Жұмыстан шығару туралы бұйрықты даулау қажеттігі
«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының 10-тармағына сәйкес Жұмыс берушінің актісінде Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын тоқтату үшін негіз кӛрсетілуге тиіс. Осыған байланысты соттардың жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату немесе бұзу туралы актісін жарамсыз деп танығаны және одан кейін жұмыскерді жұмысқа қайта алу мәселесін шешкені жӛн. Осы түсіндірмені басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының соттары К-тың Полиция департаментіне, сондай-ақ С-тың ІІМ Алматы академиясына лауазымдарын қалпына келтіру туралы қойған талаптарын талап қоюшылар бұйрықты жарамсыз деп тану туралы талапты мәлімдемегендіктен, талап мерзімінен бұрын мәлімделген деген негіздер бойынша қанағаттандырудан бас тартты. Бұл ретте соттар талапқоюшылардың бұйрықты даулау туралы талаппен жүгіну мүмкіндігінен айырылмағанын түсіндірді.
Осыған байланысты соттарға АПК-нің 15-бабының 3-бӛлігін басшылыққа ала отырып, әуре-сарсаңға салуды және сотқа қайта жүгінуді болдырмау мақсатында талап қоюшыларға талап қою талаптарын нақтылау және толықтыру қажеттігі туралы түсіндіруді ұсыну қажет.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
34FC~1
8 рет жүктеп алынды