28-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешім Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы
1. Сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешімді осы Заңның 24-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы басқарушысының қорытындысын ескере отырып қабылдайды.
2. Соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешімінде:
1) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде қаржы басқарушысының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын ұсынатыны;
2) осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көзделген салдардың сақталатыны туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы