232-бап. Жауапкердi белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
Сот жауапкердi мүлiкті немесе ақша беруге байланысты емес белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм шығарған кезде азаматтың, заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін жауапкер жасауға міндетті әрекеттер мен оларды жасау мерзімін көрсетеді.
Сот шешімі орындалмаған жағдайда, шешімнің қарар бөлігінде әрекеттерді жауапкер ғана жасауы мүмкін жағдайлардан басқа, талап қоюшы жауапкерден келтірілген шығыстарды өндіріп ала отырып, бұл әрекеттерді өз бетінше жүргізуге құқылы екендігі көрсетіледі.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы