295-1-бап. Арнайы инвестициялық келiсiмшартты жасасу және бұзу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі - Алынып тасталд Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 215-VIII ҚРЗ
1. Арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруді көздейтін шарт арнайы инвестициялық келісімшарт болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті орган арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік арнайы инвестициялық келісімшарттың ережелерін ескере отырып, арнайы инвестициялық келісімшартты қол қою үшін дайындайды.
3. Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
4. Арнайы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзімімен айқындалады.
5. Тараптардың келісімі бойынша арнайы инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде арнайы инвестициялық келісімшартты жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген кедендік баждардың сомаларын төлемейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы