139-бап. Әскери қызметшілерді, ғарышкерлікке кандидаттарды, ғарышкерлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін, құқық қорғау органдарының , азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлерін, сондай-ақ әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдар қызметінен босатылған азаматтарды әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету - әскери-медициналық (медициналық) көмекті ұйымдастыру мен көрсетуді, медициналық қарап-тексерулер жүргізуді, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықтауды, денсаулық сақтау саласында сараптама жүргізуді, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік қабілеті мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында әскерлердегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының , азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері мен ведомстволарындағы әскери медицина бойынша ғылыми-әдістемелік әзірлемелер мен оқытуды қамтитын іс-шаралар кешені.
2. Әскери қызметшілерді, ғарышкерлікке кандидаттарды, ғарышкерлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының , азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін, құқық қорғау органдарының зейнеткерлерін, сондай-ақ әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдар қызметінен босатылған азаматтарды әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу, әскери-медициналық (медициналық) көмек көрсету, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықтау тәртібі әскери қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде медициналық көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасында тіркелген және тізбесін қорғаныс саласындағы мемлекеттік орган бекітетін әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың) дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттарды пайдалануға жол беріледі.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық көмек алуға құқылы.
2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы