Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуы бойынша Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығару
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығарудың жиі қолданылатын негіздерінің бірі - «Құқық қорғау қызметі туралы»Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген -қызметтік тәртіпті өрескел бұзу болып табылады.
Осы негізде жұмыстан шығарылған қызметкерлердің дауларын дұрыс шешу үшін қызметкер қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін жұмыстан шығарыла алмайтынын ескеру қажет, заң шығарушы қызметтік тәртіпті қандай бұзушылықтарды ӛрескел деп санайтынын нақты анықтау қажет.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер – заңнамалық және сатысы бойынша ӛзге де жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлердің негiзiнде және (немесе) оларды орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық актілер болып табылмайтын ӛзге де нормативтiк құқықтық актiлер.
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 7-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне жатады.
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ереже нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне жатады. Туынды түрдегі нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiртұтастықты құрайды.
Заңды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №246 (Заңға ӛзгерістер енгізілгенге дейін қолданыста болған) бұйрығымен «Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадрынан шығару қағидалары» (бұдан әрі – № 246 қағидалар) бекітілген.№ 246 қағидалардың 24-тармағына сәйкес қызметкерлерді ІІО-дан босату туралы бұйрықтарда Заңның 80-бабының 1-тармағында кӛзделген жұмыстан шығару негіздері кӛрсетіледі.
№ 246 қағидалардың 14-тармағында қызметтік тәртіпті ӛрескел бұзушылықтардың толық тізбесі кӛзделген: бір жұмыс күнінің ішінде үш және одан да кӛп сағат жұмыстан себепсіз қалу; алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық (оларға ұқсас) мас күйінде қызметке келу, соның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық (оларға ұқсас) мас күйінде болуға әкелетін заттарды қабылдау; ІІО қызметкерінің қызметте және қызметтен тыс уақытта алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық (оларға ұқсас) мас күйінде кӛлік құралын басқаруы жатады.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасымен жұмыстан шығарылған қызметкердің талап қою талаптары қанағаттандырылған апелляциялық сатыдағы сот қаулысын қайта қарау туралы ӛтінішхаттардың бірінде Қарағанды облысы полиция департаментінің ӛкілі мынадай уәждер келтіреді - «қазіргі кезде жоғарыда кӛрсетілген (№246 қағидалардың 14-тармағында) бұзушылықтар ғана ӛрескел болып табылмайды. Полиция қызметкерлерінің қызметінде еңбек шартын бұзуғаболатын кӛптеген әрекеттер мен әрекетсіздіктер бар. Яғни, жоғарыда кӛрсетілген ӛрескел бұзушылықтардың тізімі толық емес».
Сонымен қатар, мұндай уәждерді негізді деп тануға болмайды, ӛйткені мұндай жағдайда құқық қорғау органы басшысының қалауы бойынша қызметтік тәртіпті кез келген бұзу ӛрескел деп танылуы мүмкін, бұл қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін.Департаменттің ӛтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылды.№ 136-VII Заңмен ӛзгерістер енгізілгеннен кейін «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы мынадай мазмұндағы 2-1-тармақшамен толықтырылды: «Қызметтік тәртіпті ӛрескел бұзуға қызметкердің қызметтік міндеттерін адамның ӛмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келген тиісінше орындамауы немесе орындамауы, егер бұл әрекеттер (әрекетсіздік) қылмыстық жауаптылыққа алып келмесе; ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысу, қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде қызметте болуы, оның ішінде жұмыс күні ішінде осындай масаңдануды тудыратын заттарды тұтынуы, қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты ӛзіне мәлім болған, қызмет мүдделеріне зиян келтірген қызметтік ақпаратты жария етуі жатады.».
Осылайша, қазіргі кезде ӛрескел бұзушылықтардың тізюесі заңмен айқындалған.Қызметкердің бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да кӛп сағат бойы дәлелсіз себеппен қызметте болмауы жұмыстан шығару үшін дербес негіз ретінде («Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 19) тармақшасы), ал алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде кӛлік құралын басқару; қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) психотроптық және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін медициналық куәландырудан бас тартуы құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар тізбесіне енгізілген.
Қорытуға келіп түскен істерді талдау соттар «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасымен жұмыстаншығарылған бұрынғы қызметкерлердің дауларын негізінен дұрыс шешкенін кӛрсетті.Сонымен қатар, Заңның дұрыс қолданылмау жағдайлары да орын алған.Мәселен, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 сәуірдегі қаулысымен К. жұмысқа қайта алу туралы Павлодар облысының ҚАЖД-іге қойған талабына қатысты іс бойынша Павлодар облысы сот актілерінің күші жойылды.
Іс бойынша К. АП-162/10 мекемесінің кадр саясаты тобының кәсіптік, қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жӛніндегі инспекторы лауазымын атқарғаны анықталды.2020 жылғы 08 желтоқсанда талап қоюшыға мекеме бастығының міндетін атқарушы сотталған Н. және М. Екібастұз қаласына жеке автокӛлігімен апару тапсырылған. Осы сапар барысында Н. ұрлық жасайды.Қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы бойынша К. «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасымен жұмыстан шығарылады. Оған, оның ішінде сотталғандарды тиісті түрде қадағаламаған деген айып тағылады.
Талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, жергілікті соттар К. сотталғанды алып жүру кезінде тиісті қадағаламауы қызметтік тәртіпті бұзу және оны тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады деген қорытындыға келді.Сот актілерінің күшін жойып, К-тің талабын қанағаттандыра отырып, Жоғарғы Соттың сот алқасы № 246 қағидалардың 14-тармағына сілтеме жасай отырып, қызметтік тергеп-тексеру қорытындысында, тәртіптік комиссияның шешімінде және жұмыстан шығару туралы бұйрықта қызметкер жасаған қызметтік тәртіпті бұзушылықтың мәні мен сипаты толық жазылмағанын кӛрсетті. Талап қоюшы К-тің № 246 қағидалардасанамаланған әрекеттерді жасағанын жергілікті соттар анықтамаған.
Сонымен қатар, талап қоюшының қызметтік міндеттерінің шеңберіне сотталғандарды қадағалау кірмеген, сондықтан соттар талап қоюшыныңлауазымдық нұсқаулықта кӛрсетілген міндеттерді тиісінше орындамағанын анықтаған жоқ. Сондай-ақ сотталғандардың мекемеден тыс жерлерге шығуына рұқсат беру кезінде жауапкердің ӛзі жіберген бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
34FC~1
23 рет жүктеп алынды