Келісімді (мәмілені) жасау, өзгерту, бұзу және сақтандыру келісімі бойынша келісім міндеттемелерін орындаумен, соның ішінде сақтандыру төлемақысын өндірумен байланысты даулар
Әр түрлі экономикалық формацияда күнелткен сақтандыру ең басты экономикалық институттардың бірі болып келеді, бірақ нарық жағдайында ғана жүзеге асырылады.
Сақтандыру адамның маңызды қажеттілігі – қауіпсіздік қажеттілігін – қанағаттандыруына бейімделген. Қолданыстағы ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сәйкес сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес сақтандыру белгілі бір формаларға бөлінеді.
Сақтандыру нысандары: мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;
сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк; сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Міндетті сақтандырудың түрі, тәртібі және шарттары заңнама актісімен белгіленеді.
Міндетті сақтандырудың әр түрі сақтандырудың бөлек санаты болып келеді, оларға:
өмірді сақтандыру;
аннуитеттік сақтандыру;
жазатайым оқиғалар мен аурулардан сақтандыру;
медициналық сақтандыру;
көлік құралдарын сақтандыру;
жүкті сақтандыру;
мүлікті сақтандыру;
кәсіпкерлік тәуекелдігін (қатерлігін) сақтандыру;
көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
тасымалдаушы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
келісім бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жатады.
Қазақстан Республикасының аумағына көліктің уақытша кіруі үшін сақтандыру тарифінің бағасын белгілеудің сақтандыру жағдайын реттеу тәртібіне қатысты «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер 01.01.2016 жылы заңды күшіне енгенін атап өту қажет.
Заң шығарушы келесі негіздер бойынша тікелей реттейтін жәбірленушінің қайтыс болуынан залалды өндіруге құқығы бар тұлға немесе жәбірленуші жүгінгенде келтірілген зиянды өтеуді жүзеге асыру түрінде тікелей сақтандырушының міндетін бекіткен: -сақтандырушы мен жәбірленуші арасында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімі жасалу керек. -сақтандыру жағдайы оның кінәсінен болған тұлғада сақтандыру полисінің бар болуы.
Бірақ, әр жәбірленушіге тікелей сақтандырушы төлемақы өндіруге міндетті емес. Егер жәбірленуші зардап келтірілген меншік иесі болмаса, сақтандырушы жәбірленушіге төлемақы төлеуден бас тартуға құқығы бар, бұл жағдайда жәбірленушіге «жауапты сақтандырушы» деп аталатын оның кінәсінен сақтандыру жағдайы туындаған тұлғаның сақтандырушысына жүгіну қажет.
Егер жәбірленуші (пайда алушы) сақтандырушымен белгіленген зардап мөлшерінің нәтижесімен келіспеген жағдайда, жәбірленуші (пайда алушы) сақтандырушымен анықталған зардап мөлшерін сотта даулауға құқығы бар. Осылайша, сақтандырушымен анықталған зардап мөлшері туралы жәбірленушімен (пайда алушы) сақтандырушы арасында даулы сұрақ туындаған кезде сақтандырушы омбудсменның кеңсесіне жүгіну қажет.
Сақтандырушы омбудсменның қызметінде бір айдан аспайтын, сол уақытта шешім қабылданатын істі қарау мерзімінің уақыт тәртібі анықталған.
Сақтандырушы омбудсмен- бұл сақтандыру компанияларымен немесе компаниялармен және оның сақтанушы клиенттері арасындағы дауларды шешуге шақырған тәуелсіз төреші екенін ескертеміз
Әкімшілік құқықбұзушылықты жасау кезінде жауапкердің әрекетінде қасақаналықты нұсқайтын, қасақаналық әрекеттің болмауынына Заңның 28- бабын және АК-тың 931,933-баптарын қолдану және талапкермен жәбірленушіге алдында төленген кері талап қою тәртіпте жауапкерден сақтандыру төлемақысын өндіру туралы талапкердің талаптары қанағаттандырылуға жатпайды.
Шығыс-Қазақстан облысының Зыряновск аудандық сотымен «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» В.В.Моринге кері талап қою тәтібінде сақтандыру төлемақысын өндіріп алу туралы (№2-407-15) азаматтық ісі қаралды. 02.08.2012ж. жауапкер Зыряновск қаласында «Тoyota Mark 2» м/н F 884 DSN автокөлігін жүргізе отырып, қосалқы жолдан шығып келе жатқанда, «Жедел Кузет» ЖШС-не тиесілі басты жолда келе жатқан Ваз 21213 м/н F 517 КТ автокөлігіне жол бермей онымен соқтығыс жасады деп уәждемеленді. ЖКО салдарынан «Ваз» автокөлігінің жүргізушісі жарақаттар алды.
28.08.2012ж. Зыряновск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен В.В.Морин ҚР ӘҚБтК-ң 468-бабы 2-бөлігіне сәйкес жасағандығы үшін кінәлі деп танылды. «Жедел Кузет» ЖШС «СК Казкомерц-Полис» АҚ-на сақтандыру төлемақысын төлеу туралы өтінішпен жүгінді.
Жоғарыда аталған жол-көлік оқиғасын компания сақтандыру жағдайы ретінде санап «Жедел Кузет» ЖШС-не бағалау есебіне сәйкес 225 056 тенге залал мөлшерін төледі. Ол 23.10.2012ж. төлем тапсырмасымен расталады. Өз кезегінде В.В.Мориннің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ-да автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру келісімі бойынша сақтандырылған, 13.07.2012ж. ОГПО № 0718115 сақтандыру полисі.
Талапкермен В.В.Моринге пайда алушыға сақтандыру төлемақысын төлеу үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы хабарлама жіберілді. Сол уақытта талапкер «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ 24.04.2013ж. төлем тапсырмасымен «Казкомерц-Полис СК» АҚ-на 222 056 тенге мөлшерінде сақтандыру төлемақысын төледі.
Осыған орай талапкер жауапкерден 222 056 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемақысын өндіріп беруді сұрайды. Сот мәлілісінде жауапкер В.В.Морин талапкердің талап арызын мойындамай, ЖКО болған кезінде оның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ-да сақтандырылғанын, яғни сақтандыру төлемақысын компания төлеу қажет деп түсіндірді.
Сонымен қатар, талап арызда көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін авариялық комиссарға хабарламада көрсетілген барлық құжаттарды ұсынды. Одан басқа ол сақтандыру компаниясына бірнеше рет жүгінді, онда оған ешқандай кінә қоймайтындығын айтты.
Сот «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ның В.В.Моринге сақтандыру сомасын кері талап қою тәртібінде өндіріп алу туралы талап арызы келесі негіздер бойынша қанағаттандыруға жатпайды деген тұжырымға келді.
Сот мәжілісінде 02.08.2012ж. жауапкер автокөлік құралын басқара отырып ЖКО жасады. 28.08.2012ж. Зыряновск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен В.В.Морин ҚР ӘҚБтК-ң 468-бабы 2-бөлігі (жол жүрісін ұйымдастыру үшiн жауапты адамдардың көлiкте қолданылатын тәртiп қорғау және қозғалыс қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуы, егер ол денеге орташа ауырлықтағы зақым келтiруге әкеп соқса) жасағандығы үшін кінәлі деп танылды. «Жедел Кузет» ЖШС «СК Казкомерц-Полис» АҚ-на сақтандыру төлемақысын төлеу туралы өтінішпен жүгінді. Жоғарыда аталған жол-көлік оқиғасын компания сақтандыру жағдайы ретінде санап «Жедел Кузет» ЖШС-не бағалау есебіне сәйкес 225 056 тенге залал мөлшерін төледі.
Ол 23.10.2012ж. төлем тапсырмасымен расталады. Өз кезегінде В.В.Мориннің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ-да автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру келісімі бойынша сақтандырылған, 13.07.2012ж. ОГПО № 0718115 сақтандыру полисі. Талапкермен В.В.Моринге пайда алушыға сақтандыру төлемақысын төлеу үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы хабарлама жіберілді.
Сол уақытта талапкер «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ 24.04.2013ж. төлем тапсырмасымен «Казкомерц-Полис СК» АҚ-на 222 056 тенге мөлшерінде сақтандыру төлемақысын төледі.
Осыған орай талапкер жауапкерден 222 056 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемақысын өндіріп беруді сұрайды.
ҚР «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңының 1-бабы 8-тармағына сәйкес (әрі қарай заң) көлiк құралының иесi – көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
Азаматтық кодекстің 933-бабы 1-бөлігіне сәйкес (әрі қарай АК) басқа адамның (еңбек (қызмет, лауазымдық) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң, көлiк құралын жүргізушi адамның және т.б.) келтiрген зиянды өтеушiнiң, егер заң актiлерiнде өзгеше мөлшер белгiленбесе, төленген төлем мөлшерiнде осы адамға керi талап қоюға (регресс) құқығы бар.
Талапкер сақтандыру соммасын «Казкомерц-Полис СК» АҚ-на жауапкер В.В.Морин үшін жүзеге асырғандығы үшін жуапкер В.В.Мориннің сақтандыру төлемін кері талап қою тәртібінде төлеу міндетті деген талаптарын сот негізсіз деп санайды, өйткені кері талап қоюдың құқығына тек Заңның 28-бабында белгіленген жағдайда ғана сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы ие.
Заңның 28-бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер: сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның, қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталса; сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса;
көлiк құралын жүргiзушi адамның көлік оқиғасы жасалған кезде оны жүргізуге құқығы болмаса;
соттың iстi талқылауы барысында сақтандыру жағдайы көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) бiлгенi немесе бiлуге тиiстi екенi анықталса;
көлiк құралы оның техникалық сипатына сәйкес емес мақсаттарға пайдаланылса;
сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбаса;
көлiк құралын жүргiзушi адам көлiк оқиғасы болған жерден қашып кетсе; көлік құралын жүргізген және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберілген тұлға дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпесе, кері талап қоюға құқылы.
Талапкердің жауапкерден сақтандыру соммасын кері талап қою тәтібінде өндіріп алу Заңның 28-бабының 1-тармағына жататындығы туралы дәлелдер талапкермен сотқа ұсынылған жоқ. В.В.Мориннің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ-да автокөлік иелерінің азаматтыққұқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру келісімі бойынша сақтандырылған, 13.07.2012ж. ОГПО № 0718115 сақтандыру полисі.
Осыған орай талапкер пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетті еді. Сонымен қатар талапкер «Казкомерц-Полис СК» АҚ-на 222 056 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемін аударғандығы туралы 24.04.2013ж. төлем тапсырмасы талапкермен сотқа ұсынылған жоқ.
Сот инстанцияларымен ЖКО-на кінәлінің қасақана әрекеттеріне көрсететін дәлелдердің болмауына біркелкі қарауын куәландыратын басқа мысал:
Қостанай облысы Рудненск қалалық сотымен «Салем» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Фохт Александр Александров ЖК-не кері талап қою тәртіпте сақтандыру соммасын өндіріп алу туралы (№ 2-845/2015) азаматтық ісі бойынша талабын қанағаттандырудан келесі себептермен бас тартты.
Сот мәжілісінде 17.03.2014ж. шамамен 19 сағат 30 минутта С.И.Чёрный жүргізушісі Рудный-Федоровка автожолында Рудныйдан Федоровка к. жағынан «Renault» автокөлігін м/н Р 580 SOM басқара отырып, шығар алдында автоқұралының жолда дұрыс техникалық жұмыс істеуін тексермей және қамтамасыз етпей, нәтижесінде қосалқы сол жақ дөңгелегі ұшып кетіп, Е.И.Вагановқа тиесілі С.Ю.Остапцов жүргізуші басқаруындағы «Toyota Hi Ace» м/н 362 BDA 10 автокөлігімен соқтығысқа жол берді.
Рудный қаласының мамандандырылған ауданарылық Әкімшілік сотының 27.03.2014ж. қаулысымен С.И.Чёрный ҚР ӘҚБтК-ң 468-бабының 1- бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. 21.05.2013ж. ОСВТ № 0528622 сақтандыру полисіне сәйкес «Салем» сақтандыру компаниясы» АҚ 28.07.2014ж. ЖКО нәтижесінде зақым келітірілген автокөлік иесі Е.И.Вагановке 764 854 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемін төледі.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңының 28-бабының 1-бөлігі 4-тармағына сәйкес соттың iстi талқылауы барысында сақтандыру жағдайы көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) бiлгенi немесе бiлуге тиiстi екенi анықталса кері талап қоюға құқылы.
Талапкер өкілі П.Н.Бычков сот отырысында жургізуші жауапкердің кінәсі жолда және жолға аттанар алдында көлік құралының дұрыс жүріп тұруын қамтамасыз етпегендігі туралы әкімшілік соттың қаулысының анықталуы кері талап қоюдың негізі болып табылады деп көрсеткен.
Сотқа жауапкердің автокөлік құрылындағы ақаулықтардың болғанын білгені немесе білуге тиіс болғаны туралы нақты дәлелдердің берілмегенін және шешім iстiң мән-жайлары туралы болжамдарға негiзделе алмайтындығын анықтайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешiмi туралы» нормативтік қаулысы назарға ала отырып, сот аталған жағдай талапкермен дәлелденбегендігі туралы тұжырымға келеді.
