⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы сотқа жүгіну негіздері Оңалту және банкроттық туралы Заңы

5-бап. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы сотқа жүгіну негіздері Оңалту және банкроттық туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 5-бап. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы сотқа жүгіну негіздері Оңалту және банкроттық туралы Заңы 

      1. Борышкердің орнықты төлем қабілетсіздігі оның өзін банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады. 

      Егер борышкердің міндеттемелері сотқа өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басына, сондай-ақ егер борышкер өтінішті күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында берген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басына оның мүлкінің құнынан асып кетсе, төлем қабілетсіздігі орнықты болып табылады. 

      2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, заңды күшіне енген сот актісі немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжат негізінде борышкердің кредитор алдындағы орындалмаған ақшалай міндеттемесі не борышкердің борышын мойындауы кредитордың борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады. 

      Борышкердің салықтық берешек сомасын, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасы қабылданғаннан кейін өтемеуі кредитордың салықтық және кедендік төлемдер бойынша борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ. 

      Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы