27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы маман мен менеджерді сертификаттау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды:
1) медицина қызметкерлеріне қатысты медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган;
2) фармацевтика қызметкерлеріне қатысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган жүргізеді.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
2. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысы әрбір бес жыл сайын расталуға жатады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар адамдар мамандығы бойынша жұмыс өтілінде үш жылдан астам үзіліс болған кезде тиісті мамандық бойынша жұмысқа уәкілетті орган аккредиттеген ұйымда біліктілігін арттырғаннан, тағылымдамадан өткеннен және кәсіптік даярлығы бағаланғаннан кейін жіберіледі.
4. Денсаулық сақтау саласындағы маманның тиісті сертификаты болмаса:
1) тәлімгердің жетекшілік етуімен клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберілетін интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлерді және білім туралы танылған құжаттары бар шетелдік мамандарды қоспағанда, клиникалық практикамен айналысуға;
2) фармацевтикалық практикамен айналысуға;
3) халықтың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелеріндегі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге мемлекеттік органдардағы қызметті қоспағанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
5. Шетелдік мамандар кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен "Назарбаев Университетіне" немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарына, сондай-ақ оқыту мақсатында қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және аккредиттелген университеттік ауруханалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының базасындағы және резидентура базасындағы танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, ұлттық және ғылыми орталықтарға, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары медициналық колледждерге жіберіледі.
6. Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын уәкілетті орган бекітеді.
7. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерді сертификаттауды медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган жүргізеді және ол басқару қызметін жүзеге асыруға қарамастан қолданылады.
8. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысы әрбір бес жыл сайын расталуға жатады.
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын растауды медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган жүргізеді.
9. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
10. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру (кері қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 334-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау