Жауапкердің міндеттемелерді орындаудан жалтарғаны жөнінде
Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ жауапкердің міндеттемелерді орындаудан жалтарғаны жөнінде уәж келтіріп, «АСУ-К» ЖШС-ны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген. Ақтөбе облысы МАЭС-тің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен «АСУ-К» ЖШС мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылды. Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 5 наурыздағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған. Тараптар арасында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылына газ құбырын тарту құрылысына 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 32 мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасалғаны анықталды. Шарт бойынша жауапкер жалпы сомасы 262 353 929,60 теңгеге жұмысты орындауға міндеттелген, қаржыландыру екі жылға бөлінген: 2017 - 2018 жылдар. Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыра отырып, жауапкердің шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан жалтарғанын, 80 002 293,28 теңге сомасында жұмыстар орындалмағанын негізге алған. Сонымен қатар сот жұмыстарды орындау мерзімінің бұзылуына әкеп соққан мән-жайларды ескерусіз қалдырған және объектінің пайдалануға дайындығын куәландыратын іске қосу-жөндеу жұмыстарының орындалғанын ескермеген.
Жауапкердің міндеттемелерді орындаудан жалтарғаны жөнінде
Жұмыс кестесінен 2017 жылы магистральдық газ құбырының желілік бөлігі бойынша жұмыстар жобада көзделгендей, 2017 жылғы 10 қарашаға дейін аяқталуы тиіс, алайда 2017 жылғы 1 қарашада жоба авторы «Қ» ЖШС қолданыстағы «Әйтеке би МГ» магистральдық газ құбыры бойымен қосымша 280 м жоғары қысымды газ құбырын салуды ұсынғаны белгілі болды. Бұл ретте жұмыс көлемі мен құбыр құнының ұлғаюына қарамастан, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы сметалық құны өзгермеген. Жоба бойынша құрылыстың ұзақтығы 6 ай, іс жүзінде - 9 ай. Осылайша шартты орындау мерзімін өткізіп алуға жол берілген, алайда қауіптілігі жоғары құрылыс объектісі пайдалануға берілген, наразылықтар болмаған. Мердігер өзіне тиесілі толық көлемде төленбеген 80 002 293,28 теңге сомадан тұрақсыздық айыбын ұстап қалуға келісімін білдірген. «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Жоғарғы Соттың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысының 5-тармағында мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаптарды қарау кезінде соттар әділдік пен парасаттылық өлшемдерін АПК-нің 6-бабының 6-бөлігіне сай негізге ала отырып,
АК-нің 359-бабына сәйкес, өнім берушінің кінәсін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі және тапсырыс беруші үшін туындаған жағымсыз салдар ретінде назарға алулары қажеттігі көрсетілген. Шарт тарабына шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатын шығын келтіруді жағымсыз салдар ретiнде түсіну керек (АК-нің 401-бабының 2-бөлігі). Жауапкердің шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатындығын, газ құбырларын салу жөніндегі жұмыстарды орындауға 1-санаттағы лицензиясы бар екенін, жұмыс сапасына наразылықтардың жоқ екенін ескере отырып, ол жобада көзделмеген жұмыстарды қосымша ақысыз орындағанын, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын әділдік пен парасаттылық критерийлерін негізге ала отырып ұстап қалғанын ескере отырып, Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сот алқасы жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы негізделген қорытындыға келген.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Жауапкердің міндеттемелерді орындаудан жалтарғаны жөнінде
332 рет жүктеп алынды