25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
1. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында қайта ұйымдастыру осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру (бұдан әрі – микроқаржы ұйымын банкке айналдыру) деп осы Заңда және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес банк мәртебесін алу және қызметті жүзеге асыру мақсатында микроқаржы ұйымының қызметін өзгертуге бағытталған іс-шаралар кешені түсініледі.
Акционерлік қоғам нысанында қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары ғана микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға жатады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нәтижесінде құрылған банк оның барлық құқықтары (талаптары) мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
3. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру шеңберінде микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы ол мақұлдаған есеп негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы