84-бап. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі Оңалту және банкроттық туралы Заңы
1. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі тоғыз айды құрайды және оны кредиторлар жиналысы осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде екі жылға дейін ұзартуы мүмкін.
Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін осындай рәсімді жүргізудің жалпы мерзімі бес жылдан аспауға тиіс екені ескеріліп, қайта ұзартуға жол беріледі.
Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі қайта ұзартылған жағдайда банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы және қайта ұзарту мерзімінен кейін есепке жазылған басқа да әкімшілік шығыстар осындай ұзартуға дауыс берген кредиторлардың қаражаты есебінен олардың кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптарының сомасына пропорционал төленеді.
Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
2. Мыналар:
1) соттың іс жүргізуінде борышкер мен оның кредиторларының мүліктік мүдделерін қозғайтын істің болуы;
2) банкроттың пайдасына немесе мүддесі үшін берілген атқарушылық құжат бойынша іс жүргізудің атқаруда болуы және (немесе) өткізілмеген мүліктің болуы;
3) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) қорытынды есепті бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттілігі;
5) уәкілетті орган анықтаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттілігі банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау