері (сертификаттары) бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.

      17. Оқытуды ұйымдастыру жөніндегі, оның ішінде емтихан комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарға, қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдарға, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдарға жүктеледі.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ. 

      Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы