146-бап. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану салдарларын жоюды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану салдарларын жою объектіні пайдалануды тоқтату кезінде осындай объектінің операторы болып табылған тұлғаның есебінен жүргізіледі.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда объектінің операторы қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану салдарларын жою жөніндегі өз міндеттемелерінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді беруге міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді беру объектінің операторын қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы