Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар  бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар  бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар  бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері


«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабына сәйкес Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды. 
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін осы Заңда кӛзделген тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды. 

Қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан, бірақ адамның іс-әрекеттерінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда кӛзделген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілері болған жағдайда тәртіптік жаза қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.

М. сотқа «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-ге (бұдан әрі - Басқарма) тәртіптік жаза қолдану туралы 2021 жылғы 13 қазандағы бұйрықтың күшін жою туралы талап қоюмен жүгінді.

Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 9 ақпандағы қаулысымен ӛзгеріссіз қалдырылған Қостанай қалалық сотының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 25 мамырдағы қаулысымен жергілікті соттардың сот актілерінің күшіжойылды, іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

Іс бойынша М. Басқарма басшысының міндетін атқарғаны анықталды.2021 жылғы 16 шілдеде Қостанай кӛлік прокуратурасы Қостанай облысының әкімі аппаратының атына М. қатысты тәртіптік іс қозғау туралы қаулыны жолдады.

Қостанай облысы әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 328 бұйрығымен комиссия құрылып, ол 2021 жылғы 3-10 қыркүйек аралығында қызметтік тергептексеру жүргізді. Комиссияның 2021 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысымен еңбек инспекторы М. ӛзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны анықталды.

2021 жылғы 16 қыркүйекте талап қоюшыға қатысты қызметтік тергептексеру материалдары бірыңғай тәртіптік комиссияның отырысында қаралды.

Басқарма басшысының 2021 жылғы 13 қазандағы бұйрығымен М. сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ӛз талаптарын негіздеу үшін талап қоюшы тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімі бұзылғанын кӛрсетті.

Осы дәлелді жоққа шығара отырып, бірінші сатыдағы сот талапқоюшыны «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабында кӛзделген тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімі аяқталған жоқ деген тұжырыммен ғана шектелді.

Апелляциялық сатыдағы сот тәртіптік жаза аталған Заңда белгіленген мерзімдер шегінде, яғни теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай шегінде қолданылғанын кӛрсетті.

Сонымен бірге, теріс қылық жасалған күн ғана емес, оның анықталған күні де маңызды.Бұдан басқа, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабының 4-тармағына сәйкес Тәртіптік жауаптылық туралы мәселені қарау және тәртіптік жазаны қолдану мерзімінің ӛтуі осы баптың 3-тармағында кӛрсетілген жағдайларда, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу не әкімшілік іс жүргізу кезеңінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығы мәселесін шешуге әсер ететін сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Тәртіптік жазаны қолдану мерзімінің ӛтуі прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін қарау кезеңіне де тоқтатыла тұрады және осы акт бойынша шешім қабылданған күннен бастап қайта басталады. Іс материалдарынан тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы қаулыны прокурор шығарып, оны 2021 жылғы 16 шілдеде Қостанай облысы әкімінің аппаратына жолдағаны туындайды.

Жаза 2021 жылдың 13 қазанында ғана қолданылған. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабының 3-тармағында кӛзделген тәртіптік жаза қолдану мерзімінің ӛтуін тоқтата тұру үшін негіздер іс бойынша анықталмаған. Прокурордың қаулысы бойынша қызметтік тергеп-тексеру 2021 жылғы 3-10 қыркүйек аралығында тағайындалды және жүргізілді. Яғни, теріс қылық анықталған сәттен бастап (2021 жылғы 16 шілдеде) минус 8 күн - прокурорлық қадағалау актісін қарау кезеңі, бұйрық шығарылған күнге дейін – 2021 жылғы 13 қазанда бір айдан астам уақыт ӛтті.

Мұндай жағдайларда талап қоюшының талабы қанағаттандырылуға жатады.

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты Т. Бұланды ауданының әкіміне қойған тәртіптік жаза туралы ӛкімнің күшін жою туралы талабын қарап, ӛзге тұжырымға келді.

Талап қоюшы ӛз талаптарын негіздеу үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімінің бұзылғанына да сілтеме жасады.Мәселен, іс материалдарынан 2021 жылғы 27 қазанда аудан әкімінің атына әкімнің орынбасары Т. жетекшілік ететін ТКШ бӛлімінің жұмысында жол берілген бұзушылықтар туралы прокурордың ұсынуы келіп түскені туындайды.
Қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу әкімнің ӛкімімен 2021 жылдың 29 қарашасында ғана тағайындалып, 2021 жылдың 30 қарашасында аяқталды. Қызметтік тергеп-тексеру материалдары 2021 жылғы 6 желтоқсанда тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Т. сӛгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ӛкім 2021 жылғы 10 желтоқсанда шығарылған.

Талап қоюшыға талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, сот оның теріс қылық анықталған күн прокурордың ұсынысы келіп түскен күн –2021 жылғы 27 қазан екендігі туралы уәждерімен келіспейді, бірақ соттың пікірінше, қай күн теріс қылық анықталған күн екенін кӛрсетпеген. Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 71-1-тармағына (бұрынғы 44-тармақ) сәйкес уәкілетті адамға мемлекеттік қызметшінің теріс қылық жасағаны жӛнінде белгілі болған күн тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып саналады. 

Талап қоюшының қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы ӛкім шығарылған кезде тәртіптік жауапкершіліке тарту мерзімі ӛтіп кеткені туралы уәждерін жоққа шығара отырып, сот Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру тағайындау мерзімі белгіленбегенін кӛрсетті.

Шынында да, сол кезде қолданыста болған Қағидалардың редакциясында қызметтік тергеп-тексеру тағайындау мерзімі айтылмаған. Алайда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабының 1 және 2-тармақтарында кӛзделген тәртіптік жауаптылыққа тарту мерзімдерін есептеудің жалпы қағидаларын және осы мерзімдерді тоқтата тұрудың негіздерін ескеру қажет (осы баптың 4-тармағы).

Талап қоюшыға талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, бірінші сатыдағы сот Бұланды ауданы әкімінің атына жеке ұйғарым шығарды, онда қолданыстағы заңнамамен адамды тәртіптік жауаптылыққа тартудың нақты мерзімдері белгіленгеніне қарамастан, әкім аппараты қызметкерлерінің салғырттығынан түсініктеме тек 2021 жылғы 26 қарашада алынғаны, қызметтік тергеп-тексеру формальды түрде жүргізілгенін атап кӛрсетілді.

Тараптар сот актілеріне шағымданған жоқ.Мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімдерін сақтау туралы мәселені шешу кезінде мынадай мән-жайға назар аудару қажет.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 57-бабының 10-тармағында тәртiптiк жаза тәртіптік терiс қылық мәлiм болған күннен бастап бiр айдан және тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылатыны туралы да норма қамтылған. Осы Заңда кӛзделген, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны және қызметтік тәртіпті ӛрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды. 

Бұл ретте кӛрсетілген норманың 11-тармағына сәйкес қызметкерге қатысты қызметтік тергеп-тексеру не сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген немесе сот қараған әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісқозғалған жағдайларда, кінәлінің ауырғанына байланысты жұмыста болмауы немесе демалыста, іссапарда болуы уақытын есептемегенде, тиісінше тергептексеру аяқталған, қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы процестік шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тәртіптік жазалау қолданылады. 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда тәртіптік жаза қызметтік тергептексеру аяқталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылатыны туралы осындай норма жоқ. Демек, мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік жаза «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабының 4-тармағында кӛзделген негіздер бойынша мерзімді тоқтата тұру мүмкіндігін ескере отырып, теріс қылық анықталған күннен бастап бір (үш) айдан кешіктірілмей қолданылуы тиіс.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу

  • 34FC~1
    81 рет жүктеп алынды

Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуы бойынша Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығару

Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуы бойынша Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығаруҚұқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығарудың жиі қолданылатын н...

Толық оқу »

49-бап. Қызметтен шығару Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

49-бап. Қызметтен шығаруҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызметкерлерді қызметтен шығару мынадай негіздер бойынша:      1) қызметте...

Толық оқу »

26-бап. Әскери қызметтен шығару Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

26-бап. Әскери қызметтен шығаруӘскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы     1. Әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару мынадай негіздер бойынша: 1) әск...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзу туралы баяндама жұмыс орнында қызметкердің болмауы

Еңбек тәртібін бұзу туралы баяндама жұмыс орнында қызметкердің болмауыНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әр...

Толық оқу »

66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы Кодекстің 65-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттарыҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы    1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолданудың негізі болып...

Толық оқу »

62-бап. Қызметтік тәртіп Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

62-бап. Қызметтік тәртіпҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызметтік тәртіп – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген н...

Толық оқу »

43-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

43-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы Ескерту. 43-бап алып тасталды - Қ...

Толық оқу »

32-бап. Әскери қызметшiнің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнайы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың өздері әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

32-бап. Әскери қызметшiнің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнайы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың өздері әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін...

Толық оқу »

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайды

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайдыҚұқық қорғау органының бе...

Толық оқу »

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тәртіптік жаза қолдану туралы қаулыларын заңсыз деп тану туралы

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің тәртіптік жаза қолдану туралы қаулыларын заңсыз деп тану туралы№6001-24-00-6ап/3265, 2025 жылғы 03 маусымТалапкер: К. К. және К. С.Жауапкер...

Толық оқу »

67-бап. Тәртіптік комиссияның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

67-бап. Тәртіптік комиссияның функциялары мен өкілеттіктеріҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Тәртіптік комиссия мынадай функцияларды:...

Толық оқу »

41-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

41-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы Ескерту. 41-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.16 № 5...

Толық оқу »

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілік...

Толық оқу »

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назар...

Толық оқу »

Қызметтік тергеп-тексеру және тәртіптік комиссияның жұмыс тәртібі

Қызметтік тергеп-тексеру және тәртіптік комиссияның жұмыс тәртібіҚызметтік тергеп-тексеру жүргізу тәртібі және тәртіптік комиссияны қалыптастыру мен оның жұмыс тәртібі Мемлеке...

Толық оқу »

Еңбек даулары қызметкерге қатысты қылмыстық қудалауды дәлелденбеген негіз бойынша тоқтату мұндай қызметкерді тәртіптік жауаптылықтан босатпайды

Еңбек даулары қызметкерге қатысты қылмыстық қудалауды дәлелденбеген негіз бойынша тоқтату мұндай қызметкерді тәртіптік жауаптылықтан босатпайдыИ.сотқа "Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту ҚР

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сізд...

Толық оқу »

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойыншаҚа...

Толық оқу »

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс...

Толық оқу »

63-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

63-бап.Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепілдіктер Қаз...

Толық оқу »

42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу тері...

Толық оқу »

58-1-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

58-1-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібіҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы тәртіптік ком...

Толық оқу »

58-бап. Қызметтік тәртіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

58-бап. Қызметтік тәртіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік органдардың актілерін...

Толық оқу »

65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағда...

Толық оқу »

Тәртіптік комиссияның шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы, басқарманың шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Тәртіптік комиссияның шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы, басқарманың шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы05.01.2023 ж. №6001-22-00-6ап/1287Талапкер: Б. А....

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тартты

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тарттыСот алқасының 2016 жылғы 12 мамырдағы қаулысымен...

Толық оқу »

134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғ...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарау

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарауТәртіптік жазаларды қолдану тәртібі ТК-нің 65-...

Толық оқу »

54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіп Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіпҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Қызметкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасында, құқық қорғау органдары басшыл...

Толық оқу »

9-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

9-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Судья тәртіптік теріс қы...

Толық оқу »

Қызметтік сәйкестіктің толық предупреждстігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Мемлекеттік аудит бұйрығының күшін жою және заңсыз деп тану туралы еңбек даулары

Қызметтік сәйкестіктің толық предупреждстігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Мемлекеттік аудит бұйрығының күшін жою және заңсыз деп тану туралы еңбек даул...

Толық оқу »

47-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК тәртіптік әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мазмұны

47-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК тәртіптік әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мазмұны 1. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау шақыру бойынша мерзімді әскери қы...

Толық оқу »

32-бапқа түсініктеме. Әскери қызметшінің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнаулы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылығы

32-бапқа түсініктеме. Әскери қызметшінің, прокурордың және тәртіптік жарғылардың не арнаулы ережелердің күші қолданылатын өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының Әкімшілі...

Толық оқу »

Тәртіптік жауапкершілікке тарту

Тәртіптік жауапкершілікке тарту"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабында Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік т...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек даулары

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін тәртіптік жаза тарту туралы бұйрықтарға дау айту туралы еңбек дауларыАтап өтетін жайт, аталған істер бойынша талаптардың ныс...

Толық оқу »

Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, жұмыста қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, сондай-ақ ақшалай мәнде моральдық зиянды өтеу туралы бұйрықтың күшін жою

Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы, жұмыста қалпына келтіру және мәжбүрлі жұмыстан босатылған уақыт үшін жалақыны өндіріп алу, сондай-ақ ақшалай мәнде моральдық зиянды өте...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)Жұмыс берушінің бұйрығымен 2022 жылғы 18 шілдеде...

Толық оқу »

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді ақтайтын негіздер бойынша тоқтату қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығармайды

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді ақтайтын негіздер бойынша тоқтату қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығармайдыКӛкшетау облыстық соты мысал ретінде С...

Толық оқу »

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбi

Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбiҚазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 73-бабында тәртiптiк жазаларды қолдану...

Толық оқу »

Еңбек даулары жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен жасалған шарт тәртіптік жазасы бар бұзылуы мүмкін

Еңбек даулары жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен жасалған шарт тәртіптік жазасы бар бұзылуы мүмкінЕңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 16-тармақшасына және 53-баб...

Толық оқу »

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 50-бабы...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралыҚазақстан Республикас...

Толық оқу »

39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және...

Толық оқу »

66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібіҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Тəртіптік комиссия теріс қылық жас...

Толық оқу »

Тергеушіні тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі бұйрықтан үзінді көшірме беру туралы өтініш сұрау салу

Тергеушіні тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі бұйрықтан үзінді көшірме беру туралы өтініш сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды ос...

Толық оқу »

Жол берілген бұзушылықты толық көлемде жою және бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру және оған қолданылған тәртіптік жауапкершілік шараларын жою және оның мүшелігін қалпына келтіру

Жол берілген бұзушылықты толық көлемде жою және бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру және оған қолданылған тәртіптік жауапкершілік шараларын...

Толық оқу »

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындыларына, тәртіптік комиссиялардың шешімдерін және Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдерін

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындыларына, тәртіптік комиссиялардың шешімдерін және Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдерін даулауАталған барлық актілерде, әдетте, мемлекеттік қызме...

Толық оқу »

71-бап. Қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі олардың құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

71-бап. Қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі олардың құқықтарының кепілдіктеріҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызм...

Толық оқу »

42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық з...

Толық оқу »

Әрекетсіздікке жол берген үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуы туралы

Әрекетсіздікке жол берген үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуы туралыШымкент қ., Полиция ДепартаментіТұран аудандық Полиция Басқармасынын Тергеу бөлiмiнiң бастығынаСДТБТ: №26...

Толық оқу »

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкінӘрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін (Еңб...

Толық оқу »

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданыладыД.2011 жылдың басында оның ат...

Толық оқу »

Ұсыну нысанындағы прокурорлық ден қою актісі ұсынымдық сипатта болады Заңмен тәртіптік жазаны түпкілікті қолдану тиісті мемлекеттік органның нақты лауазымды адамына жүктеледі.

Ұсыну нысанындағы прокурорлық ден қою актісі ұсынымдық сипатта болады Заңмен тәртіптік жазаны түпкілікті қолдану тиісті мемлекеттік органның нақты лауазымды адамына жүктеледі....

Толық оқу »

64-бап. Тәртіптік жаза қолдану және оның мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

64-бап.Тәртіптік жаза қолдану және оның мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап бір айд...

Толық оқу »

66-бап. Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

66-бап.Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ет...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағ...

Толық оқу »

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Егер судья жаза қолданылған күннен ба...

Толық оқу »

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлеріҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Құқық қорғау органдарындағы тәртіптік жа...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.Бұдан бұрын «Сы...

Толық оқу »