42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы
1. Судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу теріс қылық анықталған күннен бастап – бір жылдан кешіктірілмей және теріс қылық жасалған күннен бастап екі жылдан кешіктірілмей басталуы мүмкін.
Судьяның тәртіптік теріс қылық анықталған күннен кейін дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақыты осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерге қосылмайды.
1-1. Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықтың бұзылу фактісі анықталған, судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі жөніндегі ұсынуды шығарған күн судьяның сот ісін қарау кезінде заңдылықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс қылық анықталған күн болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күн осындай теріс қылық жасалған күн болып есептеледі.
Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы енгізілген күн немесе судья әдебі жөніндегі комиссияның судьяның судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасау фактісін анықтаған шешім шығарған күні судья әдебіне қайшы келетін тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал осындай теріс қылық жасалған күн немесе кезең оның жасалған күні болып есептеледі.
Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы енгізілген, лауазымдық міндеттерді тиісінше орындамау фактісін анықтаған облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының шешімдер қабылдаған күні соттар төрағаларының, соттардың сот алқалары төрағаларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал соттар төрағаларының, соттардың сот алқалары төрағаларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған күні немесе кезеңі осындай теріс қылықтың жасалған күні болып есептеледі.
Егер тәртіптік теріс қылық жасалған күн уақыт кезеңімен айқындалатын болса, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерді есептеу кезең аяқталғаннан кейінгі келесі күннен бастап жүзеге асырылады.
2. Тәртiптiк iс жүргізу қызметтік тексеру және судьяның дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақытын есептемегенде, басталған күнінен бастап екi ай мерзiмде аяқталуға тиiс.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы