Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығару

Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығару

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығару 

Құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұмыстан шығарудың жиі қолданылатын негіздерінің бірі – «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығару. 

Осы негіз бойынша жұмыстан шығарылған қызметкерлердің дауларын дұрыс шешу үшін қызметтік тәртіптің кез келген бұзылуы қызметкерді жұмыстан шығаруға негіз бола бермейтінін ескеру қажет. Заң шығарушы қызметтік тәртіпті қандай бұзушылықтарды өрескел бұзушылықтарға жатқызғанын нақты анықтау қажет. 

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер – заңнамалық актілер болып табылмайтын, заңнамалық және иерархия бойынша өзінен жоғары тұрған өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде және (немесе) оларды орындау және (немесе) одан әрі іске асыру мақсатында шығарылатын нормативтік құқықтық актілер. 

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 7-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне жатады. 

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қағидалар нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне жатады. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрдегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен біртұтас бүтін құрайды. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №246 бұйрығымен (Заңға өзгерістер енгізілгенге дейін қолданыста болған) Заңды іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызметін тоқтатқан қызметкерлерді ІІО кадрларынан шығару қағидалары» (бұдан әрі – №246 Қағидалар) бекітілген. 

№246 Қағидалардың 24-тармағына сәйкес қызметкерлерді ІІО-дан жұмыстан шығару туралы бұйрықтарда Заңның 80-бабы 1-тармағында көзделген жұмыстан шығару негіздері көрсетіледі. 

№246 Қағидалардың 14-тармағында қызметтік тәртіпті өрескел бұзушылықтардың түпкілікті тізбесі көзделген: дәлелді себепсіз бір жұмыс күні ішінде қатарынан үш және одан да көп сағат жұмыста болмау; қызметке алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде (олардың аналогтарында) келу, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күй туғызатын заттарды (олардың аналогтарын) қолдану; ІІО қызметкерінің қызметте де, қызметтен тыс уақытта да көлік құралын алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде (олардың аналогтарында) басқаруы. 

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаттардың бірінде «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы бойынша жұмыстан шығарылған қызметкердің талап қою талаптары қанағаттандырылған болатын. Қарағанды облысы Полиция департаментінің өкілі мынадай уәждер келтірген: «қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген (№246 Қағидалардың 14-тармағында көзделген) бұзушылықтар ғана өрескел болып табылмайды. Полиция қызметкерлерінің қызметінде еңбек шартын бұзуға болатын көптеген әрекеттер мен әрекетсіздіктер бар. Яғни, жоғарыда көрсетілген өрескел бұзушылықтардың тізбесі түпкілікті болып табылмайды». 

Сонымен бірге, мұндай уәждерді негізді деп тануға болмайды, өйткені мұндай жағдайда құқық қорғау органының басшысы қызметтік тәртіптің кез келген бұзушылығын өз қалауы бойынша өрескел деп тани алады, бұл қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. 

Департаменттің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылды. 

№136-VII Заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылды: 

«Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуға қызметкердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы немесе орындамауы, егер бұл әрекеттер (әрекетсіздік) қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса; мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге, оның ішінде ереуілдерге қатысу; қызметкердің қызметте алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуы, оның ішінде жұмыс күні ішінде осындай масаң күйді туғызатын заттарды қолдануы; қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған қызметтік ақпаратты қызмет мүдделеріне зиян келтіре отырып жария ету жатады». 

Осылайша, қазіргі уақытта өрескел бұзушылықтардың тізбесі заңмен белгіленген. 

Дәлелді себепсіз бір жұмыс күні ішінде қатарынан үш және одан да көп сағат қызметте болмау жұмыстан шығарудың дербес негізі ретінде бөлініп көрсетілген («Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 19) тармақшасы), ал көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару; қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) психотроптық, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін анықтау бойынша медициналық куәландырудан өтуден бас тартуы құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылықтардың тізбесіне енгізілген. 

Жалпылауға келіп түскен істерді талдау көрсеткендей, соттар «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы бойынша жұмыстан шығарылған бұрынғы қызметкерлердің дауларын негізінен дұрыс шешкен. 

Сонымен бірге, заңды дұрыс қолданбау жағдайлары да орын алған. 

Мәселен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 сәуірдегі қаулысымен (3гп-104) Павлодар облысы соттарының К.-ның Павлодар облысы ҚАЖД-ға жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қоюы бойынша іс жөніндегі сот актілері күшін жойды. 

Іс бойынша К. АП-162/10 мекемесі кадр саясаты тобының кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі инспекторы лауазымын атқарғаны анықталды. 

2020 жылғы 8 желтоқсанда мекеме бастығының міндетін атқарушы талап қоюшыға өзінің жеке автокөлігімен сотталған Н. және М.-ны Екібастұз қаласына алып жүруді ауызша тапсырған. Осы сапар барысында сотталған Н. ұрлық жасаған. 

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы бойынша К. «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы бойынша жұмыстан шығарылған. Оған, оның ішінде сотталғандарға тиісінше бақылау жүргізбеді деген кінә тағылған. 

Талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, жергілікті соттар сотталған адамды алып жүру кезінде К.-ның тиісінше бақылау жүргізбеуі қызметтік тәртіпті бұзу болып табылады және оны тәртіптік жауаптылыққа тартуға негіз болады деген қорытындыға келген. 

Сот актілерінің күшін жойып, К.-ның талабын қанағаттандыра отырып, Жоғарғы Соттың сот алқасы №246 Қағидалардың 14-тармағына сілтеме жасап, қызметтік тергеп-тексеру қорытындысында, тәртіптік комиссияның шешімінде және жұмыстан шығару туралы бұйрықта жасалған қызметтік тәртіп бұзушылығының мәні мен сипатының толық баяндалуы болмағанын көрсетті. Жергілікті соттар талап қоюшының №246 Қағидаларда көрсетілген әрекеттерді жасағанын анықтамаған. 

Бұдан басқа, талап қоюшының қызметтік міндеттеріне сотталғандарға бақылау жасау кірмеген, демек, соттар лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді талап қоюшының тиісінше орындамағанын анықтамаған. Сондай-ақ сотталғандардың мекеме аумағынан тыс жерге шығуына рұқсат беру кезінде жауапкердің өзі жол берген бірқатар бұзушылықтар анықталған. 

Соттылық

 Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 26-бабына сәйкес, осы санаттағы азаматтық істер аудандық және оларға теңестірілген соттарда қаралады. 

М. Шығыс Қазақстан облысының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ-не жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қоюмен жүгінген. 

Өскемен қалалық сотының 2021 жылғы 26 тамыздағы ұйғарымымен талап қою істің мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа соттылығына байланысты қайтарылған. 

Апелляциялық сатыдағы сот төмендегі негіздер бойынша сот ұйғарымының күшін жоюға жатады деп есептеген. 

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 102-бабының 2-бөлігіне сәйкес, соттарға жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар соттылығы бойынша жатады. ӘРПК-нің 3-бабы 7-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес, іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды. 

Жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар – бұл жария-құқықтық қатынастардың, билік пен бағыныстылық қатынастарының субъектілері арасындағы, бір тараптың екінші тарапқа қатысты жария өкілеттіктерге ие болуымен сипатталатын даулар. 

Ал М. мәлімдеген талаптың нысанасы – еңбек шартын бұзу туралы бұйрыққа дау айтуға, бұрынғы лауазымына жұмысқа қайта орналастыруға, жалақы мен моральдық зиянды өтеуді өндіріп алуға байланысты еңбек дауы. 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының осы мәселе бойынша ұстанымын дұрыс деп тану қажет. 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы да осындай ұстанымды ұстанады. Оның 2022 жылғы 18 тамыздағы қаулысымен (6ап/431) Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы ұйғарымы және Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 12 қаңтардағы ұйғарымы күшінде қалдырылған. 

Аталған сот актілерімен ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасы негізінде М.-ның «Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытындыны және тәртіптік комиссияның шешімін заңсыз деп тану туралы талап қоюы қайтарылған, өйткені іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды. 

Жергілікті соттардың сот актілерін күшінде қалдыра отырып, кассациялық сатыдағы сот төмендегіні көрсетті. 

ӘРПК-нің 4-бабының 9) тармақшасының ережелеріне сәйкес, әкімшілік талап қою (талап қою) – жария-құқықтық қатынастардан туындайтын бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында сотқа берілген талап. 

Шағым жасалған қорытынды мен тәртіптік комиссияның шешімі мемлекеттік органның жария-құқықтық қатынастар шеңберінде қабылданған өкімдік актілері болып табылмайды, талап қоюшы үшін құқықтар мен міндеттер туындатпайды және ұсынымдық сипатқа ие. 

Бұдан бөлек, талап қоюшы атқарып отырған лауазымынан жұмыстан шығару туралы бұйрыққа дау айту кезінде аталған құжаттар сот актілерінде дәлелдемелер ретінде бағалау нысанасы болған. 

Осы санаттағы даулардың соттылығы АПК-нің 29-бабында белгіленген жалпы қағидалар бойынша айқындалады, яғни талап қоюлар жауапкердің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ҚР) тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күшін жою жөнінде К.-ның талап қоюы бойынша Өскемен қалалық сотының шешімінің күшін жойған. Себебі іс жауапкердің Астана қаласындағы орналасқан жері бойынша қаралуға тиіс болған. 

АПК-нің 30-бабының 12-бөлігіне сәйкес, бірнеше жауапкерге қатысты талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша жауапкерлердің біреуінің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін. 

Е. ҚР Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі полиция департаменті» РММ-не және «Қандыағаш станциясындағы полиция бөлімі» ММ-не бұйрықтың күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. 

Мұғалжар аудандық сотының ұйғарымымен іс жауапкер – Көліктегі полиция департаментінің орналасқан жері бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотына соттылығы бойынша жіберілген. 

Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күшін жоя отырып, апелляциялық сот іс бойынша екінші жауапкер талап қоюшымен еңбек қатынастарында тұрған «Қандыағаш станциясындағы полиция бөлімі» ММ болып табылатынын көрсеткен. Осыған байланысты талап қоюды жауапкерлердің біреуінің орналасқан жері бойынша беру талап қоюшының құқығы болып табылады. 

Мемлекеттік баж 

Салық кодексінің 616-бабының 1) тармақшасына сәйкес, соттарда мемлекеттік баж төлеуден еңбекке ақы төлеу сомаларын өндіріп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша талап қоюшылар босатылады. 

Демек, бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою, бұрынғы лауазымына жұмысқа қайта орналастыру және мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін жалақыны өндіріп алу, өзге де төлемдерді (төленбеген жалақыны, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және т.б.) өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап қоюшы мемлекеттік баж төлемейді. 

Бұл ретте еңбек заңнамасында моральдық зиянды өтеуді өндіріп алу мүмкіндігі көзделмегенін ескеру қажет. Мұндай талаптарды қанағаттандырған кезде соттар Жоғарғы Соттың «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 14-тармағына сәйкес ҚР Конституциясының 24-бабын және ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 47-тарауының нормаларын (951, 952-баптар) басшылыққа алады. 

Демек, моральдық зиянды өтеуді өндіріп алу туралы талап қамтылған талап қою арыздары бойынша мүліктік емес сипаттағы талап ретінде мемлекеттік баж айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 50 пайызы мөлшерінде алынады. 

АПК-нің 117-бабына сәйкес, талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот шығындарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне мөлшерлес мемлекет кірісіне өндіріп алынады. 

Жоғарғы Соттың «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 16-тармағына сәйкес, мемлекеттік баж мөлшерлемесі талап қоюшының жеке немесе заңды тұлға болуына қарай айқындалады. 

Осыған байланысты жалақыны өндіріп алу туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда жауапкерден талап қою сомасының 1 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж мемлекет кірісіне, сондай-ақ мүліктік емес сипаттағы барлық талаптар бойынша АЕК-тің 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынуға жатады. 

АПК-нің 109-бабына сәйкес, шешім пайдасына шығарылған тарапқа сот істі қарауға байланысты өзі шеккен барлық сот шығыстарын екінші тараптан өндіріп береді. 

Заңды тұлғаның қызметкерге материалдық залалды өтеу туралы талап қоюы қанағаттандырылған жағдайда, қызметкерден талап қоюшы төлеген талап қою сомасының 3 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж талап қоюшының пайдасына өндіріп алынуға жатады. 

ҚР Конституциялық Сотының 2023 жылғы 22 ақпандағы №3 нормативтік қаулысымен Салық кодексінің 610-бабының 2-тармағындағы «осындай даулар бойынша әкімшілік талап қою, талап қою арызын (арызды) берген кезде» деген сөздер бөлігіндегі ережелер ҚР Конституциясының 13-бабының 2-тармағына және 14-бабына сәйкес келмейді деп танылған, өйткені олар әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға конституциялық құқығын шектейді және кемсітеді. 

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 наурыздағы №213-VII ҚРЗ Заңымен Салық кодексінің 610-бабына өзгерістер енгізіліп, 2-тармақ мынадай редакцияда жазылды: 

«Арбитраж шешімдерінің күшін жою және арбитраж шешімдерін және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері бойынша ұйғарымдарға, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдері мен қаулыларына кассациялық тәртіппен сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж осы баптың 1-тармағында өтініш беруші субъект үшін белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады». 

Осыдан материалдық залалды өтеу туралы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берілген кезде жауапкер-қызметкерден жеке тұлғалар үшін белгіленген тиісті мемлекеттік баж мөлшерлемесінің 50 пайызы, яғни талап қою сомасының 3 пайызы емес, 1 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынатыны туындайды. 

Дауды сотқа дейін реттеу тәртібі және сотқа жүгіну мерзімі 

Еңбек кодексінің 159-бабында жеке еңбек дауын келісу комиссиясының қарауы арқылы шешудің міндетті сотқа дейінгі тәртібі көзделген. 

Сонымен бірге, аталған нормада бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. 

Осы Кодексте айқындалған тәртіппен жеке еңбек дауларын қарау үшін келісу комиссиясын құру туралы талап Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттелетін, бірақ Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктері бар жекелеген санаттағы қызметкерлерге, оның ішінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдарға, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды. 

Осылайша, заңнамада мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбек дауларын шешудің сотқа дейінгі тәртібі көзделмеген. 

А. Шығыс Қазақстан облысының «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не бұйрықтың күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. 

Өскемен қалалық сотының 2021 жылғы 25 наурыздағы ұйғарымымен АПК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасы негізінде талап қою қайтарылған. 

Сот талап қоюды қайтаруды даудың жауапкердің келісу комиссиясында қаралуға жататындығымен негіздеген. 

Сот ұйғарымына шағым жасалмаған. Алайда Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы өз талдауында дұрыс атап өткендей, аталған ұйғарым Еңбек кодексінің 159-бабы 1-тармағының талаптарына қайшы келеді. 

Алматы облыстық соты өзгеше ұстаным білдірді. 

Қонаев қаласы сотының 2022 жылғы 17 тамыздағы ұйғарымымен С.-ның Қонаев қаласының (Қапшағай) әкіміне жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қоюы АПК-нің 279-бабының 1) тармақшасы негізінде қараусыз қалдырылған. 

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 16 қарашадағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған. 

Соттар өз шешімдерін Еңбек кодексінің 159-бабының 1 және 2-тармақтарының мәні бойынша дауларды келісу комиссиясында міндетті түрде қарау көзделгенімен негіздеген. Бұл ретте соттар келісу комиссиясын құру туралы талаптың мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайтынын ескермеген. 

Павлодар облыстық соты заңнамалық деңгейде құқық қорғау органдарында келісу комиссияларын құруды көздеуді ұсынады. Бұл ұжым ішінде туындаған жанжалдарды қысқа мерзімде жергілікті жерде шешуге мүмкіндік береді. 

Алайда мұндай ұсыныс даулы болып көрінеді, өйткені «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 4-бабына сәйкес, құқық қорғау қызметінің арнайы қағидаттарының бірі – дара басшылық және субординация (бағыныстылық) қағидаты. Бұл құқық қорғау органының қатардағы қызметкерлері мен басшыларынан паритеттік негізде келісу комиссиясын құру мүмкіндігін жоққа шығарады.

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 4-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі – жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімдерін бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төмен тұрған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілрінің міндетті түрде орындауы.

 Мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін дауды сотқа дейін шешудің міндетті тәртібі ретінде жоғары тұрған лауазымды адамдарға бағыныстылық тәртібімен, жоғары тұрған органдарға жүгіну тәртібін енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының ұсынысымен келісуге болады.

 Қазіргі уақытта мұндай құқық балама ретінде көзделген («Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 15-бабының 11) тармақшасы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 61-бабының 5-тармағы).

 Еңбек кодексінің 160-бабына сәйкес, осы Кодекске сай жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясына жүгінбей-ақ сотқа жүгінуге құқығы бар еңбек қатынастарының қатысушылары үшін мынадай мерзімдер белгіленген:

 жұмысқа қайта орналастыру туралы даулар бойынша – еңбек шартын тоқтату туралы жұмыс беруші актісінің көшірмесі табыс етілген немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап үш ай;

 басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскердің, оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болған адамның өз құқығының бұзылғанын білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл.

 Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы бұйрығымен С. ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған. 2022 жылғы 11 ақпанда талап қоюшы сотқа жүгінген.

 Петропавл қаласының №2 сотының 2022 жылғы 11 наурыздағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.

 Бірінші сатыдағы сот талап қоюшының Еңбек кодексінің 160-бабының 1) тармақшасында көзделген сотқа жүгіну мерзімін дәлелді себептерсіз өткізіп алғаны туралы негізді қорытындыға келген.

 Орал қаласының №2 сотының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен өзгеріссіз қалдырылып, Ж.-ның «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-не жұмысқа қайта орналастыру туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылған.

 Талап қоюшы 2017 жылғы 24 ақпандағы бұйрықпен жұмыстан шығарылуына дау айтқан. Алдын ала сот отырысында жауапкердің өкілі талап қою мерзімін қолдану туралы өтінішхат мәлімдеген. Талап қоюшы мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерін растайтын дәлелдемелер ұсынбаған. Бұл мән-жай талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуға негіз болған.

 Талап қою мерзімін қалпына келтіруге негіздердің бар-жоғын шешу кезінде АК-нің 185-бабын басшылыққа алу қажет деген Батыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасының пікірімен келісу қажет.

 Нормативтік база

 Жалпыланатын санаттағы істерді қарау кезінде қолданылуға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер:

 Қазақстан Республикасының Конституциясы;

 Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім); Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – АК);

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №377-V Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI ҚРЗ Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі);

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы (бұдан әрі – «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң);

 Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы №380-IV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы (бұдан әрі – «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң);

 Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі №199-V ҚРЗ «Ішкі істер органдары туралы» Заңы;

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі;

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы, онымен мемлекеттік қызметшілер қызметін бағалауды жүргізу қағидалары мен мерзімдері; ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары; мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары бекітілген;

 Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулылары: 2023 жылғы 6 наурыздағы №4 «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы»; 2023 жылғы 22 ақпандағы №3 «Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 610-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы мен 2-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы».

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары:

 2017 жылғы 6 қазандағы №9 «Еңбек дауларын шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы»;

 2015 жылғы 27 қарашадағы №7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы»;

 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы»;

 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №9 «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы».

 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №246 «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы (бұдан әрі – №246 бұйрық).

 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы №830 бұйрығымен күші жойылған.

 

 

 

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуы бойынша Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығару

Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуы бойынша Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығаруҚұқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығарудың жиі қолданылатын н...

Толық оқу »

49-бап. Қызметтен шығару Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

49-бап. Қызметтен шығаруҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызметкерлерді қызметтен шығару мынадай негіздер бойынша:      1) қызметте...

Толық оқу »

26-бап. Әскери қызметтен шығару Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

26-бап. Әскери қызметтен шығаруӘскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы     1. Әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару мынадай негіздер бойынша: 1) әск...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзу туралы баяндама жұмыс орнында қызметкердің болмауы

Еңбек тәртібін бұзу туралы баяндама жұмыс орнында қызметкердің болмауыНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әр...

Толық оқу »

66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы Кодекстің 65-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттарыҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы    1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолданудың негізі болып...

Толық оқу »

62-бап. Қызметтік тәртіп Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

62-бап. Қызметтік тәртіпҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызметтік тәртіп – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген н...

Толық оқу »

43-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

43-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы Ескерту. 43-бап алып тасталды - Қ...

Толық оқу »

32-бап. Әскери қызметшiнің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнайы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың өздері әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

32-бап. Әскери қызметшiнің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнайы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың өздері әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін...

Толық оқу »

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайды

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайдыҚұқық қорғау органының бе...

Толық оқу »

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тәртіптік жаза қолдану туралы қаулыларын заңсыз деп тану туралы

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тәртіптік жаза қолдану туралы қаулыларын заңсыз деп тану туралы№6001-24-00-6ап/3265, 2025 жылғы 03 маусымТалапкер: К. К. және К. С.Жауапкер...

Толық оқу »

67-бап. Тәртіптік комиссияның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

67-бап. Тәртіптік комиссияның функциялары мен өкілеттіктеріҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Тәртіптік комиссия мынадай функцияларды:...

Толық оқу »

41-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

41-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы Ескерту. 41-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.16 № 5...

Толық оқу »

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілік...

Толық оқу »

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назар...

Толық оқу »

Қызметтік тергеп-тексеру және тәртіптік комиссияның жұмыс тәртібі

Қызметтік тергеп-тексеру және тәртіптік комиссияның жұмыс тәртібіҚызметтік тергеп-тексеру жүргізу тәртібі және тәртіптік комиссияны қалыптастыру мен оның жұмыс тәртібі Мемлеке...

Толық оқу »

Еңбек даулары қызметкерге қатысты қылмыстық қудалауды дәлелденбеген негіз бойынша тоқтату мұндай қызметкерді тәртіптік жауаптылықтан босатпайды

Еңбек даулары қызметкерге қатысты қылмыстық қудалауды дәлелденбеген негіз бойынша тоқтату мұндай қызметкерді тәртіптік жауаптылықтан босатпайдыИ.сотқа "Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту ҚР

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сізд...

Толық оқу »

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойыншаҚа...

Толық оқу »

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар  бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 45-бабына сәйкес Тәртіптік жаза теріс...

Толық оқу »

63-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

63-бап.Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепілдіктер Қаз...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.Бұдан бұрын «Сы...

Толық оқу »

42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу тері...

Толық оқу »

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлеріҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Құқық қорғау органдарындағы тәртіптік жа...

Толық оқу »

58-1-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

58-1-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібіҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы тәртіптік ком...

Толық оқу »

58-бап. Қызметтік тәртіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

58-бап. Қызметтік тәртіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік органдардың актілерін...

Толық оқу »

65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағда...

Толық оқу »

Тәртіптік комиссияның шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы, басқарманың шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тәртіптік комиссияның шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы, басқарманың шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы05.01.2023 ж. №6001-22-00-6ап/1287Талапкер: Б. А....

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тартты

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тарттыСот алқасының 2016 жылғы 12 мамырдағы қаулысымен...

Толық оқу »

134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғ...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарау

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарауТәртіптік жазаларды қолдану тәртібі ТК-нің 65-...

Толық оқу »

54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіп Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіпҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Қызметкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасында, құқық қорғау органдары басшыл...

Толық оқу »

9-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

9-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Судья тәртіптік теріс қы...

Толық оқу »

Қызметтік сәйкестіктің толық предупреждстігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Мемлекеттік аудит бұйрығының күшін жою және заңсыз деп тану туралы еңбек даулары

Қызметтік сәйкестіктің толық предупреждстігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Мемлекеттік аудит бұйрығының күшін жою және заңсыз деп тану туралы еңбек даул...

Толық оқу »

47-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК тәртіптік әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мазмұны

47-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК тәртіптік әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мазмұны 1. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау шақыру бойынша мерзімді әскери қы...

Толық оқу »

32-бапқа түсініктеме. Әскери қызметшінің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнаулы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылығы

32-бапқа түсініктеме. Әскери қызметшінің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнаулы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының Әкімшілі...

Толық оқу »

Тәртіптік жауапкершілікке тарту

Тәртіптік жауапкершілікке тарту"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабында Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік т...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек даулары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек дауларыАтап өтетін жайт, аталған істер бойынша талаптардың ныс...

Толық оқу »

Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, жұмыста қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, сондай-ақ ақшалай мәнде моральдық зиянды өтеу туралы бұйрықтың күшін жою

Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, жұмыста қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, сондай-ақ ақшалай мәнде моральдық зиянды өте...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)Жұмыс берушінің бұйрығымен 2022 жылғы 18 шілдеде...

Толық оқу »

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді ақтайтын негіздер бойынша тоқтату қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығармайды

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді ақтайтын негіздер бойынша тоқтату қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығармайдыКӛкшетау облыстық соты мысал ретінде С...

Толық оқу »

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбi

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбiҚазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 73-бабында тәртiптiк жазаларды қолдану...

Толық оқу »

Еңбек даулары жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен жасалған шарт тәртіптік жазасы бар бұзылуы мүмкін

Еңбек даулары жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен жасалған шарт тәртіптік жазасы бар бұзылуы мүмкінЕңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 16-тармақшасына және 53-баб...

Толық оқу »

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 50-бабы...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралыҚазақстан Республикас...

Толық оқу »

39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және...

Толық оқу »

66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібіҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Тəртіптік комиссия теріс қылық жас...

Толық оқу »

Тергеушіні тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі бұйрықтан үзінді көшірме беру туралы өтініш сұрау салу

Тергеушіні тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі бұйрықтан үзінді көшірме беру туралы өтініш сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды ос...

Толық оқу »

Жол берілген бұзушылықты толық көлемде жою және бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру және оған қолданылған тәртіптік жауапкершілік шараларын жою және оның мүшелігін қалпына келтіру

Жол берілген бұзушылықты толық көлемде жою және бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру және оған қолданылған тәртіптік жауапкершілік шараларын...

Толық оқу »

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындыларына, тәртіптік комиссиялардың шешімдерін және Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдерін

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындыларына, тәртіптік комиссиялардың шешімдерін және Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдерін даулауАталған барлық актілерде, әдетте, мемлекеттік қызме...

Толық оқу »

71-бап. Қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі олардың құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

71-бап. Қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі олардың құқықтарының кепілдіктеріҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызм...

Толық оқу »

42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық з...

Толық оқу »

Әрекетсіздікке жол берген үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуы туралы

Әрекетсіздікке жол берген үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуы туралыШымкент қ., Полиция ДепартаментіТұран аудандық Полиция Басқармасынын Тергеу бөлiмiнiң бастығынаСДТБТ: №26...

Толық оқу »

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкінӘрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін (Еңб...

Толық оқу »

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданыладыД.2011 жылдың басында оның ат...

Толық оқу »

Ұсыну нысанындағы прокурорлық ден қою актісі ұсынымдық сипатта болады Заңмен тәртіптік жазаны түпкілікті қолдану тиісті мемлекеттік органның нақты лауазымды адамына жүктеледі.

Ұсыну нысанындағы прокурорлық ден қою актісі ұсынымдық сипатта болады Заңмен тәртіптік жазаны түпкілікті қолдану тиісті мемлекеттік органның нақты лауазымды адамына жүктеледі....

Толық оқу »

64-бап. Тәртіптік жаза қолдану және оның мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

64-бап.Тәртіптік жаза қолдану және оның мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап бір айд...

Толық оқу »

66-бап. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

66-бап.Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ет...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағ...

Толық оқу »

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Егер судья жаза қолданылған күннен ба...

Толық оқу »