66-бап. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
1. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік теріс қылық жасауының алдын алу, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік қызметшілерге қатысты қолданылады.
2. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау туралы мәселені қарау үшін мынадай мән-жайлардың:
1) тәртіптік теріс қылық жасаудың;
2) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың;
3) жеке және (немесе) заңды тұлғалар жолданымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпараттың;
4) құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдар жолданымдарының болуы негіз болады.
3. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары:
1) профилактикалық әңгімелесу;
2) жазбаша ескерту;
3) мемлекеттік қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындауы үшін қажетті мемлекеттік қызметшінің құзыреттерін тексеру;
4) мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына қатысты жеке ұсынымдар;
5) профилактикалық есепке алу және мониторингтеу.
4. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары тәртіптік жазалармен бірге не тәртіптік жауаптылықты болғызбайтын немесе жеңілдететін мән-жайлар болған жағдайларда бөлек қолданылуы мүмкін.
Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адамның шешімі бойынша қолданылады.
Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Мемлекеттік органдардың тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары жөніндегі қызметін үйлестіруді және оларды есепке алуды әдеп жөніндегі уәкілдер жүзеге асырады.
Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын мемлекеттік қызметшіге қатысты қолдану туралы мәліметтер мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалауды жүргізу, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану кезінде ескерілуі мүмкін.
6. Тәртіптік теріс қылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған кезде уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшесі, әдеп жөніндегі уәкіл тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адамның қарауына міндетті осы себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдар енгізеді. Ұсынымдарды қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы ақпарат бір ай мерзімде беріледі.
7. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларын мемлекеттік қызметшілерге қатысты қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау
_________________________
-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 290-VIII ҚРЗ 22026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңын қабылдаумен
66-бап. Мемлекеттiк қызметті өткерудiң өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы
Мемлекеттiк қызметті өткерудің осы Заңда реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарында, уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде регламенттеледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы