49-бап. Бірнеше талап қоюшының немесе жауапкердің іске қатысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Бірнеше талап қоюшы бірлесіп бір немесе бірнеше жауапкерге талап қою беруі мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес әрекет етеді. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне сенімхат негізінде тапсыра алады.
2. Егер:
1) бірнеше талап қоюшының немесе бірнеше жауапкердің ортақ құқықтары мен міндеттері даудың нысанасы болып табылса;
2) бірнеше талап қоюшының немесе бірнеше жауапкердің құқықтары мен міндеттерінің негізі бір болса;
3) бірнеше талап қоюшының немесе бірнеше жауапкердің біртекті (ұқсас) құқықтары мен міндеттері даудың нысанасы болып табылса, іске бірнеше талап қоюшының немесе жауапкердің қатысуына жол беріледі.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы