112-8-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күші жойылғаннан немесе бітімгершілік келісім бұзылғаннан кейін банкроттық рәсімін қолдану Оңалту және банкроттық туралы Заңы
1. Соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымы негізінде тоқтатылған банкроттық рәсімі:
1) соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымының күші жойылған;
2) сот бітімгершілік келісімді бұзу туралы шешім шығарған жағдайларда қозғауға жатады.
2. Соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы немесе бітімгершілік келісімді бұзу туралы ұйғарымының күшін жою туралы шешім қабылдаған сот сот актісінде банкроттық рәсімін қозғау туралы көрсетуге міндетті.
3. Банкроттық рәсімі осы Заңның 6-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Уақытша басқарушы банкроттық рәсімін қозғау туралы сот актісі шығарылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ.
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы