67-бап. Тәртіптік комиссияның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы
1. Тәртіптік комиссия мынадай функцияларды:
1) қызметкердің теріс қылықтары туралы қызметтік тексеру материалдарын қарауды;
2) жазалар түрлерін қолдану мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді және уәкілетті басшыға енгізуді жүзеге асырады.
2. Тәртіптік комиссия өз құзыреті шегінде функцияларды іске асыру мақсатында мыналарға:
1) теріс қылық жасаған қызметкердің, куәгерлердің және қызметтік тексеру жүргізген лауазымды тұлғалардың түсініктерін тыңдауға;
2) материалдар, ақпарат сұратуға және теріс қылыққа (оқиғаға) қатысты кез келген фактілерді зерттеуге құқылы.
3. Тәртіптік комиссияның төрағасы:
1) тәртіптік комиссияны басқарады, оның жұмысына басшылық жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2) тәртіптік комиссия отырыстарының күн тәртібін айқындайды;
3) қызметтік тексеру материалдары келіп түскен кезде тәртіптік комиссия отырысының уақытын айқындайды. Тәртіптік комиссияның төрағасы болмағанда оның уәкілеттік етуі бойынша отырыстарда тәртіптік комиссия мүшелерінің біреуі төрағалық етеді;
4) тәртіптік комиссияның отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны айқындайды.
4. Тәртіптік комиссияның хатшысы:
1) тәртіптік комиссия мүшелерін тәртіптік комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
2) тәртіптік комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) тәртіптік комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
4) тәртіптік комиссияның ұсыныстарын басшыға жібереді;
5) тәртіптік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 6. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 7. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 8. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 9. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы