Оңалту және банкроттық туралы даулар бойынша нормативтік құқықтық актілер
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК).
3) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК).
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі).
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік кодексі.
6) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі.
7) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Экологиялық кодексі.
8) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Заңы (бұдан әрі – Заң).
9) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңы.
10) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заңы.
11) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.
12) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы.
13) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ Заңы.
14) «Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 5 нормативтік қаулысы (бұдан әрі – НҚ).
15) «Жоқ болған заңды тұлғалар мен жоқ болған борышкерді, сонымен қатар өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 5 нормативтік қаулысы.
16) «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 2 қазандағы № 5 нормативтік қаулысы.
17) «Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысы.
18) «Қаржылық орнықтылық коэффициенттерін есептеу және сыныптардың шекараларын айқындау қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 372 бұйрығы.
19) «Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 426 бұйрығы.
Бұдан басқа, материалдық құқық нормаларына жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты банкроттық рәсімдерін қолдану ерекшеліктерін белгілейтін өзге де заңдар мен нормативтік құқықтық актілер жатады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 10 және 12-баптарына сәйкес кодекстер заңдарға қарағанда жоғары заңдық күшке ие болады; әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде жоғары деңгейдегі акт нормалары қолданылады.
Банкроттық туралы заңнамада регламенттелген рәсімдер (сонымен қатар өзгерістерге ұшыраған) жалғасып жатқан болып табылады, олардың әр кезеңінде оңалту рәсімі мен банкроттық рәсіміне қатысушылар арасында жаңа құқықтық қатынастар туындауы мүмкін және туындайды.
АК-нің 4-бабында, «Құқықтық актілер туралы» Заңның 43-бабында көзделген жалпы ереже бойынша нормативтік құқықтық актілер олар қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020-2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылғы 1-жартыжылдықта соттар қараған істер бойынша оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот практикасына қорыту
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот практикасын ҚОРЫТУ
4 рет жүктеп алынды