138-1-бап. Әйелдерді ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты жеті айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде бес қысқа мерзімді және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде сегіз сауқат немесе сәлемдеме және сегіз бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде алты қысқа мерзімді және алты ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
3. Жазасын жеңiлдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде он сауқат немесе сәлемдеме және он бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде жеті ұзақ мерзімді кездесу, саны шектеусіз қысқа мерзімді кездесулер алуға құқылы.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты төрт айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;
2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
3) бір жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi кездесу алуға;
4) күн сайын ұзақтығы екі сағат сейілдеуді пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау