Бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті шығару туралы талап арыз сотта қаралған кезде жауапкердің өзін адал сатып алушы деп тану туралы қарсы талап арыз ұсынуы талап етілмейді
Талапкер С. жауапкерлер - З., Н., Ж., Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті, Оңтүстік Қазақстан облысының Сәулет құрылыс департаменті, «Шымкент қаласының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарсы сотқа талап арыз беріп, мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін, жердің мемлекеттік актілерін, олардың тіркелуін, даулы үйді жалға алу туралы тілхатты, жерді сату үшін берілген сенім хатты, үйді қабылдау актісін, үй құжаттарының түпнұсқаларын жарамсыз деп тануды сұраған. Н. қарсы талап арызында өзін адал сатып алушы деп тануды сұраған. Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен С.-ның талап арызы толық қанағаттандырылып, дауланған мәмілелер, қолхат, сенім хат, үйді қабылдау актісі, жауапкерлерге берілген мемлекеттік актілер, олардың тіркеулері жарамсыз деп танылған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз, жауапкер Н.-ның талаптарын қанағаттандырусыз қалдырған. Кассациялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімінің және апелляциялық сот алқасы қаулысының күшін жойып, С.-ның талап арызын қанағаттандырусыз қалдырған. Н.-ның талап арызын қанағаттандыру жөнінде жаңа шешім қабылдаған. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығында іс бойынша кассациялық сот алқасы қабылдаған қаулының күшін жойып, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілерін өзгертіп, Н.-ның өзін адал иеленуші деп тануды сұраған өтініші бойынша істі өндірістен қысқартып, қалған бөлігінде бірінші және апелляциялық сатыдағы сот актілерін өзгеріссіз қалдыруды сұраған. Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасы прокурордың наразылықты қолдаған қорытындысын, С.-ның өкілінің наразылықты қолдаған уәждерін, З. мен Н.-ның сенімді өкілінің наразылыққа қарсы пікірін тыңдап, азаматтық істі зерттеп, наразылықты ішінара қанағаттандыру туралы қаулы қабылдады. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әріАІЖК) 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Іс бойынша мұндай кемшіліктерге жол берілген. Іс құжаттарына қарағанда, 2005 жылғы 22 шілдеде М. мен С.-ның арасында Шымкент қаласы Қазақбаев көшесінде орналасқан тұрғын үйді 1 000 000 теңгеге сатып алу – сату жөнінде шарт жасалған. 2010 жылғы 2 тамыздағы сатып алу-сату жөнінде шарт негізінде М. даулы үйді Н.-ға 22 050000 теңгеге сатқан. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар С.-ның даулы үйді сатуға ниеті болмаған, танысы А.-ға қарыз ақша алып беру үшін кепілге қойған, осыған байланысты тараптардың арасында даулы түрғын үйді сату, сатып алу ниеті болмаған, мәміле тек кепіл шартын бүркемелеу мақсатымен жасалған деген тұжырымға келген. Кассациялық сот алқасы С. өзінің уәждерін тиісті түрде дәлелдемеген және талап қою мерзімі өтіп кеткен деген негізбен алдыңғы сот сатылары актілерінің күшін жойып, жаңа шешім қабылдаған. Қадағалау сот алқасы кассациялық соттың тұжырымымен төмендегі мәнжайларға байланысты ішінара келіседі.
Бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті шығару туралы талап арыз сотта қаралған кезде жауапкердің өзін адал сатып алушы деп тану туралы қарсы талап арыз ұсынуы талап етілмейді
Талапкер С. даулы үйді шын мәнінде сатқан жоқпын, тек кепілдік шарты деп ойлап даулы мәмілеге қол қойдым және осы кезге дейін үйді меншік иесі ретінде пайдаланып келемін деген уәждерін АІЖК-нің 65-бабына сәйкес сотта дәлелдей алмады. Керісінше, АІЖК-нің 68 және 65-бабтарына сәйкес, іс материалдары бойынша үйді сатып алушы З. мен С.-ның арасында шын мәнінде үйді сатып алу сату шарты жасалғаны тараптар арасында ресми түрде рәсімделген шартпен, шартқа талапкердің өзі қол қойғанымен және құжатқа қол қойған С. екені жөніндегі сарапшылардың қорытындысымен, талапкердің жұбайы К.-ның үйді кепілге емес, сатуға келісім бергені жөніндегі арызбен, «2005 жылғы 22 шілдеде үйді саттым, сол кезден бастап үйде жалға алушы ретінде тұрамын» деген талапкердің екі қолхатымен, С.-ның үйдің іргесіндегі жерді сату жөніндегі З.-ға берген сенім хатымен, яғни талапкердің өзі жазып, қол қойған және ресми түрде рәсімделген құжаттармен дәлелденген.
С.-ның аудандық ІІБ-нің бастығына жазған түсініктемелері де оның үйді сатқанын дәлелдейді. Алайда, прокурордың наразылығында АІЖК-нің 160-бабының талабына сілтеме жасап, З. даулы тұрғын үйге қатысты әрекетті заңдылық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасаған дегені негізсіз. «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі №5 нормативтік қаулысының 18-тармағына сәйкес, жауапкердің өзін адал алушы деп тану туралы қарсы талап ұсынуы талап етілмейді, өйткені виндикациялық (бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті талап ету туралы) талаптарды қарау кезінде осы мәселені шешу соттың міндетіне кіреді. Осыған қарамастан, кассациялық сот алқасы АІЖК-нің 247-бабының талаптарына қайшы келіп, Н.-ның өзін адал иеленуші деп тануды сұраған арызын заңсыз қабылдап және негізсіз қанағаттандырған. Істің мұндай тұрғысында, қадағалау сот алқасы дау келтірілген сот актісін өзгертіп, Н.-ның өзін адал иеленуші деп тануды сұраған талап арызына қатысты бөлігі бойынша істі өндірістен қысқарту қажет деп санайды. Қалған бөлігінде қаулы өзгеріссіз қалдырылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті шығару туралы талап арыз сотта қаралған кезде жауапкердің өзін адал сатып алушы деп тану туралы қарсы талап арыз ұсынуы талап етілмейді
317 рет жүктеп алынды -
Бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті шығару туралы талап арыз сотта қаралған кезде жауапкердің өзін адал сатып алушы деп тану туралы қарсы талап арыз ұсынуы талап етілмейді
245 рет жүктеп алынды