71-бап. Қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі олардың құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы
1. Қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тартуға:
1) теріс қылық фактісі болмаған жағдайда;
2) егер оның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) құқыққа қарсы болып табылмаса;
3) дәл сондай тәртіптік теріс қылық үшін қайтара;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптік жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі кезінде;
4-1) ол еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезеңде;
4-2) ол еңбек демалысында немесе іссапарда болған кезеңде;
4-3) ол даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған жағдайда;
5) қызметтен шығаруға байланысты оны жеке құрам тізімінен шығарған жағдайда жол берілмейді.
2. Қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрықпен келіспеген жағдайда, ол осы бұйрыққа арнаулы мемлекеттік органның жоғары тұрған бөлімшесіне, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жазбаша нысанда шағым жасауға құқылы.
3. Алып тасталды - ҚР 29.06.2020 № 351-VІ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Арнаулы мемлекеттік органның жоғары тұрған бөлімшесінің басшысы шағымды қараудың нәтижелері бойынша бір ай мерзімде мынадай:
1) қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрықты өзгеріссіз қалдыру туралы;
2) қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы осы Заңның талаптары бұзыла отырып шығарылған бұйрықты жою және заңсыз жазаны қолданған уәкілетті басшыны жауаптылыққа тарту туралы;
3) егер жаза осы Заңның талаптары сақтала отырып шығарылса, бірақ жасалған теріс қылықтың ауырлығына сәйкес келмесе, неғұрлым қатаң жаза қолдану туралы жаңа бұйрық шығару туралы шешімдердің біреуін шығаруға міндетті.
5. Жаза қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын тоқтата алмайды.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы