Қасақана банкроттық Жосықсыз борышкер
Заңның 6-бабында әдейі банкроттыққа кінәлі деп танылған құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам кредиторлар алдында өздеріне тиесілі мүлікпен субсидиарлық жауаптылықта болады.
Әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп екі және одан көп адам танылған жағдайда, мұндай адамдар ортақ жауаптылықта болады.
Мұндай адамдарды жауаптылыққа тарту және сомаларды өндіріп алу туралы талап қоюлар банкроттық рәсім кезеңінде де, ол аяқталғаннан кейін де сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін.
Сот практикасын талдау көрсеткендей, борышкерлердің жалған кәсіпкерлік қызметпен айналысуына байланысты туындаған салық берешегі бар сотқа жүгіну жағдайлары жиілеп кетті, атап айтқанда жалған шот-фактуралар немесе заңдардың бұзылуына байланысты тіркеуі/қайта тіркеуі жарамсыз деп танылған кәсіпкерлік субъектілерімен өзара есеп айырысу.
Борышкерді банкрот деп тану контрагенттерге салық хабарламаларын ұсынуға әкеп соқпайды, бұл тиісінше елдің экономикалық қауіпсіздігіне әсер етеді.
Мұндай істерді қарау кезінде сот аталған берешектің туындау себептеріне құқықтық баға беруі қажеттігі және мұндай борышкерді банкрот деп тану борышкердің заң алдындағы жауаптылықтан құтылуына ықпал еті жөнінде сұрақ туындайды.
Практика көрсеткендей, борышкер мен оның лауазымды адамдарының жосықсыз әрекеттері жағдайында оның қызметінің нәтижелері туралы қаржылық ақпарат алу мүмкін емес. Салық органдарында тиісті ақпарат бола бермейді. Қаржылық-экономикалық шешімдерді қабылдауға негіз бола алатын талдау үшін ақпарат көздері жоқ. Бұл ретте, ресми құқықтық әрекеттер тиісті экономикалық негіздемесіз жүргізіледі.
Мүліктің меншік иелерінің, заңды тұлғалардың құрылтайшыларының (қатысушыларының), атқарушы органының заңды тұлғада қаражат жеткіліксіз болған кезде, егер олардың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) заңды тұлғаны банкроттыққа жеткізу белгілері байқалса, оларды әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ кредиторлар алдындағы жауапкершілігін көздеу мүмкін болады.
Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін ұзақ уақыт бойы орындамауы салдарынан салықтық және басқа да кредиторлық берешек туындайтын жағдайлар кездеседі, бұл ретте кәсіпорын осы кезеңде қаржы-шаруашылық қызметінен кіріс алады, аталған берешек осыдан туындайды.
Банкроттық рәсім аяқталғаннан кейін және банкротты өтелмеген кредиторлық берешектен босатқаннан кейін кәсіпорын заңды тұлғалар тізілімінен шығарылады. Содан кейін бұрынғы құрылтайшылар (қатысушылар) шаруашылық қызметі жаңадан басталатын жаңа заңды тұлға құрады, бұл ретте олар олардың бұрынғы кәсіпорны банкроттыққа әкеп соқтырған кәсіпкерлік қызмет үшін ешқандай жауаптылықта болмайды.
Ұсыныстар:
- қаралатын мәселелер бойынша стандарттарды әзірлеу және қабылдау;
- кәсіпорынды банкроттыққа әкелген басқару әрекеттерін анықтау үшін басшылардың тиісті қызметінің өлшемшарттарының жүйесін белгілеу;
- салық органдарын салық төлеушілердің туындаған салық берешегінің аражігін ажыратуға міндеттеу және мұндай борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тартқаннан кейін осындай мүмкіндік бере отырып, заңсыз кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындаған берешек болған кезде банкроттыққа бастамашылық етуге тыйым салу.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020-2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылғы 1-жартыжылдықта соттар қараған істер бойынша оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот практикасына қорыту
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот практикасын ҚОРЫТУ
8 рет жүктеп алынды