Сонымен қатар, сот қолданылып жүрген заңнамаларда ақаулардың тізімі анықталғандығын өз назарына алды, яғни мұндай жағдайда көлік құралдарын пайдалануға болмайды. Көлік құралының қосалқы көлік дөңгелегі пайдаланылмайтын бөлігі болып табылады және көлік құралының пайдаланған кезде, яғни сақтандыру жағдайы болған күні, белгілі бір ақаулар болмаған, қосалқы көлік дөңгелегі өзінің арнайы сақтау орнында болған және ол тиісті түрде көлік құралында бекемделген.
Сәйкесінше, жауапкер жолда ұстап тұратын бұран орнынан шығып, ол ЖКО тудыратынын білмеген және алдын-ала біле алмаған. Сонымен қатар, осы мерзімде әр-түрлі сақтандыру компаниялардың талаптары Алматы қаласы, Алматы және Атырау облыстарында белгіленген, оның ішінде көп көлемде сақтанушыларға кері талап қою тәртібінде сақтандыру төлемақы соммасын өндіріп алу туралы талаптары, яғни олардың мас күйінде жол көлік оқиғасы орын алған жағдайында немесе олардың жол көлік оқиғасы орын алған жерде жоқ болуы және де Алматы қаласының соттарына сақтандыру компаниялардың сақтандыру төлемдерін жузеге асыруынан бас тартуын заңсыз деп тану туралы пайда алушылардың талаптары көрсетілген (38 іс).
Астана және Алматы қалаларында, Батыс Қазақстан, Павлодар (1 іс), Манғыстау, Солтүстік Қазақстан облыс соттарында жаңа санаттағы “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ-ның “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ-ның активінен, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алуы туралы талаптары байқала бастады.
Сонымен қатар, атап көрсететін болсақ, берілген санаттар бойынша жіктеушіде осы санатқа қатысты емес санаттар бар. Мысалы:
- Астана қаласының Алматы аудандық сотымен қаралған Сергей Иванович Кулаковтың Астана қаласының Әділет Департаментіне оның мүлігін тіркеуге еріксіз көндіруі туралы талап арызы бойынша №2-3488/2015 ісі;
- БҚО Орал қаласының №2 сотымен қаралған К.С.Мулдашевтің В.Г.Веремьевке кері талап қою тәртібі бойынша сомманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша №2- 9668/15 ісі.
Егер көлік құралын басқарушы тұлға ЖКО болған жерден кетіп қалу жағдайында, сақтанушыға (сақтандырылған адамға) төленген сомма көлемінде кері талап ету құқығы.
Солтүстік-Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 сотының шешімімен талапкер « «ТрансОйл» сақтандыру компаниясы» АҚ-ң жауапкер Михаил Евгеньевич Медведевке сақтандыру соммасын өндіріп алу туралы азаматтық ісі бойынша талабы қанағаттандырылды. 16.02.2015ж. ОА14 № 1031524 сақтандыру полисін беру арқылы талапкер мен жауапкер арасында Mitsubishi Galant», м/н Т 215 СЕА автокөлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімі жасасқан.
17.02.2015ж. шамамен 17 сағат 10 минутта М.Е.Медведев Mitsubishi Galant», м/н Т 215 СЕА автокөлік құралын басқара отырып Петропавловск қ., Заводская көш., 5 бойында артпен жүріп келе жатып жасап жатқан маневрының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, ҚР жол жүру Ережелерінің 8- бөлімінің 1-тармағаның талаптарын сақтамай, жол жүрудің белгіленген ережелерін бұзған, абайсызда «Lexus Rx 300» м/н Т 098 ТDM автокөлігін соқты.
Бұл жағдай «Lexus Rx 300» м/н Т 098 ТDM автокөлік иесі Б.А.Рамазановқа зиян келтірді. ҚР жол жүру Ережелерінің 2-тараудың 1- бөлімінің 8-тармағаның талаптарын сақтамай, ол ЖКО қатысушысы бола тұра ІІБ-не болған жағдай туралы хабарламай кетіп қалады. 19.03.2015 жылы Петропавл қ. мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен жауапкер әкімшілік құқықбұзушылық жасаған кезде кінәлі деп танылды, сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 610-б. 1-б. және ҚР ӘҚБтК 611-б. 2-б. бойынша әкімшілік жазаға тартылды. 02.03.2015 ж.
«Петропавловск-Экспертиза фирмасы» ЖШС №239 бағалау бойынша есеп беруін құрды, бұл есептеу бойынша «Lexus Rx 300» м/н Т 098 ТDM автокөлігін қалпына келтіру жөндеу бойынша, амортизациялық тозуын есептей отыра құны 77 363 теңгені құрады.
Талапкер болған оқиғаны сақтандыру жағдайы деп мойындады және қалпына келтіру жөндеу құнымен қоса залалды бағалау бойынша қызмет көрсету құнын 85 863 теңгені құрайтын сомасын төледі.
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР заңының 28-бабына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы, егер көлiк құралын жүргiзушi адам көлiк оқиғасы болған жерден қашып кетсе, онда ол төленген сомма шектерінде сақтанушыға (сақтандырылған адамға) кері талап қоюға құқылы. 19.03.2015 ж. Петропавл қ. мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысынан жауапкер ҚР жол жүру Ережелерінің 2-тараудың 1-т. 8-б. талаптарын сақтамай, жол жүрудің қатысушысы бола тұра ІІБ-не болған жағдай туралы хабарламай ЖКО орнынан кетіп қалғандығы көрсетілген. Басқа мысал, 2015 ж. 12 мамырындағы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы сотының сырттай шешімімен «Халык-Казахинстрах» Қазақстан Халық Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы» Ахмет Саясатович Сарсенгалиевке кері талап қою тәртібімен 59 975 теңге көлемінде залалды өндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылды.
Сот мәжілісінде 21.10.2014 ж. Курайлы кентінде, Абай көш. бойында №21 уйге қарама-қарсы жерде жауапкер А.С.Сарсенгалиев «Opel Omega» м/н 859 ВВА 04 автокөлігін басқара отырып ҚР ЖЖЕ 8.13-тармағының талаптарын бұзды, нақты айтатын болсақ, артпен жүріп келе жатып жасап жатқан маневрының қауіпсіз болатынына және басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі болмайтынына көз жеткізбей, Ж.М.Берденовтің басқаруымен «Volkswagen Passat» м/н D241 UXM автокөлігіне соқтығысты, бұл жағдай көлік құралдарының бүлінуіне әкеп соқтырды және материалдық зиян келтірілгені анықталды.
Сонымен қатар, 21.11.2014 ж. Ақтөбе қ. мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысына сәйкес жауапкер А.С.Сарсенгалиев ЖКО кейін жол көлік оқиғасы орын алған жерден кетіп қалғаны анықталды.
11.11.2014 ж. Ақтөбе қ. мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен жауапкер А.С.Сарсенгалиев ҚР ӘҚБтК 468-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 9 ай көлемінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. 27.08.2014 ж. «Казахинстрах» АҚ сақтандыру компаниясы және А.С.Сарсенгалиев арасында ОГПО № 02272912 сериядағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы келісім шарт жасалды, ол бойынша «Opel Omega» м/н 859 ВВА 04 автокөлігін басқарған кездегі жауапкердің әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған. 08.12.2014 ж. «МБ» ЖШС жылжымалы мүлікті бағалау бойынша есеп беруіне сәйкес «Volkswagen Passat» м/н D241 UXM автокөлігіне нақты материалдық зиян 49 975 теңгені құрады.
Сотта «Халык-Казахинстрах» Қазақстан Халық Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы» пайда иеленуші М.А.Берденовке 49 975 теңге көлемінде сақтандыру төлемін жүзеге асырды, сонымен қатар 10 000 теңге көлемінде бағалау қызметін көрсеткені үшін шығындар төленді, ол туралы 16.01.2015 ж. №00000000322 төлем тапсырмасы куәландыратыны анықталды.
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының 28-бабының 1-бөлігі 7 тармағына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы, егер көлiк құралын жүргiзушi адам көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалса, сақтанушыға төленген сомма көлемінде кері талап қоюға құқығы бар.
Осыған ұқсас негізде 19.12.2014 ж. Астана қ. Есіл аудандық сотының шешімімен «НОМАД Иншуранс» сақтандыру компаниясы» Айдаржан Мухамедкалиевич Оспановқа кері талап қою тәртібімен сомманы өндіріп алуы қанағаттандырылды.
Сақтандырушының сақтандыру жағдайын тану және сақтандыру соммасын төлеуден бас тартудың шағымдалмауы талапты қанағаттандырусыз қалдырудың негізі болды.
Батыс-Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 17 қыркүйек 2015 жылғы шешімімен «Онур Трэвел» ЖШС-ның «СК «Amanat Insurance» АҚ-ға қарсы берген 979 700 теңге сақтандыру соммасын өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартылды. «Онур Трэвел» ЖШС (әрі қарай талапкер) жоғарыда аталған талаппен «СК «Amanat Insurance» АҚ-ға (әрі қарай-жауапкер) қарсы сотқа жүгіне отырып, келесідей негіздеген, 2014 жылдың 19 наурызында Орал қаласының №2 сотының шешімімен «Онур Трэвел» ЖШС-дан Р.М.Ирменовтың пайдасына 979 700 теңге көлемінде шығын өндірілген.
Сот шешімі заңды күшіне еніп, орындалды. Бірақ, «Онур Трэвел» ЖШС турфирмасына келтіріген материалдық зардап сақтандыру компаниясынан өндірілмеген. Бірақ сол уақытта турфирмамен сақтандыру компаниясы арасында 01.03.2013 жылы АҚЖ №06-ОГТТ-45-13 міндетті сақтандыру келісімі жасалған, келісімнің 4.6, 4.9 тармақтарының шарты бойынша сақтандыру соммасын төлеудің, шығындарды өтеудің негізі заңды күшіне енген сот шешімінің бар болуы болып табылады. Талапкер сот шешімінен кейін бірнеше рет жауапкерге ерікті түрде зардапты өндір деп жүгінген, алайда материалдық зардап өндірілмей қалды.
Сотпен анықталғаны, тараптар арасында 01.03.2013 жылы туроператордың (турагенттікті) азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімі №06-ОГТТ-45-13 жасалған. Келісімнің 1.2 тармағына сәйкес сақтандырудың объектісі туристік өнімді сату бойынша әрекетті жүзеге асыру кезінде туристердің (пайда алушының) мүліктіік немесе өзгеде мүдделеріне келтірілген зардапты өндіру ҚР әрекет ететін заңнамасында белгіленген Сақтандырушының міндеттерімен байланысты мүліктік мүдделері болып табылады.
Сақтандыру соммасы 3 462 000 теңге. Келісімнің әрекет ету мерзімі 02.03.2013 жылдан бастап 01.03.2014 жылға дейін. Талапкер келісімнің 4.6, 4.9-тармақтарына сілтеме жасап жауапкерден 979 700 көлемінде сақтандыру соммасын өндіруді сұрайды.
АК-тың 803-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.
АК-тың 807-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру жағдайы - басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтiн оқиға.
Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлерi мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiмен, ал өз еркiмен сақтандыру бойынша - тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуi мүмкiн оқиғаларды қоспағанда, сақтандыру жағдайы ретiнде қарастырылатын оқиға, оның басталуының ықтимал және кездейсоқ белгiлерiне ие болуы тиiс.
Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтiрген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) мiндетiне жатады.
Сақтандыру келісімінің 2.1, 2.2-тармақтарына сәйкес туристік қызметті көрсету кезінде пайда алушылардың мүліктік немесе өзгеде мүдделеріне келтірілген зардапты өндіру бойынша Сақтандырушының азаматтыққұқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы болып танылады. Сақтандырушымен келтірілген шығынды өндіру туралы сот шешімінің заңды күшіне енуінен немесе сақтандырушының пайда алушының зардапты өндіру туралы талаптарын негізді деп Сақтандырушымен сақтанушының қойған талаптарымен келісу сақтандыру жағдайының пайда болу сәті деп есептеледі.
АК-тың 835-бабының 1 бөлігіне сәйкес сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне мәлiм болған соң оның басталғандығы жөнiнде сақтандырушыға немесе оның өкiлiне дереу хабарлауға мiндеттi. 13.08.2014ж., 08.10.2014ж. талапкермен жауапкердің атына «Онур Трэвел» ЖШС-тен Р.М. Ирменовтың пайдасына 979 700 теңге өндіру туралы Орал қаласының №2 сотының шешімі заңды күшіне енгендіктен сақтандыру жағдайын жазып қою туралы жүгінулері жолданғаны анықталды.
Бұл жүгінулерге жауапкермен 22.08.2014 жылы шығыс №13/1492/1 және 16.10.2014 жылы шығыс №13/1771 санды хаттармен сақтандыру жағдайын танып, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартылған. АК-тың 839-бабының 7,8 тармақтарына сәйкес сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және ол бас тартудың дәлелдi негiздерiмен жазбаша нысанда сақтанушыға хабарланады.
Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргізуден бас тартуына сақтанушы сотқа шағымдануы мүмкін. Талапкермен сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы жауапкердің шешімі шағымдалмаған, сол себепті сот істі талапкермен мәлімденген талаптар шегінде қарады.
Сонымен қатар, 19.03.2014 жылғы шешімде сақтандыру жағдайының пайда болуы көрсетілмеген, шешімде үшінші тұлға «СК «Amanat Insurance» АҚ-ның өкілі талапты қанағаттандыруға қарсы болып, сақтандырушының сақтанушының талаптарымен келіспейтіндігі көрсетілген.
Бұл шешім апелляциялық сатыда қаралмаған. Сондай-ақ, АІЖК-ның 167-бабына сәйкес сот істі сот талқылауына дайындық кезінде істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар талаптармен жағдайларды анықтауы қажет еді.
Еңбек қабілеттілігін жоғалтуға әкеліп соқтарған жазатайым оқиға сақтандыру келісімінің әрекет ету уақытында болғандықтан сақтандырушы келісіммен келісілген сомма шегінде сақтандыру төлемақысын төлеуге міндетті.
18.06.2012 жылы «Казкоммерц-Life ӨСК» АҚ және З.О.Отызбаева арасында 2014 жылдың 15 шілдесіне дейін қарыз алушының жазатайым оқиғадан №L324003369325 сақтандыру келісімі жасалған. Сонымен қатар, сақтандыру соммасы 300000 теңге ескерілген.
29 сәуір 2013 жылы талапкердің жұмысқа бағытталу кезінде жол көлігінде жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде талапкер ауыр жарақатпен Облыстық медициналық орталыққа түсті. Медициналық қорытынды нәтижесімен екінші топатағы мүгедектігі анықталды.
Талапкерге екінші топ мүгедектігі 14.10.2014 жылы анықталған, ал сақтандыру келісімінің әрекеті 15.07.2014 жылы аяқталды деп сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемақысын төлеуден бас тартқан. Қызылорда қалалық сотының 16 шілде 2014 жылғы шешімімен З.О. Отызбаеваның жауапкер «Казкоммерц-Life ӨСК» АҚ-ға қарсы берген 300 000 теңге сақтандыру төлемақысын өтеуге міндеттеу туралы талабы толығымен қанағаттандырылды.
Бірінші инстанциялы сот өз дәлелін келесідей негіздеді, сақтандыру келісімінің мерзімі өткендіктен мүгедектіктің пайда болуына байланысты сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту негізі заңмен көзделмеген, жазатайым оқиға сақтандыру келісімінің әрекет ету кезінде 29 сәуір 2013 жылы болған және еңбек қабілеттілігін жоғалту Келісімнің әрекет ету мерзімінде жалғастырылған.
Сақтандыру келісімінің 2-бабы 2.1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес сақтандыру келісімінің әрекет ету кезеңінде жазатайым оқиға нәтижесінде пайда болған бірінші және екінші топтағы мүгедектіктің анықталуына байланысты сақтанушының еңбек қабілеттілігін жоғалту сақтандыру жағдайы болып табылады.
Сақтандыру қызметі туралы ҚР Заңының 7-бабы 3-тармағына сәйкес Жазатайым жағдайдан сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
Жазатайым жағдай дегеніміз - адамның ерік-жігеріне қарамастан басталған, сақтандырылушының организміне сырттан оның денсаулығына зиян келуіне, мертігуіне не өліміне әкеліп соққан механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсер етуі салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзімді оқиға (жағдай).
Сонымен қатар, «Казкоммерц- Life ӨСК» АҚ-мен өңделген жазатайым оқиғалармен аурулардан сақтандыру Ережесінде сақтанушының денсаулығына зардап келтірген жазатайым оқиға кезінде сақтандыру төлемақысы қарастырылған. Осыған байланысты мүгедектік тобын анықтау міндетті емес.
Бір меншік иесіне тиесіле екі автокөлікке қатысты сақтандыру жағдайы болған уақытта үшінші тұлғаларға келтірілген зардаптың болмауына байланысты сақтандыру төлемақысы өндірілмейді.
Бір меншік иесіне тиесіле екі автокөлікке қатысты сақтандыру жағдайы болған уақытта үшінші тұлғаларға келтірілген зардаптың болмауына байланысты сақтандыру төлемақысы өндірілмейді.
Сонымен, талапкер талаптарын автокөлік иесі ретінде өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі «НОМАД Иншуранс» СК АҚ-да сақтандырылғанын уәждемелеп, талап арызбен сотқа жүгінді. 26.08.2014ж. М.А.Утивлиновтың жүргізуіндегі автобус маркасы ПАЗ-32054 м/н 302 AF 04 және К.Т.Беккожиннің жүргізуіндегі автобус маркасы Xmi6105j12c м/н 130 AD 04 араларында ЖКО болды.
09.09.2014ж. № 3/11427 әкімшілік соттың қаулысымен ЖКО болуына кінәлі болып жүргізуші М.А.Утивлинов танылды. Бағалау кесімі бойынша қалпына келтіру жұмыстарының соммасы 111 741 тенге мөлшерін құрады. Алайда жауапкер сақтандыру соммасын төлеуден бас тартты, өйткені соқтығысқан екі автокөлік «Ақтөбе қ. жолаушы автокөліктік кәсіпорыны» ЖШС-не тиесілі. Әр автобус иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі бөлек сақтандырылған болғандықтан, сақтандыру соммасын 111 741 теңге мөлшерінде өндіруді талап етеді.
Талапкер меншік құқығында ПАЗ-32054 м/н 302 AF 04 және Xmi6105j12c м/н 130 AD 04 маркалы автокөліктерге ие екендігі сотпен анықталды. Көрсетілген автокөлік құралдарының иесі ретінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігі «НОМАД Иншуранс» СК АҚ-да стандартты келісім түрде сақтандырылған.
Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысынан 26.08.2014ж. 09 саған 45 минутта Ақтөбе қаласында Некрасов көшесінің бойында ПАЗ-32054 м/н 302 AF 04 автокөлігінің жүргізушісі М.А.Утивлинов қозғалысқа кедергі және қауіп пайда болған жағдайда, жылдамдығын толық тоқтағанға дейін азайтуға шара қолданбағандықтан К.Т.Беккожиннің жүргізуіндегі Xmi6105j12c м/н 130 AD 04 автокөлігімен соқтығыс болуына жол бергені көрінеді.
Бағалауға сәйкес залал 111 741 теңгені құрады. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңының 11-бабы 5-тармағы, 3-бабы, 4-бөлігі 1- тармағына сәйкес стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан есептеледі.
Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады. Көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
Тараптар арасында стандартты келісім шарты жасасқан болғандықтан, ЖКО салдарынан «Ақтөбе қаласының жолаушы автокөліктік кәсіпорыны» ЖШСне тиесілі екі автокөлік зардап шеккендіктен және үшінші тұлғаларға зиянның келтірілмегендігінен, сот талап арызды негізсіз және қанағаттандырылуға жатпайды деп есептеді.
Сақтандыру туралы және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп,
Қазақастан Республикасының Азаматтық кодексімен (әрі қарай АК, нақтыласақ 40 тараудың 803-845 баптарымен), Азаматтық іс жүргізу кодексімен (әрі қарай АІЖК) Қазақстан Республикасының төменде аталған заңдарымен реттеледі:
- 2000 жылғы 18 желтоқсанындағы № 126 «Сақтандыру қызмету туралы»;
- 2003 жылғы 25 сәуіріндегі № 405 «Міндетті әлеуметтік сақтандыруы туралы»;
- 2003 жылдың 03 маусымындағы № 423 «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы»;
- 2003 жылғы 11 маусымындағы № 435 «Жекеше нотариустардың азаматтыққұқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы»;
- 2003 жылғы 13 маусымындағы № 440 «Аудиторлық ұйымдардың азаматтыққұқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы»;
- 2003 жылғы 01 шілдесіндегі № 444 «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы»;
- 2003 жылғы 01 шілдесіндегі № 446 «Көлік құралдары иелерінің азаматтыққұқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы»;
- 2003 жылғы 31 желтоқсанындағы № 513 «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы»;
- 2004 жылғы 10 наурызындағы № 533 «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы»;
- 2004 жылғы 07 шілдесіндегі № 580 «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы»;
- 2005 жылғы 07 ақпанындағы № 30-ІІІ ЗРК «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы»;
- 2005 жылғы 13 желтоқсанындағы № 93 «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы»;
- 2006 жылғы 05 шілдесіндегі № 163 «Өз ара сақтандыру туралы» ж.т.б.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы