110-бап. Сарапшыларға, мамандарға, куәларға, аудармашыларға төленуге тиісті сомалар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сотқа келуге байланысты жұмсалған жол жүру, үй-жай жалдау бойынша шығыстары өтеледі және іссапарға жіберілген адамдар үшін белгіленген мөлшерде тәулікақы төленеді. Сарапшы мен маманға тапсырылған жұмысты орындау кезінде олар жұмсаған, оларға тиесілі химиялық реактивтердің және басқа да шығыс материалдарының құны, сондай-ақ олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтарды, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлеген ақысы да өтеледі.
2. Сотқа куә ретінде шақырылатын, жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін орны бойынша орташа жалақысы сақталады. Еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріле отырып және заңда белгіленген ең төменгі айлық жалақы мөлшері негізге алына отырып өтемақы алады.
3. Біржолғы тәртіппен тартылған сарапшылардың, сондай-ақ мамандардың қызметтік міндеттерінің аясына кірмейтін, соттың тапсырмасы бойынша орындаған жұмысы ақы төленуге жатады. Сот ақы мөлшерін тараптармен келісім бойынша айқындайды және өтінішхатты мәлімдеген тарап Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған шотқа алдын ала енгізеді.
4. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы органдары жүргізген сараптамаға төлемді өтінішхатты мәлімдеген тарап төлейді. Егер өтінішхатты екі тарап та берсе не куәны шақырту, сараптаманы тағайындау, маманды тарту соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, талап етілетін соманы тараптар тең бөліктермен төлейді.
5. Өтінішхатты мәлімдеген тарап (тараптар) не өзіне сот осындай міндетті жүктеген тарап сот сараптамасы органының, жеке сот сарапшысының сараптама жүргізгені үшін төленуге тиісті сомаларды алдын ала төлеу нысанында олардың шотына енгізеді. Сот белгілеген мерзімдерде сома енгізілмеген жағдайда, сараптама жүргізуге байланысты шығындар істің осы Кодекстің 109-бабының екінші бөлігіне сәйкес қаралу нәтижелеріне қарамастан, соттың шешімі бойынша төлемді жүзеге асырмаған (уақтылы жүзеге асырмаған) тұлғаға жүктеледі.
6. Бір тарап немесе екі тарап та шығындарды төлеуден босатылған жағдайда сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу соттың шешімінің негізінде істі қарау нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау