26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
1. Мынадай:
1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайына байланысты істеуге болмайтын жұмысты орындауға;
2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) он сегіз жасқа толмаған азаматтармен;
3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;
4) еңбек қызметін жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алу талап етілмейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдар тізбесіне енгізілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін не шетелдік жұмыскер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы немесе еңбекші көшіп келушіге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілген рұқсатты алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;
5) білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу мақсатында болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен;
6) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын:
отбасына қосылу мақсатында келуге және онда болуға арналған рұқсатты және Қазақстан Республикасының заңнамасында танылатын, Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын жүктелген медициналық сақтандыру шарты жоқ шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;
7) бір жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын жасасуына жол берілмейді.
1-1. Егер азаматтық-құқықтық шартта еңбек шартының осы Кодекстің 27-бабында көзделген ерекше белгілерінің ең болмағанда біреуі болса, жеке тұлғамен осындай шартты жасасуға жол берілмейді.
Еңбек шартының осы Кодекстің 27-бабында көзделген бір немесе бірнеше ерекше белгісін қамтитын шарт тараптардың оны нақты қалай атайтынына қарамастан, еңбек шарты деп танылады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құқықтық салдарға алып келеді.
2. Мыналарға:
1) мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін адамға, егер адам мемлекеттік қызметті тоқтатар алдындағы соңғы бір жылда мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі аталған адаммен оның құзыретіне сәйкес тікелей байланысты болған болса, мемлекеттік ұйымдарды және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу 1) егер адам еңбек қызметін тоқтатар алдындағы соңғы бір жылда өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның мүддесін қозғайтын шешім қабылдаған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі оның лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес аталған адаммен тікелей байланысты болса, мемлекеттік қызметті немесе мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты өзге де қызметті тоқтатқаннан кейін бір жыл бойы осы адамды, квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын ұйымды қоспағанда, осы коммерциялық ұйымға басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымға;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі лауазымына;
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымына;
мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға, сондай-ақ аталған ұйымдарда сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруға не мемлекеттік бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуді немесе қаржыландыруды немесе іске асыруды немесе мониторингтеуді жүзеге асыруға байланысты дербес құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымдарға;
мемлекеттік қызметтердің тікелей көрсетілуін көздейтін немесе мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты не жеке тұлғалардың қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріне және (немесе) қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа қол жеткізуді көздейтін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясындағы лауазымдарға;
2-1) жұмысқа орналасқанға дейінгі үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған адамды осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымға; -Тоқтатылған 16.06.2029 жылға дейін Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымда № 311-VIIІ ҚРЗ Заңымен
тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
2-1) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, жұмысқа орналасқанға дейінгі үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған адамды осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымға;
3) кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді;
4) алып тасталды – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) медицина қызметкерлерін қоспағанда, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы