Материалдық зиянды өндіру туралы талап арызда осы зиян жауапкердің заңсыз әрекеттерінен келгенін айқындайтын нақты дәлелдер болуы керек
Талапкер «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Шиелі аудандық бөлімшесі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын) жауапкер Т.- дан артық төленген 542 873 теңгені өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының 2012 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған. Іс апелляциялық және кассациялық тәртіппен қаралмаған. Талапкер іс бойынша қабылданған сот шешімімен келіспей, оның күшін жойып, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрап Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына өтініш берген. Қадағалау сот алқасы іс бойынша талапкердің өкілінің өтінішті қолдаған түсінігін, прокурордың сот шешімі күшінде қалдыруға жатады деген қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын тексеріп, төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актісі өзгеріссіз қалдыруға жатады деген тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнің (бұдан әрі –АІЖК) 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Іс құжаттарына қарағанда, Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны, 1942 жылғы 11 қазанда туған Т. 8 бала туып, тәрбиелегені үшін ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталып, оған «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-1 Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 9-тармағына сәйкес жәрдемақы тағайындалып, арнайы есепке кіргізілген. Тексеру барысында аталған жәрдемақы Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округінің тұрғыны, 1935 жылы туған Т.-ға да қатар төленіп отырғаны анықталған. Сондықтан талапкердің өкілі 1935 жылы туған Т. мемлекеттік жәрдемақыны заңсыз алған деп көрсетіп, жауапкерден мемлекет пайдасына 542 873 теңгені өндіруді сұраған. Қадағалау тәртібімен берген өтінішінде талапкердің өкілі аудандық сот істі жан-жақты қарамады, заңды дұрыс қолданбады деген уәждер келтірген. Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді және өтініштің уәждерін зерделей келе, қадағалау сот алқасы аудандық сот шешімінің күшін жоюға заңды негіздер жоқ деген қорытындыға келеді. АІЖК-нің 65-бабының талаптарына сәйкес, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Материалдық зиянды өндіру туралы талап арызда осы зиян жауапкердің заңсыз әрекеттерінен келгенін айқындайтын нақты дәлелдер болуы керек
Талапкер материалдық зиянды өндіру туралы талап арызын бергенде осы зиян жауапкер Т.- ның заңсыз әрекеттерінен келгендігі туралы нақты дәлелдерді сотқа ұсынбаған. Жасалған тексерудің қорытындысы жауапкердің кінәсін дәлелдеу үшін негіз бола алмайды. Жауапкер Т. сотқа жолдаған арызында, аталған қателік өзінің тарапынан болмағанын, талап арызды мойындамайтынын көрсеткен. Талапкердің өкілі қадағалау сот алқасының отырысында мемлекет қаржысының заңсыз төленуіне жол берген зейнетақы төлеу орталығының қызметкерлері жұмыстарынан босатылғанын мәлімдеді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген (мүліктік) және (немесе) мүліктік емес) зиянды өндірудің құқықтық негіздері Азаматтық кодекстің 917-бабында келтірілген. Талапкердің өкілі жауапкер Т. басқа тұлғаның заңмен қорғалатын мүддесіне қарсы қандай заңсыз әрекеттер жасағанын тиісті дәлелдер арқылы негіздемеген.АІЖК-нің 364-бабы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес, мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күшін дәлелсіз, үстірт пікірлер бойынша жоюға болмайды. Талапкердің өтініші айқын дәлелге негізделмегендіктен қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады. Бұл ретте арызданушының өтінішінде көрсетілген деректердің негізінде дау айтылған сот актісін заңсыз деп тануға болмайды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Материалдық зиянды өндіру туралы талап арызда осы зиян жауапкердің заңсыз әрекеттерінен келгенін айқындайтын нақты дәлелдер болуы керек
386 рет жүктеп алынды -
Материалдық зиянды өндіру туралы талап арызда осы зиян жауапкердің заңсыз әрекеттерінен келгенін айқындайтын нақты дәлелдер болуы керек
336 рет жүктеп алынды