50-бап. Әскери қызметтен шығарылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
1. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауру тапқан, сондай-ақ жиырма және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға бюджет қаражаты есебінен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған аурулар тізбесі бойынша көрсеткіштері болған кезде – әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету, ал жиырма бес және одан көп еңбек сіңірген жылдары барларға санаторийлік-курорттық емделу беріледі.
1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың, бөлімшелердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың тұрғылықты жерінде әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1 және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар Қарулы Күштерден шығарылған кезде, оның ішінде әскери қызмет өткерген кезеңде азаматтық мамандықтарды меңгеру мақсатында әлеуметтік бейімделумен қамтамасыз етіледі.
Әскери қызметтен шығарылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында Қорғаныс министрлігі білім беру, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді.
Әскери оқу орындарында өтеусіз негізде педагогикалық қайта даярлаудан офицерлер, аға немесе жоғары сержанттар құрамдары лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және кемінде он жыл сіңірген еңбегі бар, әскери қызметтен шығарылатын немесе шығарылған (әскери қызметке қайта кіру құқығынсыз теріс себептермен шығарылған адамдарды қоспағанда), адамдар өтуге құқылы.
3. Әскери қызметтен шығарылған адамдардың (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде әскери есепке қойылатын жерге немесе таңдалған тұрғылықты жеріне теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен бюджет қаражаты есебінен жол жүруге құқығы бар.
Әскери қызметтен шығарылған адамдарға (мерзімді әскери қызметтен, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен төленеді.
Осы тармақтың күші , резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы