240-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір айлық мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді.
Мерзімді есептеу өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі.
Бір айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, олар тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тағы бір айлық мерзім тағайындайды.
Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішті қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмаған кезде, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға оның нотариат куәландырған келісімі болғанда жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы