197-бап. Сот отырысына куәның, сарапшының, маманның, аудармашының келмеуінің салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот iске қатысатын тұлғалардың iстi олар жоқта қарау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды және сот талқылауын жалғастыру немесе оны кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
2. Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны алмастыру мүмкiн болмаса, сот iстi талқылауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
3. Егер куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысына сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша келмесе, олар сотты құрметтемегені үшін осы Кодекстің 119 және 120-баптарында көзделген тәртіппен әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы