Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабына түсініктеме. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабына түсініктеме. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабына түсініктеме. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау

1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы болған кезде сот әрбір құқық бұзушылық үшін негізгі және қосымша жазаны жеке-жеке тағайындап, түпкілікті жазаны неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру немесе тағайындалған жазаларды толық не ішінара қосу арқылы айқындайды.

2. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы тек қылмыстық теріс қылықтардан тұрса, түпкілікті жаза неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру не жазаларды ішінара немесе толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте айыппұл түріндегі түпкілікті жаза мөлшері төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен, ал қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамаққа алу түріндегі жазаның түпкілікті мерзімі тиісінше төрт жүз сағаттан немесе елу тәуліктен аспауға тиіс.

Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына тек қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар кірсе, түпкілікті жаза неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру арқылы тағайындалады.

3. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына ауыр немесе аса ауыр қылмыс кірсе, түпкілікті жаза неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру немесе жазаларды ішінара не толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма жылдан аспауға тиіс.

4. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына осы Кодексте жасалғаны үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген кемінде бір аса ауыр қылмыс кірсе, түпкілікті жаза жазаларды ішінара немесе толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспауға тиіс.

Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына осы Кодексте жасалғаны үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген кемінде бір аса ауыр қылмыс, сондай-ақ жасалғаны үшін айыппұл тағайындалған қылмыстық теріс қылық кірсе, түпкілікті жаза неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру арқылы тағайындалады.

Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалса, түпкілікті жаза тиісінше өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түрінде тағайындалады.

5. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты құрайтын құқық бұзушылықтар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін. Жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде түпкілікті қосымша жаза осы Кодекстің Жалпы бөлігінде жазаның осы түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімнен немесе мөлшерден аспауға тиіс.

6. Егер іс бойынша сот үкімі шығарылғаннан кейін сотталған адамның бірінші іс бойынша үкім шығарылғанға дейін жасаған басқа да қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі екені анықталса, жаза осы баптың қағидалары бойынша тағайындалады. Бұл жағдайда жазаның түпкілікті мерзіміне бірінші сот үкімі бойынша өтелген жаза есепке жатқызылады.

ҚК-нің 13-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы деп ҚК-нің әртүрлі баптарында немесе бір бабының әртүрлі бөліктерінде көзделген, олардың ешқайсысы үшін адам сотталмаған немесе заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп іс-әрекетті жасау танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы болған кезде, егер осы іс-әрекеттердің белгілері неғұрлым қатаң жаза көздейтін ҚК-нің бір бабының немесе бап бөлігінің нормасымен қамтылмаса, адам жасаған әрбір іс-әрекеті үшін ҚК-нің тиісті бабы немесе бап бөлімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Осылайша, жиынтық екі немесе одан да көп қылмыстық құқық бұзушылықтан тұрады және олардың әрқайсысына қатысты жаза тағайындау мәселесі шешілуге тиіс. Сондықтан, мысалы, істі қарау кезінде қылмыстық жауаптылықтан қандай да бір негіздер бойынша босату мәселесі шешілген қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚК-нің 65, 66, 67, 68, 70, 71-баптары) қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына кіре алмайды.

ҚК Ерекше бөлігінің баптарында оларды жасау неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғатын мән-жай ретінде көзделген екі немесе одан да көп қылмыс қылмыстар жиынтығын құрамайды. Басқаша айтқанда, қылмыс құрамдарының заңнамалық бәсекелестігіне сәйкес екі дербес құрам біртұтас күрделі қылмысқа біріктірілген жағдайларда да қылмыстар жиынтығы болмайды. Мысалы, адамды ұрлау (ҚК-нің 125-бабы) және абайсызда өлімге әкеп соғу (ҚК-нің 104-бабы) жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеп соққан адамды ұрлау (ҚК-нің 125-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы) деген бір қылмысты құрауы мүмкін. Сондай-ақ ҚК Ерекше бөлігінің бір бабында көзделген іс-әрекет осы баптың әртүрлі бөліктерінде көзделген түрлі саралаушы белгілермен сипатталса да, қылмыстар жиынтығы болмайды. Сондықтан, мысалы, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде жасалған қарақшылық қылмыстар жиынтығы ретінде емес, ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген біртұтас қылмыс ретінде сараланады. Алайда мұндай іс-әрекет бірыңғай пиғылмен біріктірілмей, әртүрлі уақытта және т.б. жасалған жағдайда қылмыстар жиынтығын құрауы мүмкін. Сондықтан адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қарақшылық, одан кейін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен және аса ірі мөлшерде жасалған тағы бір қарақшылық қылмысын жасау қылмыстар жиынтығын құрайды.

Егер екі іс-әрекет біртұтас қылмыстық құқық бұзушылықты құрауы мүмкін болса, онда бір әрекет (әрекетсіздік) ҚК-нің екі немесе одан да көп бабында көзделген қылмыстардың белгілерін қамтыған жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығын құрауы мүмкін. Мәселен, автомашинаны жару арқылы жасалған адам өлтіру ҚК-нің 99 және 202-баптарында көзделген қылмыстар жиынтығын құрайды. Мұндай шешім ҚК-нің 13-бабының 2-бөлігінің мазмұнынан туындайды, онда қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы деп ҚК-нің екі немесе одан да көп бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілерін қамтитын бір әрекеттің (әрекетсіздіктің) де танылатыны айтылған. Мұндай жиынтық кезінде, егер бір іс-әрекеттің белгілері басқа іс-әрекет үшін неғұрлым қатаң жаза көздейтін ҚК бабының нормасымен қамтылмаса, адам жасаған әрбір іс-әрекеті үшін ҚК-нің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Осылайша, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы — әрқайсысы бойынша сот шешімін қабылдау қажет болатын бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық деп қорытынды жасауға болады. Мұндай шешімді қабылдау тәртібі мен қағидалары ҚК-нің 58-бабының нормаларымен реттеледі.

Егер адам ҚК-нің әртүрлі баптарында немесе бір баптың әртүрлі бөліктерінде көзделген, олардың ешқайсысы үшін сотталмаған екі немесе одан да көп қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылса, сот әрбір қылмыстық құқық бұзушылық үшін негізгі, ал қажетті жағдайларда қосымша жазаны жеке-жеке тағайындап, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру не тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу арқылы айқындайды (ҚК-нің 58-бабының 1-бөлігі). Осылайша, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау процесінің өзіндік ерекшеліктері бар және ол екі кезеңнен тұрады:

- жиынтыққа кіретін қылмыстық құқық бұзушылықтардың әрқайсысы үшін жеке-жеке жаза тағайындау;

- қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті жаза тағайындау.

Жаза тағайындаудың көрсетілген тәртібі кассациялық сатыда үкімді қайта қарау кезінде негіздер болған жағдайда жекелеген қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындалған жазаны жеңілдетуге немесе оны үкімнен мүлдем алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл жекелеген қылмыс бойынша рақымшылық немесе кешірім жасау кезінде де маңызды. Бұдан басқа, заң жекелеген қылмыстық құқық бұзушылық үшін жаза тағайындаумен бірқатар құқықтық салдарды байланыстырады. Мысалы, қылмыстардың қайталануының болуын анықтау (ҚК-нің 14-бабы), бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған кезде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінің түрін белгілеу (ҚК-нің 46-бабы) және т.б.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті жаза неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру қағидаты, сондай-ақ әрбір қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу арқылы жүзеге асырылады.

Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы тек қылмыстық теріс қылықтардан тұрса, түпкілікті жаза неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру арқылы да, жазаларды ішінара немесе толық қосу арқылы да тағайындалады. Бұл ретте жазаларды ішінара немесе толық қосу қағидаларын қолданған кезде қылмыстық теріс қылықтар жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін айыппұл, қоғамдық жұмыстар және қамаққа алу сияқты жазалардың шекті мөлшері мен мерзімдері белгіленеді.

Бұл ретте айыппұл түріндегі түпкілікті жаза мөлшері төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен, ал қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамаққа алу түріндегі жазаның түпкілікті мерзімі тиісінше төрт жүз сағаттан немесе елу тәуліктен аспауға тиіс.

Бұл қағидалар қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар кіретін жағдайларда қолданылмайды. Мұндай жиынтық кезінде түпкілікті жаза тек неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру арқылы тағайындалады (ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігі). Мысалы, адам ҚК-нің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қорқытып алушылық, сондай-ақ ҚК-нің 228-бабының 1-бөлігі бойынша бағалы қағаздармен операциялар жүргізу қағидаларын бұзу қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылды делік. Сот оған ҚК-нің 194-бабының 1-бөлігі бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза, ал ҚК-нің 228-бабының 1-бөлігі бойынша елу тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза тағайындайды. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті жаза неғұрлым жеңіл жаза — қамаққа алуды неғұрлым қатаң жаза — 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасымен сіңіру арқылы тағайындалуға тиіс.

«Бір неғұрлым жеңіл жазаны басқа неғұрлым қатаң жазамен сіңіру қағидатын қолданған кезде, — делінген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 14-тармағында, — соттар жазалардың қатаңдық дәрежесі ҚК-нің 40-бабында көрсетілген ретпен айқындалатынын ескеруге тиіс».

Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына ауыр немесе аса ауыр қылмыс кірсе, түпкілікті жаза неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру немесе жазаларды ішінара не толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма жылдан аспауға тиіс (ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі).

Сіңіру қағидатын қолданған кезде сот кінәлі адамның іс-әрекеттері сараланған ҚК Ерекше бөлігінің баптарының санкцияларын емес, әрбір жасалған қылмыс үшін осы санкциялар шегінде нақты тағайындалған жазаларды назарға алады. Бұл ретте неғұрлым жеңіл жаза неғұрлым қатаң жазамен сіңіріледі. Мәселен, егер сот адамға ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігі бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыру, ал ҚК-нің 249-бабының 1-бөлігі бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаса, онда 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі неғұрлым қатаң жаза 5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі неғұрлым жеңіл жазаны сіңіреді және қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде айқындалады. «Бір неғұрлым жеңіл жазаны басқа неғұрлым қатаң жазамен сіңіру қағидатын қолданған кезде, — делінген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 14-тармағында, — соттар жазалардың қатаңдық дәрежесі ҚК-нің 40-бабында көрсетілген ретпен айқындалатынын ескеруге тиіс».

Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына ҚК-де жасалғаны үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген кемінде бір аса ауыр қылмыс кірсе, өзгеше тәртіп белгіленеді. Бұл жағдайда түпкілікті жаза жазаларды ішінара немесе толық қосу арқылы тағайындалады, бұл ретте бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспауға тиіс (ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігі).

ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің 3-бөліктен айырмашылығы мынада. Біріншіден, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына ауыр немесе аса ауыр қылмыс кіреді. Бұл ретте бас бостандығынан айырудың нақты болжамды мерзімі көрсетілмейді, ал ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына ҚК-де жасалғаны үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген кемінде бір аса ауыр қылмыс кіретіні тікелей көрсетілген. Демек, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына кіретін аса ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыру мерзімі жиырма жылдан аз болуға тиіс. Екіншіден, айырмашылық бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны түпкілікті айқындау қағидаттарында. ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі бойынша түпкілікті жаза неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру немесе жазаларды ішінара не толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма жылдан аспауға тиіс. 3-бөліктен айырмашылығы, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінде жазаны түпкілікті айқындау кезінде жазаларды ішінара немесе толық қосу қағидаты қолданылады, яғни ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінде көзделген неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру қағидаты қолданылмайды. Бұл ретте түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспауға тиіс (ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінде, жоғарыда атап өтілгендей, — жиырма жылдан).

Егер жиынтықты ҚК-де жасалғаны үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген кемінде бір аса ауыр қылмыс, сондай-ақ жасалғаны үшін айыппұл тағайындалатын қылмыстық теріс қылық құраса, заң шығарушы мәселені шешудің өзге қағидасын ұсынады. Мұндай жиынтық кезінде түпкілікті жаза неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру арқылы тағайындалады.

Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалса, түпкілікті жаза тиісінше өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түрінде тағайындалады.

Жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін тағайындалған жазаларды қосу толық немесе ішінара болуы мүмкін, алайда кез келген жағдайда қосу кезінде түпкілікті жаза жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтардың әрқайсысы үшін тағайындалған жазалардың кез келгенінен неғұрлым қатаң болуға тиіс. Толық қосу кезінде жиынтық бойынша түпкілікті жаза қосылатын жазалардың сомасына тең болады. Жазаларды ішінара қосу кезінде неғұрлым қатаң жазаға басқа қылмыстық құқық бұзушылық үшін белгіленген жазаның бір бөлігі қосылады. Мысалы, сот ҚК-нің 132-бабының 2-бөлігі бойынша алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, ал ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі бойынша екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған жағдайда, түпкілікті жаза алты жылдан артық, бірақ сегіз жыл шегінде бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалуы мүмкін.

Жазаларды қосу кезінде түпкілікті мерзім заңда белгіленген белгілі бір шектермен (ҚК-нің 41–46, 50, 51-баптары) шектеледі. Бұл ретте оларды қосу кезіндегі түпкілікті жаза жазаның осы түрі үшін көзделген ең жоғары мерзімнен немесе мөлшерден аспауға тиіс. Мысалы, бас бостандығын шектеудің ең жоғары мерзімі осы жазаны қосу кезінде жеті жылдан, қылмыстық теріс қылықтар үшін қоғамдық жұмыстарға тарту — 200 сағаттан, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін — 1200 сағаттан аспауға тиіс.

Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті жаза бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, ол ҚК-нің Жалпы бөлігінде жазаның осы түрі үшін көзделген ең жоғары мерзімнен немесе мөлшерден аспауға тиіс. Мысалы, қылмыстық теріс қылықтар үшін айыппұл жиырмадан екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі шекте, қылмыстар үшін — екі жүзден он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе еселенген мөлшерде қосылады; қылмыстық теріс қылықтар үшін түзеу жұмыстары — жиырмадан екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі шекте, қылмыстар үшін — екі жүзден он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде; қоғамдық жұмыстарға тарту қылмыстық теріс қылықтар үшін — жиырмадан екі жүз сағатқа дейінгі шекте; онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін — екі жүзден бір мың екі жүз сағатқа дейінгі шекте; бас бостандығын шектеу — алты айдан жеті жылға дейінгі мерзімге; белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру — бір жылдан он жылға дейінгі мерзімге; шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу — бес жылға дейінгі мерзімге; қамаққа алу — оннан он бес тәулікке дейінгі мерзімге тағайындалады.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды қосу кезінде түпкілікті жаза жиырма жыл шегінде тағайындалуы мүмкін. Егер қылмыстар жиынтығына жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген кемінде бір аса ауыр қылмыс кірсе, түпкілікті жаза жазаларды ішінара немесе толық қосу арқылы тағайындалады. Бұл ретте бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 14-тармағында былай делінген: «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде соттар неғұрлым жеңіл жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру немесе жазаларды толық не ішінара қосу түріндегі заңда көзделген қағидаттар үкімде уәжделуге тиіс екенін ескеруге міндетті.

...Жиынтыққа кіретін әрбір қылмыстық құқық бұзушылық үшін бірдей түрдегі жаза тағайындалған кезде олардың ішіндегі ең қатаңы болып мерзімі немесе мөлшері көбірек жаза есептеледі. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін түрі мен мөлшері бірдей жазалар тағайындалса, бір жазаны екіншісімен сіңіру арқылы түпкілікті жаза айқындауға тек олар қылмыстық заңның тиісті баптары санкцияларының ең жоғары шегінде тағайындалған жағдайларда ғана жол беріледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы кезінде негізгі және қосымша жазалар әрбір қылмыстық құқық бұзушылық үшін жеке-жеке тағайындалуға тиіс, ҚК-нің 50-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қосымша жаза тағайындау кезінде де осылай әрекет ету қажет, содан кейін ҚК-нің 58-бабына сәйкес түпкілікті жаза тағайындалады. Толық қосу кезінде жазалардың мерзімдері мен мөлшерлері ҚК-нің 61-бабының талаптарына сәйкес жинақталады. Жазаларды ішінара қосу кезінде неғұрлым қатаң жазаға неғұрлым жеңіл жазаның бір бөлігі қосылады. Жинақталған жазаның мерзімдері мен мөлшерлері ҚК-нің 58-бабында белгіленген шектерден аспауға тиіс. Егер жиынтықты құрайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін әртүрлі қосымша жазалар тағайындалса, онда олардың тиісті мөлшерлері мен мерзімдері көрсетіле отырып, үкімде жазылып, түпкілікті жаза тағайындалған кезде ескерілуге тиіс.

Жазаларды қосу немесе сіңіру қағидатын қолдану туралы мәселені шешкен кезде соттар осындай қағидаттардың бірін таңдау барысында әрбір нақты жағдайда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипатын, қоғамдық қауіптілік дәрежесін және мән-жайларын, кінәлі адамның жеке басы туралы мәліметтерді және жаза тағайындауға әсер ететін басқа да фактілерді ескеруге тиіс».

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін. Жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде түпкілікті қосымша жаза ҚК-нің Жалпы бөлігінде жазаның осы түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімнен немесе мөлшерден аспауға тиіс (ҚК-нің 58-бабының 5-бөлігі).

Сот тәжірибесінде үкім шығарылғаннан кейін кінәлі адамның үкім шығарылғанға дейін тағы бір қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталатын жағдайлар кездеседі, сол үшін ол кейінірек сотталады. Мұндай жағдайда екі үкім бойынша жаза ҚК-нің 60-бабының «Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау» қағидалары бойынша емес, түсіндіріліп отырған баптың, яғни ҚК-нің 58-бабының қағидалары бойынша тағайындалады. Бұл жағдайда жазаның түпкілікті мерзіміне бірінші үкім бойынша өтелген жаза есепке жатқызылады. Мәселен, ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігінде, егер іс бойынша сот үкімі шығарылғаннан кейін сотталған адамның бірінші іс бойынша үкім шығарылғанға дейін жасаған басқа да қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі екені анықталса, жаза осы баптың қағидалары бойынша тағайындалатыны айтылған. Бұл жағдайда жазаның түпкілікті мерзіміне бірінші сот үкімі бойынша өтелген жаза есепке жатқызылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 15-тармағында мынадай түсініктеме берілген: «Соттар ҚК-нің 58-бабының алтыншы бөлігі негізінде үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті жаза бірінші үкім бойынша тағайындалған жазадан төмен болмауға тиіс екенін ескеруге тиіс, өйткені мұндай жағдайларда жазаларды сіңіру немесе қосу кезінде олардың өтелмеген бөлігінен емес, бірінші үкім бойынша тағайындалған бүкіл жазаның мөлшерінен шығу қажет.

Егер үкім шығарылғаннан кейін сотталған адамның басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны анықталса, олардың кейбірі үкім шығарылғанға дейін, ал басқалары үкім шығарылғаннан кейін жасалған болса, екінші үкім бойынша жаза ҚК-нің 58 және 60-баптарын да қолдану арқылы айқындалады: алдымен бірінші үкім шығарылғанға дейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша жаза айқындалады, содан кейін ҚК-нің 58-бабының алтыншы бөлігінің қағидалары қолданылады, одан соң бірінші үкім шығарылғаннан кейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша жаза айқындалып, түпкілікті жаза үкімдердің жиынтығы бойынша белгіленеді».

Бұрынғы соттылықтардың санын анықтау кезінде соттар ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігі негізінде қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті жаза айқындала отырып, бірінші іс бойынша үкім шығарылғанға дейін жасалған қылмыстар үшін соттылықтар бір соттылық ретінде есептелетінін ескеруге тиіс.

Егер адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ ол заңды күшіне енгенге дейін жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот оған ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігінің қағидаларына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындайды.

Сот үкімімен (қаулысымен) жазадан босатылған адам, бұл ретте бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылуына байланысты қамауда болған мерзіміне қарамастан, ҚК-нің 79-бабының 2-бөлігіне сәйкес жазадан босатылғаны туралы сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап соттылығы жоқ деп есептеледі.

Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты ҚК-нің 77-бабына сәйкес жазасын өтеуден босатылған; шартты түрде сотталған (ҚК-нің 63-бабы) және пробациялық бақылау мерзімі өткен; үкімнің орындалуы кейінге қалдырылып сотталған (ҚК-нің 74-бабы) және кейінге қалдыру мерзімі өткеннен кейін, егер адам жазасын өтеуден босатылған болса, сондай-ақ ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босатылған (ҚК-нің 76-бабының 1-бөлігі) адамдар бұрын бас бостандығынан айыруға сотталған болып есептелмейді.

Сот үкімі бойынша тағайындалған жаза (түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу және т.б.) ҚК-нің 42-бабының 3-бөлігінде және 45-бабының 2-бөлігінде көзделген негіздер бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдар бас бостандығынан айыруға сотталғандар ретінде қарастырылмайды.

Адам бұрынғы үкім шығарылғанға дейін жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін сотталған кезде бұрынғы үкім бойынша өтелген жазаның бүкіл мерзімі есепке жатқызылады. ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігі және 60-бабы негізінде тағайындалған жазаны өтеу мерзімі соңғы үкім шығарылған күннен бастап есептеледі, бұл ретте соңғы іс бойынша бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау немесе ұстап алу түрінде сотқа дейін қамауда болған уақыт есепке жатқызылады.

Аяқталмаған қылмыс үшін бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, оны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда бас бостандығынан айырумен ауыстырылса, бұл жазаның мерзімі мен мөлшері ҚК-нің 56-бабында белгіленген шектерден аспауға тиіс.

Түсіндіріліп отырған бапта белгіленген қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидалары кәмелетке толмағандарға да қолданылады. Айырмашылығы — белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза қосылған кезде кәмелетке толмағандарға қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады; айыппұл — тек кәмелетке толмаған сотталған адамның өз бетінше табысы немесе өндіріп алуға болатын мүлкі болған жағдайда ғана — жүз айлық есептік көрсеткішке дейін; түзеу жұмыстары өз бетінше табысы немесе өзге де тұрақты кірісі бар кәмелетке толмағандарға — жүз айлық есептік көрсеткішке дейін; қоғамдық жұмыстарға тарту — жетпіс бес сағатқа дейін, бас бостандығын шектеу — екі жылға дейін, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеумен ауыстырған жағдайда — жазаның қалған бөлігінің бүкіл мерзіміне; бас бостандығынан айыру — он жылдан аспайтын мерзімге, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалған адам өлтіру немесе терроризм актісі үшін не қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығының бірі ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалған адам өлтіру немесе терроризм актісі болып табылған жағдайда — он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады.

Егер бірінші сатыдағы сот қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде әрбір қылмыс үшін тағайындалған жазаларды ішінара қосу қағидатын қолданса, үкімдерге, қаулыларға берілген шағымдар мен өтінішхаттарды, наразылықтарды қарайтын соттар, тіпті осы сот сатылары жиынтыққа кіретін бір немесе бірнеше қылмыс үшін жазаны жеңілдеткен жағдайлардың өзінде де, жазаларды толық қосу қағидатын қолдануға құқылы емес.

Егер сотталған адамның жағдайын нашарлатпай және оның қорғану құқығын бұзбайтын болса, іс-әрекетті бір баптан қылмыстық заңның неғұрлым жеңіл қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бірнеше бабына қайта саралаған кезде, үкім мен қаулыларға берілген шағымдар мен өтінішхаттарды, наразылықтарды қарайтын соттар жаза тағайындау мәселесін шешкен кезде ҚК-нің 58-бабының қағидаларын қолданады. Бұл ретте түпкілікті жаза үкіммен тағайындалған жазадан қатаң болмауға тиіс.

Егер адам қайталанушылықты құрайтын екі немесе одан да көп қылмыс жасаған болса, бірақ бірінші сатыдағы сот оларды екі немесе одан да көп бап (бап бөліктері) бойынша қате саралап, іс-әрекетке бір бап бойынша дұрыс құқықтық баға беріп, ал кейбір іс-әрекеттерді неғұрлым ауыр қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бір бап бойынша қате саралаған жағдайда, үкімдер мен қаулыларға берілген шағымдар мен өтінішхаттарды, наразылықтарды қарайтын сот тиісті қылмыстық әрекеттерді неғұрлым жеңіл қылмыс туралы бапқа қайта саралап, оның санкциясы шегінде бірінші сатыдағы сот осы бап бойынша тағайындаған жазадан неғұрлым қатаң жаза белгілеуге құқылы, алайда үкіммен тағайындалған жазаның түпкілікті мөлшерінен аспауға тиіс.

Үкімдер мен қаулыларға берілген шағымдар мен өтінішхаттарды, наразылықтарды қарайтын соттар, егер ол үкіммен тағайындалмаған болса, қылмысты оны міндетті түрде қолдануды көздейтін заң бабына қайта саралаған жағдайда да қосымша жаза тағайындауға құқылы емес. Егер белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалған кезде үкімде лауазымдар немесе қызмет түрлері нақтыланбаған не дәл көрсетілмеген болса, егер бұл ретте сотталған адамның жағдайы нашарламаса, жоғары тұрған сот осы қосымша жазаның күшін жоюға немесе үкімге тиісті нақтылаулар енгізуге құқылы.

Үкімнің күші жойылғаннан кейін істі жаңадан қарау кезінде сот, егер бастапқы үкімде ол тағайындалмаған болса, қылмыстық құқық бұзушылық туралы сол бап бойынша қосымша жаза тағайындай алмайды. Бұған жаза жеңілдігіне байланысты немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттілігіне байланысты үкімнің күші жойылған жағдайлар кірмейді.

**Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері Исидор Шамилұлы Борчашвилидің авторлығымен.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

58-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

58-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы кезiнде сот әрб...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы....

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 57-бабына. Қатысушылықпен жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 57-бабына. Қатысушылықпен жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау туралы түсініктеме1. Қатысушылықпен жасалған қылмыс үшін жаза тағайы...

Толық оқу »

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушының бұрынғы соттылықтары жойылғанын дұрыс анықтағанымен, оған жаза өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс тағайындамаған

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушының бұрынғы соттылықтары жойылғанын дұрыс анықтағанымен, оған жаза өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс таға...

Толық оқу »

Жаза тағайындау Сот жаза тағайындағанда айыптау актісінде көрсетілмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескеріп, сотталғанның жағдайын нашарлатқан

Жаза тағайындау Сот жаза тағайындағанда айыптау актісінде көрсетілмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескеріп, сотталғанның жағдайын нашарлатқанМаңғ...

Толық оқу »

Жаза тағайындау ауырлататын жағдайды негізсіз мойындау әділ жаза тағайындауға әсер етті

Жаза тағайындау ауырлататын жағдайды негізсіз мойындау әділ жаза тағайындауға әсер еттіАлматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2011 жыл...

Толық оқу »

Жаза тағайындау қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың тізбесі

Жаза тағайындау қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың тізбесіБатыс Қазақстан облысы Теректі аудандық сотының 2016 жылғы 23 мамырдағы үкімімен бұрын соттал...

Толық оқу »

Жаза тағайындау қылмыстық заң аса ауыр қылмыстар жасаған кезде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауға тыйым салмайды

Жаза тағайындау қылмыстық заң аса ауыр қылмыстар жасаған кезде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауға тыйым салмайдыҚостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ма...

Толық оқу »

82-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

82-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңКәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезiнде, осы Кодекстiң 52-бабында...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 56-бабына түсініктеме. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 56-бабына түсініктеме. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау1. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде қылмыстың соңына д...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 57-бабына түсініктеме. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықпен жасалғаны үшін жаза тағайындау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 57-бабына түсініктеме. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылықпен жасалғаны үшін жаза тағайындау1. Сыбайлас қатысушылықпен...

Толық оқу »

Жаза тағайындау сот ҚК-нің 60-бабының негізінде сотталған адамға жаза шарасын айқындау кезінде алдыңғы үкім бойынша өтелген мерзімді дұрыс есептемеген, сондай-ақ мүлікті тәркілеуді негізсіз тағайындаған, осыған байланысты сот актілері өзгертілген

Жаза тағайындау сот ҚК-нің 60-бабының негізінде сотталған адамға жаза шарасын айқындау кезінде алдыңғы үкім бойынша өтелген мерзімді дұрыс есептемеген, сондай-ақ мүлікті тәркі...

Толық оқу »

97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейiн жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан ке...

Толық оқу »

57-бап. Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

57-бап. Сыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңСыбайлас қатысып жасалған қылмыстық құқық бұ...

Толық оқу »

60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңЕгер сотталған адам үкiм шығарылғаннан кейiн, бiрақ жазаны толық өтегенге...

Толық оқу »

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушыға жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды дұрыс ескермеген

Жаза тағайындау Бірінші сатыдағы сот сотталушыға жаза тағайындағанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды дұрыс ескермегенШымкент қаласы Қаратау аудандық с...

Толық оқу »

Жаза тағайындау үкімдердің жиынтығы бойынша қосымша жаза мен жаза тағайындау кезінде соттың заңды бұзуы сот актілерінің өзгеруіне әкелді

Жаза тағайындау үкімдердің жиынтығы бойынша қосымша жаза мен жаза тағайындау кезінде соттың заңды бұзуы сот актілерінің өзгеруіне әкелдіАқмола облысының қылмыстық істер жөнінд...

Толық оқу »

56-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК аяқталмаған қылмысы үшін жаза тағайындау

56-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК аяқталмаған қылмысы үшін жаза тағайындау 1. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде қылмыстың...

Толық оқу »

58-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау

58-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау 1. Қылмыстар жиынтығында сот әр қылмыс үшін жазаны (негізгі...

Толық оқу »

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК үкімдерінің жиынтығы бойынша жаза тағайындау

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК үкімдерінің жиынтығы бойынша жаза тағайындау 1. Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жа...

Толық оқу »

80-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағанына жаза тағайындау

80-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағанына жаза тағайындау 1. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде, осы Кодекс...

Толық оқу »

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау

59-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстарының қайталануы кезінде жаза тағайындау 1. Қылмыстардың қайталануы, қауіпті қайталануы немесе...

Толық оқу »

94-бабына түсініктеме. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейін жаза тағайындауnn Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің

94-бабына түсініктеме. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейін жаза тағайындауnnҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің1. Қылмыс жасағаннан кейін неме...

Толық оқу »

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде мән-жайлардың себебiнен қы...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау кінәні шын жүректен мойындау, жасаған ісіне өкіну

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау кінәні шын жүректен мойындау, жасаған ісіне өкінуЖаза тағайындау статистикалық деректерді талдау соттар негізінен сотталған...

Толық оқу »

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

59-бап. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыстардың қайталануы немесе қылм...

87-бап. Кәмелетке толмағандарға жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

87-бап. Кәмелетке толмағандарға жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасағаны үшін бас бостан...

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 59-бабына түсініктеме. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 59-бабына түсініктеме. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындауҚылмыстардың қайталануы неме...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабына түсініктеме. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабына түсініктеме. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау1. Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны тол...

Толық оқу »

97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейiн жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан ке...

Толық оқу »

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК үкімдерінің жиынтығы бойынша жаза тағайындау

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК үкімдерінің жиынтығы бойынша жаза тағайындау 1. Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жа...

Толық оқу »

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде мән-жайлардың себебiнен қы...

Толық оқу »

Жаза тағайындау үкімдердің жиынтығы бойынша қосымша жаза мен жаза тағайындау кезінде соттың заңды бұзуы сот актілерінің өзгеруіне әкелді

Жаза тағайындау үкімдердің жиынтығы бойынша қосымша жаза мен жаза тағайындау кезінде соттың заңды бұзуы сот актілерінің өзгеруіне әкелдіАқмола облысының қылмыстық істер жөнінд...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 82-бабына түсініктеме. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 82-бабына түсініктеме. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау1. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде осы Кодекстің...

Толық оқу »