Некені бұзу туралы даулар бойнша талапты негізсіз қайтару
Апелляциялық сатыдағы сот 2021 жылғы 28 қыркүйекте Ю.Ш.-ның некені бұзу туралы Б.А.-ға қойған талабына қатысты іс бойынша Ақтөбе қаласы № 3 сотының 2021 жылғы 21 шілдедегі ұйғарымының күшін жойған.Жауапкердің некені бұзудан жалтаруының дәлелдемесі ретінде талапқоюға тіркеуші органның жауапкердің некені бұзу үшін АХАТ органдарына бірнеше рет келмегені туралы хабарламасы, сондай-ақ, Б.А.-ның ажырасуға үзілді-кесілді келіспейтіні көрсетілген нотариалды куәландырылған арызықоса берілген.
Талапкер дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтаудың жеткілікті дәлелдемелерін ұсынғанына қарамастан, бірінші сатыдағы сот АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сілтеме жасай отырып, талап қоюды негізсіз қайтарған.Кодекстің 17-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес егер ерлі-зайыптылардың біреуін қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.Осы норманы қолдану соттарда қиындықтар туғызбайды, алайда,материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбау жағдайлары да бар. Қарағанды облысы, Сәтпаев қалалық сотының 2021 жылғы 25 наурыздағы шешімімен Б.М.-ның некені бұзу туралы Б.А.-ға қойған талабы қанағаттандырылды. Іс материалдарынан тараптардың кәмелетке толмаған екі баласы бар екендігі, жауапкер қылмыс жасағаны үшін 2018 жылғы 19 қазаннан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде жазасын өтей отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталғаны туындайды.Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы сот шешімінің күшін жоя отырып, 2021 жылғы 28 маусымдағы қаулысында Кодекстің 17-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес осы іс бойынша тараптар арасындағы неке тіркеуші органдарда бұзылуға тиіс екенін көрсетті.АПК-нің 277-бабы 1) тармақшасының негізінде істің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Б.М.-ге тіркеуші органға некені бұзу туралы арыз беру құқығы түсіндірілді.
Соттардың практикасында АПК-нің 277-бабының 1) тармақшасы негізінде некені бұзу туралы іс бойынша іс жүргізуді негізсіз тоқтату орын алған.
Мәселен, М.И. жауапкердің некені бұзуға қарсылығы жоқтығына қарамастан, тіркеуші органға келмей жүргенін көрсетіп, Ч.Т.-ға некені бұзу туралы қойған талабымен жүгінді.
Апелляциялық сатыдағы сот өзгеріссіз қалдырған Павлодар қалалық сотының 2021 жылғы 19 наурыздағы ұйғарымымен іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешілуге жатпайтындықтан, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, соттар Кодекстің 238-бабына сәйкес кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік талаптар қоймайтын тараптар арасындағы некені бұзу тіркеуші органда шешілетіндігімен уәждеген.Ал Кодекстің 19-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарғанжағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.
Жоғарғы Сот жергілікті соттар іс бойынша іс жүргізуді негізсіз тоқтатып, М.И.-дың сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығынан айырғанын көрсетіп, істі мәні бойынша қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жібере отырып, жергілікті соттардың ұйғарымдарының күшін жойды. Соттар некені бұзу туралы талап қоюды қарау азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатынын ескермеген.
Қорыту барысында талап қоюшылар тіркеуші органға жүгінбей,құқықтарын теріс пайдалана отырып, құны елеусіз мүлікті бөлу бойынша даудың бар екенін көрсетіп, істі сотта қарауды сұрағанфактілер анықталды. Соттар мұндай талап қоюларды қарау үшінқабылдауға міндетті.
Мысал: 2022 жылы Өскемен қалалық сотына Г.Н.-нің некені бұзу және бірлесіп жинаған мүлікті бөлу туралы Ц.А.-ға қойған талабы түсті. Тараптардың ортақ балалары жоқ, некелік қатынастары тоқтаған. Талапқоюшы құны 79 000 теңге тұратын бірлесіп жинаған мүлкі – ұялы телефонбар екенін көрсетіп, оны бөлуді және некені сот тәртібімен бұзуды сұраған.Соттың 2022 жылғы 26 мамырдағы шешімімен талап қанағаттандырылды, неке бұзылды және ұялы телефонды жауапкердеқалдыру және талапкердің пайдасына ½ құнын, яғни 39 500 теңгені өндіріп алу жолымен мүлік бөлінді.
Басқа жағдайларда, істі қарау кезінде талап қоюшылар мүлікті бөлу бөлігінде талап қоюдан бас тартады, бірақ сотта некені бұзуды талап етеді.
Мәселен, Талдықорған қалалық сотының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы ұйғарымымен Т.З.-ның некені бұзу және бірлесіп жинаған мүлікті бөлу туралы Т.Т.-ға қойған талабы қараусыз қалды.Даудың мән-жайлары бойынша тараптар 1996 жылдан бастап тіркелген некеде тұрады, неке қатынастары іс жүзінде тоқтатылған, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ, жауапкер некені ерікті түрде тіркеуші органда бұзудан бас тартады.
Сот талап қоюды іс жүргізуге қабылдаған, өйткені талап қоюшыбірлесіп сатып алынған мүлікті (тұрмыстық техниканы) бөлуді көрсеткен.Кейіннен талап қоюшының арызы бойынша мүлікті бөлу бөлігінде талап қою қараусыз қалдырылды, бұл тараптар арасында мүліктік даудың жоқтығын куәландырады, ал талап қоюшы жауапкердің некені тіркеуші органда бұзудан жалтарғанына және оның аталған органға келу қажеттігі туралы тиісті хабардар етілгеніне дәлелдемелерді ұсынбағандықтан, талапқою дауды соттан тыс тәртіппен реттеу үшін қараусыз қалдырылған.
Мұндай жағдайда талап қоюды қараусыз қалдырудың негізділігі күмән тудырады, өйткені некені бұзу туралы талап қоюды беру кезінде мүлік жөнінде дау болды, мемлекеттік баж төленді, бәрі ресми түрде Кодекске сәйкес келеді және некені бұзу туралы талап қоюды қараусыз қалдыруға негіз жоқ, талап қоюшы соттан тыс тәртіпті сақтамауы керек еді, өйткені некені бұзу туралы талап қою мүліктік дау болған кезде тиісті түрде берілген.
Істерді зерделеу көрсеткендей, талап қоюшылар мүліктік даудың болуы туралы талап қоюда дауды сотта тез және үнемді шешу мақсатын (мерзімдері, мемлекеттік баж) көздей отырып, тіркеуші органдарға жүгінуден қашады. Кодекстің 17-бабының 1-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке (ерлі-зайыптылық) бұзылатын болады.Мүлікті бөлу – ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары, ал некені бұзу – жеке мүліктік емес құқықтар болғандықтан, кәмелетке толмаған балалар болмаған кезде некедегі жағдай мен некені тоқтату тек ерлі-зайыптылардың құқықтарын қозғайды, сондықтан оларды жүзеге асыру мүмкіндігі неке кезінде пайда болған ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтарымен байланысты болмауы тиіс. Оның үстіне, мүлікті бөлу неке бұзылғаннан кейін де жүзеге асырылуы мүмкін және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде де мұндай дау орын алуы мүмкін, бірақ бұл ретте Кодекс мүлікті бөлу туралы талап қою құқығын және мұндай бөлу мүмкіндігін тек сот тәртібімен, некені бұзу туралы талап қоюмен байланыстырмайды. Сондықтан мүліктік талаптарболған кезде тіркеуші органның некені бұзу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Осыған байланысты Кодекске 17-баптың 1-тармағынан «және бірбіріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде» деген сөздерді алып тастау, сондай-ақ 19-баптың 2-тармағының 4) тармақшасын алып тастау жолымен өзгерістер енгізу қажет.Статистикалық деректерді талдау талап қоюшылардың ерлізайыптыларда кәмелетке толмаған балалары және мүліктік даулары болмаған кезде некені бұзу туралы дауды реттеудің соттан тыс тәртібісақталмауына байланысты, оның ішінде, бұған дейін талап қоюларды судьялар осы негіздер бойынша қайтарған кезде, сол талап қоюшыдан талап қоюдың бірнеше мәрте келіп түсуіне байланысты қайтарылған талап қоюлар санының ұлғайғанын көрсетті.
Мәселен, Ж.Г.-ның некені бұзу туралы Ж.Л.-ға қойған талабы Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотына алғаш рет 2021 жылғы 27 мамырда келіп түсті, осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды сотқа дейінгі немесе соттан тыс реттеу тәртібінің сақталмауына байланысты АПКнің 152-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасы негізінде қайтарылды және осы тәртіпті қолдануға мүмкіндік бар. Осы талап қою 2021 жылғы 19 шілдеде сотқа қайта келіп түсті, сол негіздер бойынша қайтарылды. Үшінші рет талап қою сотқа 2021 жылғы 5 тамызда түсті және АПК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасы негізінде қайтарылды.
Ұқсас мысалдар басқа соттарда да бар.Нормативтік қаулының 2-тармағына сәйкес некені бұзу туралы талап қоюға неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлiктiң түпнұсқасы, балалардың туу туралы куәліктердiң көшiрмелерi, еңбекақы және ерлiзайыптылардың кiрiс әкелетiн басқа да табыс көздерi туралы құжаттар, басқа да қажеттi құжаттар қоса тiркеледi. Талап қою арызы электрондық форматта берілген кезде неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің түпнұсқасы сотқа талап қою арызы соттың іс жүргізуіне қабылданғанға дейін ұсынылуы тиіс. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда арыз қайтарылуға жатады.
Жоғарыда келтірілген норманы талдау судьяның талап қоюды сот ісін жүргізуге қабылдау кезінде некені бұзу туралы талап қоюдың нысаны мен мазмұны бойынша АПК талаптарына сәйкестігін тексеруге және заңнамада көзделген барлық құжаттардың өтінішке қоса тіркелгеніне көз жеткізуге міндетті екенін көрсетеді. Кері жағдайда мұндай өтініш АПК-нің 152-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен 152-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сілтеме жасай отырып қайтарылуға тиіс. Мысал: А.А. некені бұзу туралы Г.Ж.-ға қойған талабымен сотқажүгінді.
Атырау қалалық сотының 2022 жылғы 21 ақпандағы ұйғарымымен неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы ұсынылмауына байланысты талап қою барлық қоса берілген құжаттармен қайтарылды.Соттардың неке қию туралы куәліктің түпнұсқасын ұсынбау негіздері бойынша талап қоюдан бас тарту туралы шешім шығару фактілері орын алады, ал осы құжатты ұсынбаудың өзі мәлімделген талап қоюдың негізсіздігін куәландыра алмайды.Мәселен, Ақтөбе қаласы сотының 2021 жылғы 9 қарашадағы шешімімен Қ.З-ның некені бұзу туралы жауапкер Н.М.-ге қойған талабын қанағаттандырудан бас тартылды. Шешімнің мазмұнынан талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту үшін неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің түпнұсқасының ұсынылмауы негіз болып табылғаны туындайды.
Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің түпнұсқасы ұсынылмауына байланысты ғана талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту заңсыз болып табылады, өйткені сот мәлімделген талап негізсіз болған жағдайда Кодексте көзделген негіздер бойынша да талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта алады.
Осы іс бойынша істі сот талқылауына дайындау тәртібімен судья неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің түпнұсқасын талап етуі тиіс еді.АПК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес егер талап қою осы Кодекстің 148-бабының, 149-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының, 1-1-бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса, судья талап қоюды қайтарады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Некені бұзу туралы істер бойынша сот практикасын ҚОРЫТУ
22 рет жүктеп алынды