Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Кредит беру туралы шартты бұзу және ортақ түрде несие берешекті өндіру туралы

Кредит беру туралы шартты бұзу және ортақ түрде несие берешекті өндіру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Кредит беру туралы шартты бұзу және ортақ түрде несие берешекті өндіру туралы

Талап қоюшы «Е» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (бұдан әрі – Корпорация) жауапкерлер «Н-2020» ЖШС-ға (бұдан әрі – Серіктестік), С.-ға, Г.-ға, К.-ге, Ж.-ға, Д.-ға: - Корпорация мен Серіктестіктің арасындағы 2013 жылғы 20 желтоқсанда жасалған № 153/ДКПК кредит беру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) бұзу және ортақ түрде 6 423 946 теңге несие берешекті өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотының 2018 жылғы 1 қазандағы шешімімен талап қою арызы ішінара қанағаттандырылған. Шарт бұзылып Корпорация пайдасына Серіктестіктің және жауапкерлерден: - бірлескен ортақ түрде 5 002 899 теңге; - мемлекет пайдасына үлесті түрде 150 087 мемлекеттік баж өндірілген. Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 14 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген. Сот актісінің жауапкерлер С.-дан, Г.-дан, Ж.-дан, Д.-дан ортақ түрде қарызды өндіру туралы бөлігінің күші жойылып, жауапкерлерге қатысты ортақ түрде қарызды өндіру туралы талаптардан бас тартылған. Корпорацияның пайдасына Серіктестіктен және К.-дан 663 912 теңге өндірілген. Серіктестіктен және К.-ден мемлекет пайдасына үлесті түрде 19 917 теңге мемлекеттік баж әрқайсысынан 9 958 теңгеден өндірілген. Шешімнің өсімпұл өндіруден бас тартқан бөлігінің сома мөлшері 1 387 126 теңгеден 1 587 126 теңгеге дейін ұлғайтылған. Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Жауапкер К. өзінің өтінішхатында осы іс бойынша қабылданған апелляциялық сот алқасының қаулысымен келіспейтіндігін және соттың тұжырымдары істің мән-жайына, материалдық және процестік құқық нормаларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, қаулыны өзгертіп, өзіне қатысты қарыз сомасын азайтуды сұраған. Корпорация өзінің қарсы пікірінде апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаттың негізсіз екенін көрсетіп, оны қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Сот алқасы іс бойынша К.-нің, А.-ның өтінішхатты қолдаған түсініктерін, Корпорация өкілінің қарсы пікірін тыңдап, істі апелляциялық сатыдағы сотқа қайта қарауға жолдау қажеттілігі туралы прокурордың қорытындысын тыңдап, өтінішхаттың уәждерін талқылай отырып, іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

Кредит беру туралы шартты бұзу және ортақ түрде несие берешекті өндіру туралы

Сотта анықталғандай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Аталған бағдарлама жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыруға, жұмыссыздықты қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жәрдемдесуге бағытталған. «Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен өңірлерде уәкілетті ұйым - Корпорация кұрылған. Корпорация өзінің қарсы пікірінде апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаттың негізсіз екенін көрсетіп, оны қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Шарттың 1.1-бөлігіне сәйкес Серіктестікке жылдық сыйақы мөлшері 5,64 жылдық пайызбен 5 жыл мерзімге, яғни 2018 жылғы 15 маусымға дейін жалпы сомасы 9 800 000 теңге несие берілген. Серіктестіктің жарғысына сай оның құрылтайшылары - жеке тұлғалар А. С., Г., К., Ж. және Д. болып бекітілген. Құрылтайшылардың шешімімен Серіктестіктің төрағасы болып А. тағайындалған. Шарттың талаптары орындалмаған не тиісті түрде орындалмаған жағдайда жауапкерлер Серіктестіктің құрылтайшылары ретінде барлық мүліктерімен ортақ түрде Корпорацияның алдында жауап беру туралы кепілдік шарттарына келісімдерін берген (бұдан әрі – Кепілшарттар). Бірінші сатыдағы сот Серіктестік тарапынан несие шарты бойынша белгіленген міндеттемелер ішінара орындалғанын, несие берілген көлемде және мерзімде толық қайтарылмағанын ескере отырып, шарттың бұзылуға жататыны және шарт бойынша кепілшартқа қол қойған жауапкерлер міндеттемелерді орындамағаны үшін ортақ тәртіппен жауап береді деген тұжырымға келген. Апелляциялық сот алқасы жауапкерлер С., Г., Ж. және Д.-лардан Серіктестіктен алған несие сомаларын толық қайтарғанын негізге алып, олар ортақ жауапкершіліктен босатылуы тиіс деген қорытындыға келген. Сонымен қатар К. тарапынан несие қарыз сомасы толық төленбегендіктен, ол ортақ жауапкершіліктен босатылуға жатпайды деп тұжырымдаған. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 412-бабының талаптарына сәйкес апелляциялық шағым прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және АПК-нің 413-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.

Апелляциялық сот алқасының тұжырымдары іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дұрыс анықталмауының материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуының негізінде жасалған. Жауапкерлердің кепілшарттар бойынша алған міндеттемелері ортақтасқан деп танылады. Өз кезегінде бұл міндеттемелер Серіктестіктің Корпорацияның алдында шартта көзделген талаптарын тиісті түрде орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 287-бабының 3-тармағында көрсетілген борышкерлер ортақтасып мiндеттi болған жағдайда несие берушi барлық борышкерлерден де, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенiн де, оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышкерлердің бiрiнен толық қанағаттанбаған несие берушi алынбағанды ортақтас борышкерлердің қалғандарынан талап етуге құқылы. Борышкерлердің бiрiншi ортақтастық мiндеттi толық орындауы қалған борышкерлерді несие берушi үшiн орындаудан босатады. Аталған материалдық құқық нормасының мазмұны мен мағынасына сәйкес ортақтас борышкерлер мiндеттеме толық орындалғанға дейiн мiндеттi болып қала бередi. Яғни, апелляциялық сот алқасының жауапкерлер С.-ны, Г.-ны, Ж.-ны және Д.-ны ортақтас жауапкершіліктен босатуы, сонымен қатар К. тарапынан несие қарыз сомасы толық төленбегендіктен, ол ортақтас жауапкершіліктен босатылуға жатпайды деген тұжырымдары заңға қарама -қайшы болып табылады. Алайда апелляциялық сот алқасы істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар бұл мән-жайға тиісті құқықтық баға бермеген.  Сонымен қатар іс материалдарынан анықталғандай, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотының 2018 жылғы 23 қазандағы үкімімен (бұдан әрі – Сот үкімі) Серіктестіктің құрылтайшысы мен директоры А. Корпорацияның шарт бойынша сеніп берілген мүлкін талан-таражға салғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы, үшінші бөлігінің 1) тармағымен сотталған. АПК-нің 1 - бабының үшінші бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасы азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейтіні көзделген. АПК-нің 4-бабына сәйкес азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария - құқықтық қатын астарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

АК-нің 336-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, кепiлдiк және кепiлгерлік өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменiң тоқтатылуымен бiрге, егер шартта кепiлдiкті тоқтатудың өзге де жағдайлары көзделмесе, сондай-ақ осы мiндеттеме кепiл мен кепiлгердің жауапкершiлiгiн соңғылардың келiсiмiнсiз арттыруға немесе өзге де теріс салдарларға алып келмейтіндей болып өзгерген жағдайда тоқтатылады. Апелляциялық сот алқасы жауапкерлерден Корпорацияның пайдасына өндіруге жататын несие берешегінің нақты сомасын анықтамаған. Істің мұндай тұрғысында, сот алқасы өтінішхатта көрсетілген мән - жайлар өз дәлелін тапты деп санайды. Апелляциялық сот алқасының жіберген кемшіліктері елеулі болып табылады, өйткені бұл кемшіліктер істің дұрыс шешілмеуіне әкеп соққан. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жойып, азаматтық істі Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына судьялардың басқа құрамында жаңадан қарауға жолдады. К.-нің өтінішхаты ішінара қанағаттандырылды.   

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

13-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты өзгерту және бұзу Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

13-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты өзгерту және бұзуТұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы 1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа...

Толық оқу »

Келісімді (мәмілені) жасау, өзгерту, бұзу және сақтандыру келісімі бойынша келісім міндеттемелерін орындаумен, соның ішінде сақтандыру төлемақысын өндірумен байланысты даулар

Келісімді (мәмілені) жасау, өзгерту, бұзу және сақтандыру келісімі бойынша келісім міндеттемелерін орындаумен, соның ішінде сақтандыру төлемақысын өндірумен байланысты даулар...

Толық оқу »

Құрылысқа үлестік қатысу шарттарын жасау, оны орындау, өзгерту және бұзуға байланысты даулар

Құрылысқа үлестік қатысу шарттарын жасау, оны орындау, өзгерту және бұзуға байланысты даулар Тұрғын үй салуға үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есе...

Толық оқу »

Тұрғын үйді жалдау және көшіру шартын бұзу туралы талапқа кері қайтарып алу бланкісіАлматы қаласының № 2 Әуезов аудандық сотынасудьяға ...........Алматы қ., 050062, Қуанышбаев...

Толық оқу »

112-бап. Сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және бұзу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

112-бап. Сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және бұзуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартын соттың жарамсыз деп тануына:    ...

Толық оқу »

612-бап. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

612-бап. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Несие берушi тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды несие алушы: 1) мүлiктi шартқа...

Толық оқу »

477-бап. Шарт бұзылған жағдайда залалды есептеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

477-бап. Шарт бұзылған жағдайда залалды есептеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер сатушының мiндеттеменi бұзуы салдарынан шарт бұзылғаннан кейiн сатып алушы...

Толық оқу »

Бөлшек сатып алу-сату шартын бұзу және төленген соманы қайтару туралы

Бөлшек сатып алу-сату шартын бұзу және төленген соманы қайтару туралыСоттылық.Бөлшек сатып алу-сату шартын бұзу және төленген соманы қайтару туралы талап сатушы-ұйымның орнала...

Толық оқу »

Кепіл шартын бұзу және кепіл сомасын екі есе мөлшерде өндіріп алу туралы шешімге апелляциялық шағымға кері қайтарып алу

Кепіл шартын бұзу және кепіл сомасын екі есе мөлшерде өндіріп алу туралы шешімге апелляциялық шағымға кері қайтарып алуАлматы қаласы бойынша апелляциялық сот алқасынаАлматы қ....

Толық оқу »

Кепіл шартын бұзу және соманы өндіріп алу туралы талап қою бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтініш

Кепіл шартын бұзу және соманы өндіріп алу туралы талап қою бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішАлматы қаласы Түрксіб аудандық сотынаАлматы қ., 050000, Спарт...

Толық оқу »

Шартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады және шарт оны орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда өзгертілген немесе бұзылған болып есептеледі

Шартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады және шарт оны орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда өзгертілген немесе бұзылған болып есептеледіС.2011 ж...

Толық оқу »

Тауар берілгеннен кейін ұзақ уақыт өткен соң берілген шартты бұзу туралы талап арызды сот қанағаттандырудан бас тартты

Тауар берілгеннен кейін ұзақ уақыт өткен соң берілген шартты бұзу туралы талап арызды сот қанағаттандырудан бас тарттыТалапкер М.Д. жауапкер О.Н.-ға қарсы шартты бұзу және 6 3...

Толық оқу »

Мүліктік жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап-арыздар бойынша

Мүліктік жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап-арыздар бойыншаАІЖК-нің 104-бабы 1-бөлігінің 10) тармақшасына сәйкес мүліктік жалдау (жалдау) шартын мерзімінен бұрын...

Толық оқу »

Жылжымайтын мүлікті сатып алу сату шартын бұзу туралы сотқа дейінгі талап

Жылжымайтын мүлікті сатып алу сату шартын бұзу туралы сотқа дейінгі талапНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және...

Толық оқу »

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартын бұзу және көшіру туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкісі

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартын бұзу және көшіру туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкісіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің на...

Толық оқу »

490-бап. Шартты өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

490-бап. Шартты өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Абоненттiң энергетикалық қондырғыларының мемлекеттiк энергетикалық қадағалау органы куәландырғ...

Толық оқу »

Серіктестік директорына жүйелерге техникалық қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарлама

Серіктестік директорына жүйелерге техникалық қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарлама"P L" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорынаП А. А.БСН 0500...

Толық оқу »

556-бап. Тараптардың бiреуiнiң талап етуi бойынша мүліктік жалдау шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

556-бап. Тараптардың бiреуiнiң талап етуi бойынша мүліктік жалдау шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Тараптардың біреуiнiң талап етуi бойы...

Толық оқу »

31-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын өзгерту және бұзу  Автомобиль көлiгi туралы Заңы

31-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын өзгерту және бұзуАвтомобиль көлiгi туралы Заңы      Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты өзгерген немесе бұзылған жағдайда тарапт...

Толық оқу »