Қызметтік тергеп-тексеру және тәртіптік комиссияның жұмыс тәртібі
Қызметтік тергеп-тексеру жүргізу тәртібі және тәртіптік комиссияны қалыптастыру мен оның жұмыс тәртібі Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында айқындалған.
Қағидаларға соңғы ӛзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен енгізілгенін ескеру қажет. Атап айтқанда, 45-тармақ мынадай редакцияда жазылды: «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік теріс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер мемлекеттік әкімшілік қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамға (бұдан әрі – уәкілетті адам) жасалған теріс қылық туралы мәлімет келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті адамның актісімен тағайындалады.».
Сонымен бірге Қағидалардың 35, 37, 47-тармақтарына назар аударған жӛн, оған сәйкес, егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi ӛзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуге тиiс.
Жасағаны үшін лауазымын тӛмендету, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту және атқаратын лауазымынан босату түрiнде тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін тәртіптік теріс қылықтар бойынша қызметтiк тергеп-тексеру жүргізу және Комиссияның ұсынымдарының болуы міндетті.
Персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамдар қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу туралы акті шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде қызметтiк тергеп-тексеруді жүргiзедi.
Осылайша, бүгінгі күні қолданылып жүрген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары бойынша қызметтік тергеп-тексеру теріс қылық жасалғаны туралы мәліметтер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тағайындалуы және он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс. Бұл ретте қызметтік тергеп-тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауаптылыққа тарту мерзімі тоқтатылмайды (прокурорлық ден қою актілерін қарау кезеңін қоспағанда), демек, қызметтік тергеп-тексеру тәртіптік жаза қолданудың сол бір айлық (үш айлық) мерзімі шегінде тағайындалуға және жүргізілуге тиіс.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
34FC~1
533 рет жүктеп алынды