347-бап. Кедендік бақылауды жүргізуде жәрдем ету үшін мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарынан мамандарды және сарапшыларды тарту Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем ету үшін мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарының мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.
Мүше мемлекеттердің заңнамасында мұндай мамандарды немесе сарапшыларды тарту осындай заңнамаға сәйкес ресімделетін кеден органының шешімі бойынша белгіленуі мүмкін.
2. Мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарынан тартылатын мамандар мен сарапшылар мемлекеттік, коммерциялық, салықтық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге міндетті.
3. Мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарынан мамандары мен сарапшыларды тартумен байланысты шығыстар, егер кеден органдарының тапсырмасы бойынша олар орындаған жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің аясына кірмесе, осы Кодекстің 346-бабының 6-тармағында айқындалатын тәртіппен өтеледі.
2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы