134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғандарға:
1) күн сайын ұзақтығы бiр сағат сейілдеуге рұқсат етіледі;
2) кездесуге, телефон арқылы сөйлесуге, тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға, камерада темекі шегуге, сондай-ақ жатын орынды күндізгі уақытта пайдалануға тыйым салынады.
2. Жазалау тәртiбiмен жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандардың:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға жазасын өтеу кезеңінде тапқан қаражатынан төрт айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға;
2) күн сайын ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқығы бар.
3. Тәртіптік изоляторға жабылған немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандар басқа сотталғандардан жеке жұмыс iстейдi.
4. Сотталғандарды тәртіптік изоляторлардан немесе жалғыз адамдық камералардан мекемелерде орналасқан медициналық ұйымға, сондай-ақ өзге де медициналық денсаулық сақтау ұйымына ауыстырған жағдайда, олардың сонда болу мерзімі жазаны өтеу мерзімінің есебіне жатқызылады.
Ескерту. 4-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай: қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Мүгедектігі бар сотталғандарды ұстауға арналған тәртіптік изоляторлардағы камералар мен жалғыз адамдық камералар арнаулы техникалық құралдармен жабдықталады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы