88-бап. Жүк жөнелтушiнi, жүк алушыны жауапкершiлiктен босату Теміржол көлігі туралы Заңы
Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы, оның ішінде əскери тасымалдарды орындау кезінде, осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа, мынадай:
1) өзiнiң алдын ала келiсiмiнсiз берiлген вагондар, контейнерлер пайдаланылмаған;
2) онкүндiктiң жекелеген күндерiнде жүктiң жол берiлген кем тиелуiн осы күнтiзбелiк онкүндiк iшiнде тасымалдаушының келiсiмiмен толтырған;
3) тығыздап тиеу нәтижесiнде вагондарды, контейнерлердi өтiнiмде көзделген мөлшерден аз пайдаланған;
4) тасымалдаушыны вагондарды, контейнерлердi пайдаланбайтыны туралы – тиейтiн күнге дейін кемінде жеті тəулiк бұрын, ал əскери тасымалдар бойынша тиейтін күні хабардар еткен жағдайларда жауапкершіліктен босатылады.
Ескерту. 88-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы.
Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы