432-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде маманның қатысуы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кеден органдарына жәрдем көрсету үшін, қажет болған жағдайда жекелеген әрекеттерді жасау үшін мұндай әрекеттердің нәтижесіне мүдделі емес, оның ішінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану кезінде қажет болатын арнайы білімдері мен дағдылары бар маманды тартуы мүмкін.
2. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде маман ретінде тұлғаны тарту шарттық негізде жүзеге асырылады.
3. Маманның:
1) өзі қатысатын әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты материалдармен танысуға;
2) өзі қатысқан әрекеттерді жасаудың нәтижелері бойынша ресімделетін құжаттармен танысуға және өзі жасаған әрекеттер бойынша мұндай құжаттарға енгізілуге жататын өтініштер немесе ескертулер жасауға құқығы бар.
4. Маман:
1) арнайы білімдер мен дағдыларды талап ететін әрекеттер жасауға қатысуға не осындай әрекеттерді жасауға, өзі жасап жатқан әрекеттер бойынша түсінік беруге;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді жасау фактісін, олардың мазмұны мен нәтижелерін өз қолымен куәландыруға міндетті.
5. Маман Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын ақпаратты, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты жария етпеуге, өзге де мақсаттарда пайдаланбауға, үшінші тұлғаларға бермеуге тиіс.
6. Егер кедендік бақылауды жүргізу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталса, кеден органдарының маманды тартуға байланысты туындаған шығыстары қызметіне және (немесе) тауарларына қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі. Өзге жағдайларда мұндай көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 2 шiлдедегi № 333-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау