Қызметкер мәліметтерді бермегені немесе бұрмалағаны үшiн жұмыстан шығарылуы мүмкін
«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес қызметкер осы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені немесе бұрмалағаны үшiн жұмыстан шығарылуы мүмкін.
Заңның 6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес құқық қорғау қызметіне: сотталғандығы бар немесе болған не қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бӛлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік, әскери қызметтен, ӛзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан теріс себептер бойынша шығарылған, сондай-ақ судья ӛкілеттігін теріс себептер бойынша тоқтатқан адам қабылданбайды (қолданыстағы редакция).
бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бӛлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, ӛзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам қабылданбайды (ескі редакция).
А. 2006 жылы ішкі істер органдарына қызметке қабылданды. 2021 жылғы 10 тамыздағы бұйрықпен талап қоюшы оның қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтерді ұсынбағаны үшін құқық қорғау органдарынан шығарылды.
Талап қоюшы қызметке түскен кезде қолданыста болған ҚазақстанРеспубликасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет ӛткеруi туралы 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 Ереженің 5-тармағына сәйкес ішкі істер органдарына бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершіліктен ақтауға болмайтын негіздер бойынша босатылған адамдар қабылданбайды Талап қоюшының 2006 жылы қызметке түскен кезінде бұрын сотталғандардың және қылмыстық жауаптылықтан босатылғандардың ішкі істер органдарына түсуіне кедергі келтіретін заң талаптары болмағаны туралы уәждері негізсіз деп танылды.
Осылайша, талап қоюшыны қызметке қабылдау кезінде «Ішкі істер органдары туралы» Заңның редакциясы (бастапқыда - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Жарлығы) қолданылды, онда 15-баптың 10-тармағында бұрын сотталған және ақтауға болмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған адамдарды ІІО қызметіне қабылдау мүмкін еместігі де кӛзделгенМұндай жағдайларда жергілікті соттардың талап қоюшы мәлімдеген талаптардың негізсіздігі туралы тұжырымдары дұрыс деп танылды (Ӛскемен қалалық сотының 2021 жылғы 4 қазандағы шешімі және апелляциялық сатыдағы соттың 2022 жылғы 5 қаңтардағы қаулысы). Жоғарғы Сот судьясының қаулысымен сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы ӛтінішхатты кассациялық сатыға беруден бас тартылды (2022 жылғы 28 ақпандағы 3г-184)«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 16) тармақшасымен жұмыстан шығарылған қызметкерлер ӛз ӛтінішхаттарында тәртіптік жауаптылыққа тарту мерзімі ӛтіп кеткені туралы дәлелдер келтіреді.
Осыған байланысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 1-бабы 15) тармақшасының мазмұнынан тәртіптік теріс қылықты құқық қорғау органдарының жұмыцс істейтін қызметкері ғана жасай алатынын ескеру қажет, ал Заңның 6-бабында құқық қорғау қызметіне тұру шарттары кӛзделеді.
«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 29-тармағына сәйкес Қызметке кiру кезiнде жоғарыда аталған мәліметтерді кӛрсетпеу немесе қасақана бұрмалап кӛрсету тәртіптік теріс қылық ретінде бағаланбайды, осыған орай осындай жұмыскермен еңбек қатынастарын тоқтатқан кезде тәртіптік жазаның ескіру мерзімін қолдануға жол берілмейді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
34FC~1
8 рет жүктеп алынды