66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы
1. Тəртіптік комиссия теріс қылық жасаудың мəн-жайларын жан-жақты, толық жəне объективті түрде анықтау жəне оны жасаған адамды жазалау шарасы туралы ұсынымдар шығару мақсатында, қызметкердің теріс қылығына қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау жəне фактілерді зерттеу үшін арнаулы мемлекеттік органдарда құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Тəртіптік комиссияның мүшелері бөлімшенің жеке құрамының жиналыстарында неғұрлым тəжірибелі жəне беделге ие офицерлер арасынан ашық дауыс беру арқылы сайланады. Тəртіптік комиссия мүшелерінің саны тақ болуға жəне кемінде үш адам болуға тиіс, олардың біреуі төраға болып табылады.
3. Тəртіптік комиссияның құрамы уəкілетті басшының бұйрығымен бекітіледі. Тəртіптік комиссияның төрағасы болып уəкілетті басшы орынбасарларының біреуі тағайындалады. Бөлімшенің кадр аппаратының өкілі хатшы болып тағайындалады. Тəртіптік комиссияның хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
4. Уəкілетті басшылар мен олардың орынбасарларының теріс қылықтары арнаулы мемлекеттік органның тəртіптік комиссияларында қаралады. Жоғары офицерлердің теріс қылықтары – жоғары офицерлер қатарынан ғана тұратын тəртіптік комиссияда, аға офицерлердің теріс қылықтары аға офицерлер қатарынан тұратын тəртіптік комиссияда қаралады.
5. Тəртіптік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Тəртіптік комиссияның отырыстары тəртіптік комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі, бірақ кемінде үш адам болған кезде құқықты болады. Тəртіптік комиссияның мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
6. Тəртіптік комиссияның мүшелері отырыстың өткізілетін күні, орны, оның күн тəртібі туралы отырысқа дейін хабардар етілуге жəне отырыс материалдарымен таныстырылуға тиіс.
7. Тəртіптік комиссияның мүшесі өз бастығының, жақын туысының немесе жекжатының теріс қылығына қатысты, сондай-ақ егер тəртіптік комиссия мүшесінің тиісті шешім қабылдауға тікелей немесе жанама мүдделілігі бар деп пайымдауға негіздер болса, қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарауға жəне фактілерді зерттеуге қатысуға құқылы емес.
8. Тəртіптік комиссияның мүшелеріне қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау барысында өздеріне белгілі болған мəліметтерді жария етуге тыйым салынады.
9. Тəртіптік комиссияның отырысына өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкердің қатысуы міндетті.
Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкер тəртіптік комиссияның отырысына дəлелсіз себеппен келмеген жағдайда, бұл факт тəртіптік комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкердің тəртіптік комиссияның отырысына дəлелсіз себеппен келмеуі жаза қолдану туралы шешім қабылдау үшін кедергі болмайды.
10. Тəртіптік комиссия теріс қылыққа қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарайды жəне фактілерді зерттейді. Тəртіптік комиссия өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкердің жəне қызметтік тергеп-тексеруді жүргізген уəкілетті лауазымды адамдардың түсініктемелерін тыңдауы мүмкін.
Қажет болған кезде, тəртіптік комиссияның куəлар мен мамандарды тыңдауға, теріс қылыққа (оқиғаға) қатысты материалдарды сұратуға жəне кез келген фактіні зерттеуге құқығы бар.
11. Тəртіптік комиссияның ұсыныстары тəртіптік комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тəртіптік комиссияның мүшелері өз пікірін айқын айтуға жəне дауыс беру кезінде қалыс қалмауға міндетті.
Дауыстар тең болған кезде төрағаның даусы шешуші болып табылады.
12. Тəртіптік комиссия қызметтік тергеп-тексеру материалдары келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде басшыға қызметкердің тəртіптік жауаптылығы туралы тиісті ұсыныстар енгізеді.
Тəртіптік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тəртіптік комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшы қол қояды.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы