140-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Сотталғандардың ұзақтығы мынадай:
1) жазаны өтеудің қатаң жағдайларында – бір сағат;
2) жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында – бір жарым сағат;
3) жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларында – екі сағат күнделікті серуендеуге құқығы бар.
2. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесу және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
3. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, жеті айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде бір сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесу алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы