Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Көлік құралын қысқа мерзімді жалға беру (каршеринг)кезінде тиісті жауапкерді анықтау

Көлік құралын қысқа мерзімді жалға беру (каршеринг)кезінде тиісті жауапкерді анықтау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Көлік құралын қысқа мерзімді жалға беру (каршеринг)кезінде тиісті жауапкерді анықтау

Е.Ш. жауапкерлер «Д» ЖШС-дан, Н.В., М.Г. материалдық залал мен моральдық зиянды ортақ ӛндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Талап қоюда Н.В. VolkswagenPolo автокӛлігін есірткімен мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынсыз басқара отырып, қарсы бағытта келе жатқан талап қоюшыға тиесілі Toyota Camry маркалы автокӛлікпен соқтығысқаны жӛнінде уәж келтірілген.

VolkswagenPolo маркалы автомашина «Д» ЖШС-ға меншік құқығымен тиесілі.

Н.В онлайн-режимде өзінің досы жауапкер М.Г. атынан осы көлік құралын жалдауға ресімдеген.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 2022 жылғы 18 мамырдағы шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды. Н. В. мен М. Г. Е.Ш. пайдасына материалдық зиянды өтеу үшін 1 884 419 теңге ӛндірілді.

Апелляциялық алқаның 2022 жылғы 11 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілді, келтірілген залал Н.В., М.Г. және «Д» ЖШС-дан ортақ өндірілді.

Апелляциялық сатыдағы сот өз тұжырымдарында «Д» ЖШС көлік құралын жалға беру бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра отырып, көлік құралының жалдау шарты жасалған адамға берілетініне көз жеткізбегені, соның салдарынан автомобиль көлік құралын басқаруға құқығы жоқ және есірткімен мас күйінде болған Н.В. иелігінде болғаны жӛнінде негіз келтірген.

АК-нің 10-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады, сондықтан «Д» ЖШС автокөлікті басқару құқығын Н.В. заңсыз берген меншік иесі ретінде ЖҚК келтірген зиян үшін ортақ жауаптылықта болады.

Апелляциялық сот зиян келтіруші Н.В. бірге М.Г. ортақ жауаптылыққа тартуды негізді деп таныды.

Сондай-ақ «Д» ЖШС Е.Ш. келтірілген зиянды ӛтеу кезінде АК-нің 933 бабында көзделген тәртіппен Н.В. пен М.Г. кері талап қоюға (регресс) құқығы бар екендігі көрсетілген.

Сонымен қатар апелляциялық сот АК-нің 951-бабының 2-тармағына байланысты моральдық зиянды зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтейдi, сондықтан моральдық зиянды өтеу ЖКО-ға кінәлі болған, яғни зиян келтіруші болып табылатын Н.В.жүктелуге жатады деген қорытындыға келді.

Басқа іс бойынша М.М. пен З.М. талап қоюы бойынша мас күйінде «Тойота Камри» маркалы автокөлікті басқарған Г.Н. кінәсінен ЖКО орын алғаны, соның алдарынан З.М. денсаулығына ауыр зиян келтірілгені, оған мүгедектіктің 3-тобы белгіленгені анықталды.

Зақымдалған көлік құралының иесі М.М. материалдық шығын келтірілді. Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысымен Г.Н. қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кінәлі адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды.

Г.Н. басқарған көлік құралының иесі С.М. болып табылады. 2018 жылғы 5 қаңтардағы келісім бойынша С.М. «Тойота Камри» маркалы автокөлікті Р.А. атынан «A» ДК-нің иелігіне берді. Р.А. өз кезегінде 2019 жылғы 15 қазандағы автокөлік құралын жалға беру шарты бойынша автокөлікті Г.Н. уақытша иеленуге берді.

Бұдан бұрын Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2021 жылғы 24 маусымдағы шешімімен М.М. пен З.М. талап қоюы ішінара қанағаттандырылды, С.М. З.М. пайдасына 300 000 теңге сомасында моральдық зиянның өтемақысы, М.М. пайдасына қалпына келтіру бойынша 2 836 948 теңге жөндеу құны өндірілді.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 23 қарашадағы қаулысымен талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылып, аталған шешімнің күші жойылды.

 Бас тарту үшін тиісті емес жауапкерге талап қойылғаны негіз болған, өйткені ЖКО жасалған кезде «Тойота Камри» маркалы автокөлік жауапкер С.М. иелігінде болмаған, 2018 жылғы 5 қаңтардағы шарт бойынша автокөлік «A» ДК иелігіне берілген.

Аталған автомобильге қатысты көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру шарты «A» сақтандыру компаниясы» АҚ мен «A» ДК нің арасында жасалғаны көрсетілген.

Сақтандыру компаниясы 1 750 200 теңге сомасында сақтандыру төлемін жүзеге асырды. Сот алқасы талап қоюшылардың ЖҚК иесіне талап қою құқығынан айырылмағанын түсіндірді.

Осыдан кейін талап қоюшылар М.М., З.М. «A» ДК-ге зиянды өтеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 2022 жылғы 8 сәуірдегі шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 18 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бас тартудың негіздемесінде соттар ЖКО жасалған кезде жауапкер «A» ДК-нің кӛлік құралын иемденбегенін, тиісінше ол ЖКО салдарынан Г.Н. келтірген залал үшін жауапты болмайтынын көрсеткен.

ЖКО жасалған кезде Г.Н. автокөлік құралын 2019 жылғы 15 қазандағы жалға беру шарты негізінде кӛлік құралын иеленгені, Г.Н. келтірген залал үшін жауапкер «A» ДК кінәсінің жоқ екені көрсетілген. 2019 жылғы 15 қазандағы автокӛлік құралын прокатқа беру шартында 4.2.9-тармақпен Г.Н. үшінші тұлғалар алдындағы материалдық жауаптылығы кӛзделген.

Тараптар жоғарыда көрсетілген шартты бұзбаған, ол заңда белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылмаған.

 Сондай-ақ соттар талап қоюшының «A» сақтандыру компаниясы» АҚ мен «A» ДК-нің арасында жасалған көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру шартына сілтемесін негізсіз деп таныды.

Көрсетілген істер бойынша соттар ЖКО кезінде ЖҚК-нің иесін анықтау кезінде ЖКО жасаған жүргізушіде көлік құралын прокатқа беру шартының және жол парағының болуын назарға алды, осыған байланысты көлік құралын жалға берген тұлғаға қойылған талапты қанағаттандырудан бас тартқан.

Жергілікті соттардың бұл ұстанымы келесі негіздер бойынша дұрыс емес деуге болады. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңның 3-бабына сәйкес сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк 16 құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауаптылығын мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады.

Аталған Заңның 7-бабы бойынша көлiк құралдары иелерiнiң жауаптылығын мiндеттi сақтандыру шарты жасалмаған жағдайда, көлік құралын пайдалануға жол берілмейді.

АК-нің 10-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауаптылығымен жүзеге асырылады. Көрсетілген нормаларға байланысты каршеринг қызметтерін көрсететін тұлға көлік құралын АҚЖ-ні міндетті сақтандырусыз пайдалануға беруге құқылы емес.

Алайда, каршеринг кезінде көлік құралы қысқа мерзімді жалға берілетін адаммен міндетті сақтандыру шарты жасалмайды. Каршерингтік ұйымның өзінің АҚЖ сақтандырылған болып табылады.

Тиісінше, қысқа мерзімді жалдау (каршеринг) шарттары бойынша көлік құралын пайдалану салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуге міндетті тұлға кәсіпкерлік қызмет ретінде осындай қызметтер көрсететін тұлға (каршерингтік ұйым) болып табылады. М. талап қоюына қатысты іс бойынша «A» ДК ЖҚК-нің иесі болып табылады.

Бұл жағдай Г.Н. жасаған ЖКО бойынша «A» ДК-нің АҚЖ-і сақтандырылған «A» сақтандыру компаниясы» АҚ 1 750 200 теңге сомасында сақтандыру төлемін жүзеге асырғандығымен расталады. Е.Ш. талап қоюына қатысты іс бойынша залал «Д» ЖШС-дан негізді түрде өндірілген, алайда Н.В. пен М.Г. ортақ өндіріп алу қажеттілігі туралы қорытынды және моральдық зиянды оны келтірушіден өндіріп алу туралы түйін дұрыс емес.

Істердің соттылығы

Істердің соттылығы АПК-нің 29-бабында белгіленген жалпы қағидаларға сәйкес, яғни жауапкер жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша немесе жауапкер заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша айқындалады.

Сонымен қатар, мертігуден немесе денсаулығының ӛзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды ӛтеу туралы талап қоюларды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша бере алады (АПК-нің 30-бабының бесінші бөлігі). 

Мемлекеттік баж сотқа берілетін талаптардан 

«Салық және бюджетке тӛленетін басқа да міндетті тӛлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 610-бабының 1-тармағына сәйкес, материалдық залалды ӛндіріп алу туралы сотқа берілетін талаптардан мемлекеттік баж мынадай: жеке тұлғалар үшін талап қою сомасының 1 пайызы, бірақ 10 000 АЕК-тен аспайтын, заңды тұлғалар үшін талап қою сомасының 3 пайызы, бірақ 20 000 АЕК-тен аспайтын, мүліктік емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мӛлшерінде алынады.

Талап қоюшылар мертігуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды ӛтеу туралы талап қоюлар бойынша Салық кодексінің 616-бабы 5) тармақшасының негізінде мемлекеттік баж тӛлеуден босатылды. 

Заңнамада сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмеген

Заңнамада жоғары қауіптілік кӛзінен (бұдан әрі – ЖҚК) келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшының сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы көзделмегенін соттардың назарда ұстағаны жөн.

Мысал: Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 2023 жылғы 5 сәуірдегі ұйғарымымен Д.Н. Қ.Қ. және Е.Ж. ЖҚК-ден келтірілген материалдық залалды ӛндіріп алу туралы талап қоюы дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамауына байланысты қараусыз қалдырылған.

ҚР АПК-нің 279-бабының 1) тармақшасына сәйкес сот, егер талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта кӛзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, талап қоюды қараусыз қалдырады.

 Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады (ҚР АПК 8-бабының алтыншы бӛлігі). К

Көрсетілген нормалар ескеріле отырып, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2023 жылғы 18 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылып, істі мәні бойынша қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа берілді. 

Талапкерлер ол азаматтар мен заңды тұлғалар болып табылады

 ҚР АПК-нің 47-бабының бірінші бөлігіне сәйкес өздерінің бұзылған немесе даулы құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қою берген немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар оларды қорғап талап қою берген азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. 

Тиісті жауапкерді анықтау

Барлық жағдайда тиісті жауапкер – ЖҚК нің иесін дұрыс анықтай бермейтінін көрсетті, соттар көлік құралының кімнің заңды иелігінде екендігі жӛнінде дәлелдемелерді талап етпей, жауапкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы ұсынылған қаулылармен шектелген.

Сот практикасы кӛрсеткендей, әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам бір мезгілде тиісті жауапкер – ЖҚК-ның заңды иесі бола бермейді.

ҚР АК 931-бабы бірінші бӛлігінің 2-абзацына сәйкес зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзіреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.

Көлік құралының иесі жӛнінде ұқсас анықтама «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының 1-бабының 8) тармақшасында және «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының 1-бабының 29) тармақшасында берілген.

Қолданыстағы заңнамада ЖҚК иесінің анықтамасы толық болып табылмайды. 

Нормативтік құқықтық база

          Осы құқықтық қатынастарды реттейтін және талданатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);

 - Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі АПК);

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтК);

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

- «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы №8 нормативтік қаулысы;

- «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысы;

2 - «Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 нормативтік қаулысы;

 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары;

- «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығымен бекітілген Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидалары;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары. 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

          Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы