Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбi
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 73-бабында тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбi белгіленген. Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес, жұмыс берушi тәртiптiк жазаны қолданғанға дейiн қызметкерден жазбаша түсiнiктеме талап етуге мiндеттi. Қызметкердiң жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартуы тәртiптiк жаза қолдануға кедергi жасай алмайды. Қызметкер аталған түсiнiктеменi беруден бас тартқан жағдайда тиiстi акт жасалады. Проблема-егер қызметкер түсінік беруден бас тартса, ал ол жөнінде Акт толтырылмаса, немесе ол Акт белгілі бір себептермен дұрыс толтырылмаған болса, тәртіптік жаза заңсыз қолданылған деп тануға жатады ма? Аталған баптың үшінші бөлігіне сәйкес, жұмыс берушi тәртiптiк жазаның түрiн айқындау кезiнде жасалған тәртiптiк терiс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, қызметкердiң оның алдындағы және одан кейiнгi тәртiбiн, еңбекке деген көзқарасын ескеруге тиiс. Проблема-егер қызметкерге тәртіптік жаза қолданған кезде аталған бапта көрсетілген мән-жайларды жұмыс беруші ескермегенін сот анықтаса, тәртіптік жаза заңсыз қолданылған деп түсінуге болады ма? Қызметкердiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi кезінде тәртіптік жаза қолдануға болмайды. Проблема-егер қызметкер өзіне тәртіптік жаза қолданған кезде, сотқа талап арыз берген кезде, шешімге апелляциялық, кассациялық шағымдар берген кезде өзінің жұмыстан шығарған кезде еңбекке уақытша қабілетсіз болғанын жасырып, тек кассациялық сот алқасының мәжілісінде өзінің еңбекке уақытша жарамсыздық парағын табыс етсе, ол қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта орналастыруға болады ма? Сот тәжірибесінде қызметкерлер жұмыс беруші оларға қатысты қызметтік тексеру тәртібін бұзғанын, қызметтік тексеру материалдарымен таныстырмағанын,тәртіптік комиссияның отырысына қатыстырмағанын көрсетіп, осындай негіздермен бұрынғы жұмысына қайта орналастыруды талап етуде.
Еңбек шарты бойынша Жұмыс берушiнің тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбi
Кейбір жағдайларда талапкерлердің осындай уәждері сотта қуатталып та жатады. Алайда іс жүзінде тәртіптік жазаны тағайындау кез келген тәртібінің бұзылуы қызметкерді жұмысына қайта орналастыруға негіз бола алмайтыны белгілі. Сондықтан Еңбек кодексінде немесе Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында тәртіптік жазаны қолданудың, жұмыстан босатудың нақты қандай тәртіптері бұзылған жағдайда тәртіптік жаза заңсыз қолданылған деп тануға, қызметкер бұрынғы жұмысына қайта орналастыруға жататыны анық атап көрсетілсе, соттардың еңбек дауларын шешуін едәуір жеңілдетер еді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы