101-бап. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша ерiктi түрде қайта құрылуы және таратылуы мүмкiн.
Өндiрiстiк кооперативтi қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi осы Кодексте және басқа заң құжаттарында белгiленедi.
2. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң бiрауызды шешiмi бойынша шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылуы мүмкiн.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы